Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет16/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Байланысты:
лекция МПИ

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6

  4. Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО–1990 №6

Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002
Лекция №8 Мектептегі информатика курсы түсінігін қалыптастыру
Жоспары

  1. Оқыту әдістері

  2. Демонстрация, лабораториялық (фронтальды-жаппай) жұмыс, жеке практикум.

Алға қойған, анықталған мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде анықталады.
Оқу мен оқыту, үйрену мен үйрету өзара бірлікте қатар жүретін процестер. Информатикада оқыту (үйрету) әдістері мен формаларына ерекше мән беріледі. Жалпы алғанда, оқыту әдістері оқушыларға информатикалық білім берудің, іскерлік пен дағды қалыптастырудың белгілі бір жүйесі десек, оқыту әдістеріне мұғалімнің үйретуші кеңесі, әңгімесі, дәрісі, түсіндіруі, жаттығу кезінде өзіндік жұмысты басқаруы жатады.
Оқушының компьютерде жұмыс істеу барысында мұғалімнен тәуелсіз болуы, өз бетінше білім алуы ешқашан аяқталмайтын құбылыс және ол информатика курсының мақсаттарына енеді. Компьютерде жұмыс істеп отырған оқушы өзіне жеке мақсат қойып, өзбетінше жұмыс істейді. Мұғалім оқушыға жағдай жасап, оның әрекетін басқару мақсатында жұмыс жүргізеді.
Оқыту әдістерін басқаша түрде жіктеуге де болады. Дәстүрлі әдістер информацияны қабылдау тәсілдеріне байланысты сөздік шолу және практикалық әдістер болып бөлінсе, жіктелу барысында білім алу тәсілдері (теория және практика); кері байланыс орнату тәсілдері (бақылау, өзін-өзі бақылау); оқушылардың ойлау операциялары (логикалық аспект) енеді.
Оқыту әдістері оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған мұғалімнің әрекетін қамтиды. Осы мәселелерге сүйене отырып, оқыту әдістерін оқыту мазмұны арқылы бірнеше топқа жіктеуге болады:

  • әлем туралы білім;

  • іс-әрекет тәсілдерін жүзеге асыру тәжірибелері;

  • шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі;

  • сезімдік-құндылық қатынас тәжірибесі.

Оқытудың дәстүрлі формаларына оқу процесін ұйымдастыру тәсілдері жатады. Олар ең алдымен сынып-сабақ, сынып-топ, лабораториялық-сабақ, практикалық-сабақ секілді жалпы формалар. Информатика сабақтарының дидактикалық ерекшелігіне байланысты сабақтар:

  • демонстрациялық;

  • лабораториялық жұмыс;

  • жеке практикум түріне бөлінеді.

Демонстрация. Компьютердегі орындалатын әрекеттерді мұғалімнің түсіндірмей-ақ оқушыларға демонстрациялап көрсетуі. Компилятордың программадағы қатенің орнын көрсетуі де демонстрациялау болып табылады. Оқушы өз әрекетінің нәтижесін мұғалімге, жолдастарына демонстрациялап көрсете алады. Демонстрациялық сабақтың дидактикалық функциясы -оқушыларға жаңа оқу мазмұнынан мағлұмат беру. Рольді оқу ойындарындағы іс-әрекетті де демонстрациялап көрсетуге болады. Мұнда модельдеу мен нәтижелерді көрнекі көрсетуде мәселелерге көңіл аудару қажет. Мысалы, кез-келген объектінің моделі қарапайым және оның қасиеттері модельдеу кезінде көрінбеуі мүмкін. Демек, ақиқат дүниені байқау, зерттеу арқылы тануға шақырған Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйеніп, мұғалім оқушыларға ақиқат дүниенің модельден өзгеше болатынын, ал модельдің ақиқат дүниеден кейде алшақ болатынын ескертіп отыруы керек.
Лабораториялық (фронтальды-жаппай) жұмыс жағдайында оқушылардың барлығы бір мезгілде мұғалімнің берген тапсырмасымен жұмыс істейді. Бұл кезде мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, тиісті әдістемелік көмек көрсетеді. Бұл сабақтың дидактикалық функциясы оқушылардың компьютерлік ортада жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет