Жалпы орта білім беретін орта мектептерде информатика негіздерін үздіксіз оқытудың үшкезеңдік құрылымы Информатика пәніне жалпы сипаттама «Информатика» жалпы орта білім берудегі негізгі пәндердің бірі болып табылады. Орта білім беру жүйесіндегі оның ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы, сондай-ақ оның әлемінің жүйелік-ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орынмен қамтамасыз етіледі.Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі қоғамдағы түбегейлі әлеуметтік алмасулар кезеңіне сәйкес келіп отыр.
Адамның өмірі, құқығы және бостандығы жоғары бағаланатын жаңа демократиялық және құқық қоғамда білім беруді жаңарту оны ізгілендіру, демократияландыру және гуманитарландыру қағидалары бойынша жүргізіледі.
Қазіргі уақыта бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде «Информатика» пәнін оқыуды қалыптасқан екі үлкен үрдіс байқалады.
Бірінші үрдіс. Адам қызметіне тек ақпараттарды түрлендірумен байланыстырылатын, білімді «ақпаратқа» толығымен айналдыруды ұсынатын технократтық тәсілмен сипатталады және мұнда информаика «ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістері» туралы пән ретінде қарастырылады. Бұл үрдісің негізгі кемшілікерінің бірі болып адамның нақы қоршаған орнымен байланысты бірте-бірте жойылып, оның «жорымал» (виртуал) өмірге енуі саналады.
Бұл үрдістің «Информатика» мазмұндағы көрінісі болып онда «алгоритмдеу» және «программалау» бөлімдерін оқытуға сағаттың шамадан тыс көп бөлінуі табылады.
Екінші үрдіс«ақпараттық» бірліктердің «білімге» айналуымен сипатталады. Бұл әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармаашылық қабілеттері және құндылық бағдарларын дамыу арқылы қалыптастыруды көздейін, адамның дүниетанымының қоғамды бөлігі болып табылатын интеллектуралды дамуын қалыптастырудың қажетті жолы.
Бұл жағдай адам мен ақпараық орынның («мұғалім-компьютер (ақпаратты-үйреу орта) - оқушы»; «оқушы-компьюер-оқушы») арасындағы өзара жеке тұлғалық бағыттағы қарым-қатынасты зерттеуді қажет етеді.
Алған екі үрдісен және компьюердің конфункциональды мүмкіндігімен туындайтын, информатиканы басқа пәндердің ішінде интеграциялық мазмұнымен ерекшелейтін «аралық» үрдіс е бар. Бұл бағытың болашағы зор, өйкені информатиканың мұндай синтездеуші мазмұнын оқушылардың ақпаратты қоғамды өмір сүре білуге жан-жақты дайындап, олардың өзіндік анымдық қабілетерін дамыуға жағдай жасайды.
«Информатика» пәнін «гуманитарлық парадигма» тұрғысынан оқытуда және оқу тәрбие процесінде компьютерлік техниканы тиімді пайдалануды немесе асыруда білімберу жүйесін технологияландыру маңызды роль атқарады, сондықтан бұл пәннің мазмұны оқытудың педагогикалық технологиясының талаптарына сай болуы қажет.