Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ


Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты



бет14/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты
Алғашқы кезеңде (1985-1986 оқу жылы) Информатика пәнін мекепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыпастыру болып табылады. Алайда шет елдік және отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, біріншіден, компьюерлік сауаттылық (арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару) басқа пәндерді үйренуде оқушыда қалыптасаын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып абылады, екіншіден, мұнда технократиялық дамытуға әкеліп соғатын «оқушының алгоритмдік даму» парадигмасы негізге алынған еді.
Әрине «компютерлік сауаттылық» курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып асталмайды, сөйтсе де курсты оқытудың басты мақсаты орта білімді еру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты – жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Бұдан, білім беруде информатика саласын мектепте оқытудың негізгі төмендегідей мақсаттары туындайды:

  • оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту;

  • оқушылардың оқу процесінде компьюерлік технологияны өзндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Информатиканы оқытудың дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға, яғни оны қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Практикалық мақсаты оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процеснде практикалық есептер шешуге және жоғары саналыққа қоғамдық өмірге дайындауға бағытталған.
Тәрбиелік мақсаты оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.
Ұсынылып отырған стандарттың мақсаттарынан негізгі және мамандыққа баулу мектептерінде, сонымен бірге, сыныптар мен берілген пәннің бөлімдері бойынша оқытудың мақсаттары айқындалады және нақтыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет