Информатиканы оқыту әдiстерi Информатиканы оқыту әдiстерiне шолу.
Әдiстi жалпы түрде белгiлi мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсiлi ретiнде анықтауға болады.
Дидактикада оқушының iс-әрекетi, мұғалiмнiң iс-ерекеті және олардың бiрлескен iс-әрекетi деп бiледi. Мысал оқушыларға арналған инструкцияны жасау-педагогтың iс-әрекетi; инструкция мен ЭЕМ-дегi программамен жұмыс iстеу оқушының iс-әрекетi; ЭЕМ-де орындалған оқушының жұмысының нәтижесiн қорғау (тапсыру) - олардың бiрлескен iс-әрекетi.
Информатика курсында оқушылар мен мұғалiмнiң бірлескен іс-әрекетінің көлемін қысқартуда iс-әрекеттің тәуелсiз түрде елеулі орын алады. Курстық мақсаттарының бiрi ЭЕМ-мен жұмыс кезінде оқушының педагогтан тәуелсiздiгi, одан кейін програмисттен тәуелсiздiгi, өз бетiмен бiлiм алуға дағдының қалыптасуы. Сондай-ақ компьютер мұғалiм мен оқушы арасындағы тәуелсiз iс-әрекеттiң көлемiн едәуiр кеңейтеді.
Сондай-ақ информатика курсында танымды басқару мен өзіндік басқару функциясы айқын көрiнедi. Компьютермен
Жұмыс істеген оқушының өз бетiндiлiгi басым, оның алдынақойған мақсаты бар. . Мұғалiмнiң мiндетi оқу iс-әрекетiнiң ұйымдастырып оқушының iс-әрекетiн басқару. Оқыту әдiсiн топтауға арналған негiздер жиынтығы айтарлықтай. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау енiмдi (продуктивтi) болып есептеледі.
1. Әлем жайында білім;
2. Іс-әрекет тәсiлдерiн жүзеге асыру тәжiрбиелерi;
3.Шығармашылық iс-әрекет тәжiрбиесi;
4.Эмоционалдық құндылық қатынас тәжiрбиесi;
Бұған оқушыларды тәрбиелеудегi педагогтың әсерi де қойылады.
Оқушылардың белсендiлiгi мен оз бетiндiлiгiнiң негiзгi дидактикалық функциясы оқыту мазмұнымен тығыз байланысты. Дайын мәлiметтi меңгерудегi репродуктивтi iс-әрекетті белсенділіктің жоғары болатындығы белгiлi. Ю.К Бабанскийдің еңбектерiнде әдiстердi топтаудың толық тізімі келтірілген Информацияны қабылдау тәсiлi бойынша ‚топтау дәстүрге айналған: сөздiк әдiс, пәндiк шолу және практикалық.
Сондай-ақ, әдiстердi топтаудың төмендегiдей негiздерi бар: білім алу тәсiлi (теория және практика), керi байланысты жүзеге асыру тәсiлi (бақылау және өзiндiк бақылау), оқушылардың ойлау әрекеттерi (логикалық аспект).