Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ


Лекция №13 Мектептің жоғарғы буынында информатиканы саралап оқыту



бет25/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Лекция №13 Мектептің жоғарғы буынында информатиканы саралап оқыту
Жоспары

  1. Оқыту мазмұнын саралаудың принциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау.

  2. Лицей мен жаратылыстану-математикалық және гимназия мен гуманитарлық бағыттағы мектептердегі кәсіптік информатика курсы

Оқыту мазмұнын саралаудың принциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау.
Информатика пәні мектепте міндетті түрде оқытылатын пән ретінде оқу жүйесінің барлық басқыштарына енгізілумен бірге, жыл сайын сағат саны артып, пән мазмұны жаңа тақырыптармен толығуда. Оның себебін, коғамның немесе бүкіл әлемнің ақпаратқа деген көзқарасымен байланыстыруға болады. Сондықтан информатика негіздерін, оның даму болашағын, қолдану салаларын игеру әрбір саналы азаматтың міндетіне айналып отыр. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде "Информатика және есептеуіш техникасы негіздері" пәні 7-11 сыныптарда, ал лицей, гимназия және жеке мектептерде 2-ші, 5-ші сыныптарда оқыту тәжірибесі жүргізілуде. Бұл курсты оқытуға базистік оку жоспарында 68 сағат бөлінген. Оқытудың жалпы кұрылымы;
танысу кезеңі (1-6 сыныптар) - дербес компьютермен алғаш танысып, онда жұмыс істеудің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы акпараттық мәдениеттің калыптасуы;
негізгі курс (7-9 сыныптар) - ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру, компьютерді оқу процесіне пайдалануда өзіндік іс-әрекеттері қалыптастыру мақсаты көзделеді. Бұл кезде оқушыларда алгоритм, оның кұрылымдары негізінде есептер шығару, программалаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы компьютерді оқу процесіне тиімді пайдалану іскерлігі қалыптасады.
бағдарлы курс (10-11 сыныптар) - оқушылар болашақ мамандық бағытына сәйкес кәсіптік бағдар бойынша оқиды. Олардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына байланысты ақпаратты саралап оқыту жүзеге асырылады. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілдері тереңдетіліп оқытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет