Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет23/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Байланысты:
лекция МПИ

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан. – Алматы: АГУ им.Абая, 1998-123с

  4. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6

  5. Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002



Лекция №12 Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдар, олардың мазмұны, қызметі және оларды пайдалану ерекшеліктері
Жоспары

  1. Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарға кіріспе

  2. Олардың мазмұны, қызметі және оларды пайдалану ерекшеліктері

Информатика бойынша оқу-әдістемелік құралдарға кіріспе
Білім беру үрдісін ақпараттық сүйемелдеу түлекке заманауи ақпараттық қоғамда белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, ғылыми және практикалық білімдер мен икемділіктер жүйесін, тәртіп пен іс-қызметтің құндылық бағдарын қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғаның дамуына жағдай жасаудың үздіксіз үрдісінен тұрады.
Осындай талаптарға сүйене отырып, білім беру үрдісін анағұрлым тиімді ақпараттық сүйемелдейтін бірнеше бағытты қарастыруға болады:

  • ақпараттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру және ақпараттық саладағы дербестікті дамыту;

  • болашақ мамандардың жалпы ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, олардан ақпараттық әлем, ақпараттық құбылыстар мен үрдістердің мәні туралы тең дәрежелі түсініктер құру;

  • болашақ мамандардан түрлі ақпараттық жағдайларда ақпараттық іс-қызмет дағдыларын құру және осы үшін қажетті білім жүгімен қамтамасыз ету;

  • студенттерге функционалды ақпараттық сауаттылықты үйрету;

  • даму қабілетін, соның ішінде ақпараттық салада өз-өзін дамыту мен өз-өзін білімдендіруді қалыптастыру.

Оқытуды осылайша ақпараттық сүйемелдеуді сәтті жүзеге асыру білім берудің іс-қызмет субъектісінің заманауи ақпараттық ортаға бейімделуіне және болашақ маманнан жеке тұлғаның ақпараттық қоғам өмірінің түрлі салаларындағы өз беттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық жетілу деңгейін қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.
Жоғарыда аталған ЖОО-ң ақпараттық білім беру кеңістігі мен білім беру үрдісін ақпараттық сүйемелдеудің дамуына орай білім беру үрдісі қатысушыларының ақпараттық мәдениетіне талап күшейеді, олардың қатарына студенттердің өздерін, сондай-ақ олардың оқытушылары мен ЖОО әкімшілігін жатқызуға болады. Ақпараттық мәдениет деңгейі заманауи қоғамдық даму талаптарына сәйкес келуі керек және өндіріс туралы білімдердің толықтығына, ақпараттық үрдістер мен техникалық құралдардың даму және жетілу заңдылықтарына тікелей байланысты. Сонымен қатар білім беру үрдісі қатысушысының ақпараттық мәдениеті кәсіби-педагогикалық және білім беру ақпаратын игеру мен қолдану үшін анағұрлым қолайлы жағдай жасауға бағытталатын іс-қызметті талап етеді. Осыған орай бұндай іс-қызметті ашық білім беруді ақпараттандырудың ортақ жүйесін құру мен дамыту аясында дамытқан дұрыс.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары отандық және шетелдік педагогикада білім беруді ақпараттандырудың жаңа мүмкіндіктерін түсіну қалыптасты. Соның ішінде, Я.А. Ваграменко, А.В. Хуторской, Н.В. Брановскийдің айтуынша, ақпараттық технологиялар жаңа даму ортасының және оқыту кеңістігінің жобалау мен үлгілеу негізі бола алады, солардың ішінде «ақпараттық білім беру кеңістігі» және «ақпараттық білім беру ортасы» зерттеулері.
Ақпараттық білім беру ортасы түсінігі де онымен байланысты ақпараттық білім беру кеңістігі түсінігі секілді, бірнеше анықтамалардың болуына қарамастан, барынша бірмағыналы және қарама-қайшылықта бейнеленеді. Мысалы, Л.Н. Кечиев, Г.П. Путилов және С.Р. Тумковский пікірінше, ақпараттық білім беру ортасы оқыту іс-қызметін жүзеге асыру үшін қолданылатын компьютерлік құралдар мен олардың жұмыс істеу тәсілдерінің жиынтығы болып табылады.
Сонымен қатар өзге ғылыми көздерге сүйенсек, ортақ ақпараттық-білім беру ортасы ұғымы аясында оқушылардың, педагогтердің, ата-аналардың, оқу орындары әкімшіліктерін және қоғамды ақпараттық қамтамасыз етудің ортақ технологиялық құралдарымен қамтамасыз ететін, компьютерлік техниканы қолдануға негізделген бағдарламалық-телекоммуникациялық ортаны түсінуге болады. Соңғы анықтамаға сәйкес, бұндай орта оқу үрдісін қолдауға және оқу мекемесін басқаруға, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын оның барысы мен нәтижелері, сондай-ақ оқудан тыс шаралар туралы ақпараттандыруға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет