Лекция (теориялық оқыту)
|
Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу лекция жазу жоғары оқу орнындағы оқу түріне дайындау іскерлігін қалыптастыру.
|
Семинар (теориялық оқыту)
|
Өтілген тақырып бөлім бойынша білімді жалпылап жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру; Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын жазу; оқылғанды конспектілеу; көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.
|
Конференция (теориялық оқыту)
|
Өтілген материалдар бойынша білімді тереңдету; қосымша информация көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
|
Әңгімелесу (теориялық оқыту)
|
Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу, пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
|
Консультация (теориялық оқыту)
|
Білімі мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою, меңгерілген білімін нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.
|
Фронтальдық лабораториялық
теориялық жұмыс
|
Оқушылардың программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту бекітілген маетриалды тексеру), жеңіл есептеррді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.
|
|