Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Лекция №4. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Еңбекті төлеу қалыптары ( нормалары)



бет9/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
УМКД ОПиМП каз 2021-2022

Лекция №4. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Еңбекті төлеу қалыптары ( нормалары).
Еңбекті қалыптандырудың (нормалаудың) негізгі міндеті белгілі-бір ұйымдастырушылық – технологиялық жағдайларды сақтай отырып, жұмыстардың орнатылған көлемін орындауға немесе өнім бірлігінің өндірісі үшін қажетті уақыт шығындарын анықтау болып табылады. Техниканы дамытудың және өндірісті ұйымдастырудың осы заманғы деңгейіне сәйкес келетін негізделген техникалық қалыптардың (нормалардың) болуы еңбек өнімділігін жоғарылатудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.

Техникалық қалып ( норма) дегеніміз – алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибенің жетістіктерін ескере отырып, жұмыс орнының өндірістік мүмкіндіктерін толық пайдаланудан шыға отырып орнатылады.

Айтарлықтай дәрежеде өндіріс қорларын барынша пайдалануды қамтамасыз ететін және еңбек өнімділігін жоғарылатуға септігін тигізетін қалыптарды орнату міндетіне еңбекті қалыптандырудың сараптамалық әдісі сай келеді. Бұл әдіс жұмыс орнындағы еңбек процесін, еңбекті ұйымдастыруды, техника мен жұмыс уақытын пайдалану тиімділігін алдын-ала зерттеуді қарастырады. Бұл әдіс кезінде қалыптандыруға тиісті жұмыс уақытының қажетті шығындары есептеледі.



Жұмыс уақытының қалыптық (нормаланған) шығындары – бұл онсыз өндірістік процесті жүзеге асыру мүмкін емес және техникалық қалыпта есепке алынуы қажет шығындар. Олардың құрамына көрсетілген үзілістер уақыты мен тапсырма бойынша жұмыс уақыты кіреді. Уақыттың қалыптандырылмаған шығындары өндірістік прцесті нашар ұйымдастыру, еңбек тәртібін бұзу, сондай- ақ жұмыс істеушілерден тәуелді болмайтын себептердің салдарынан туындайтын еңбек шығындарынан және тоқтап бос тұрулардан түзіледі.

Тапсырма бойынша жұмыс уақыты. Ол дайындық – қорытындылау уақытынан, шұғыл жұмыс істеу уақытынан және жұмыс орнын баптау уақытынан тұрады.

Дайындау – қорытындылау уақыты деп - жұмысқа дайындалуға, нарядты немесе жолдама құжаттарын алуға, жұмыспен танысып шығуға, материалды алуға, жабдықты реттеуге, аспаптарды орнатуға және т.с.с., орындалған жұмысты өткізуге және жұмыс орнын жинастыруға жұмсалатын уақытты атайды. Дайындау – қорытындылау уақытының сипаттық тән ерекшелігі сонда ол бұйымның әрбір бірлігімен қайталанбайды, тек оның өлшемінен тәуелсіз бүкіл партиясына 1 ғана рет жұмсалады. Сондықтан дайындау – қорытындылау уақытының нормасын бұйымдардың бүкіл партиясына немесе бүкіл жұмыс ауысымына 1 рет орнатылады. Жұмысшыға келіп түсетін бөлшектер партиясының өлшемі неғұрлым кіші болған сайын, бұл норма да соғұрлым үлкенірек болады ( және керісінше).

Шұғыл жұмыс уақыты деп - жұмысшының тікелей жұмыс процесіне, сондай-ақ оны ұйымдастыруға жұмсалатын уақытты атайды. Шұғыл уақыт негізгі және көмекші уақытқа бөлінеді.

Негізгі (немесе технологиялық) уақыт - бұл өндірістік процестің тікелей мақсаты жүзеге асырылатын уақыт, яғни бұл кезде еңбек затының пішіні мен сапасы өзгеріп, оның кеңістікте орын ауыстыруы жүреді.

Көмекші уақыт – бұл негізгі жұмысқа дайындалуға және технологиялық процестің жемісті орындалуын қамтамасыз етуге жұмсалатын уақыт. Бұл дегеніміз – шикізатты орнатуға, дайын өнімді станоктан шешіп алуға, жол – құрылыс механизмдерінің орын ауыстыруына, өнім сапасын бақылауға, автомобильге жанар май құюға және т.б. жұмсалатын уақыт. Көмекші уақыт, негізгі уақыт сияқты өнімнің әрбір бірлігіне қайталанып отырады.

Жұмыс орынын баптау уақытын – жұмысшының ауысым ішінде техниканы, жабдықтарды, аспаптар мен жарақтарды баптауға жұмсайтын уақытын әдетте, шұғыл уақытқа қатысты пайыздарда анықтайды.

Көрсетілген үзілістер уақытына жұмыстағы технологиялық үзілістер, бүкіл жұмыс ауысымындағы қалыпты еңбек қабілеттілігін демеп отыруға және шаршап – шалдығуды басу үшін демалысқа жұмсалатын үзілістер кіреді. Бұл үзілістер нормалау кезінде шұғыл жұмыс уақытынан алынған пайыздарда анықталады.

Тапсырмада берілмеген жұмыс уақытының құрамына өнімді емес жұмыс уақыты, яғни негізгі жұмысқа тән емес өндірістік бернелерді орындауға, қарастырылмаған немесе артық жұмысты орындауға, жіберілген қателіктерді түзетуге,қажетті аспапты немесе құжаттаманы іздестіруге және т.б. жұмсалатын уақыт кіреді.

Көрсетілмеген үзілістер уақытына жұмыс істеушіден тәуелді және тәуелді емес себептер бойынша жұмыстағы үзілістер кіреді. Осылайша, өндірістік процесті бұзудан болатын тоқтап бос тұрулар жабдықтың бұзылу, дайындамалардың болмау, және т.с.с. себебіненболатын тоқтап бос тұрулардан тұрады. Кездейсоқ себептер бойынша тоқтап бос тұрулар уақытының құрамына электр энергиясының, газдың, бу мен сығылған ауаның тоқтатылуынан (желідегі бұзулар, апаттар және т.с.с.) болатын уақыт шығындары кіреді. Еңбек тәртібін бұзудан болатын тоқтап бос тұрулар уақыты – бұл жұмысқа кешігіп келулер, жұмысқа келмеу және басқа да тәртіп бұзулар нәтижесінде орын алатын жұмыс уақытының шығындар.

Уақыттың техникалық нормасының құрамына дайындау – қорытындылау уақытының нормасы мен өнім бірлігіне немесе жұмыстар көлемінің бірлігіне орнатылатын даналық уақыт нормасы кіреді. Даналық уақыт нормасы негізгі уақыттан (Тосн), орны толтырылмайтын көмекші уақыттан (Твсп), жұмыс орнын баптау уақытынан (Тобсп) және демалысқа жұмсалатын үзілістер уақытынан (Тот) тұрады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет