Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Лекция №6. Кәсіпорынның өндірістік – қаржы қызметін есепке алу және сараптамалау



бет12/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Лекция №6. Кәсіпорынның өндірістік – қаржы қызметін есепке алу және сараптамалау.
Есепке алу меншіктің сақталынуы мен пайдаланылуын бақылауқұралы болып табылады. Ол бірегей шаруашылық жүйесі ретінде айқындалады. Біздің еліміздің есепке алу мемлекеттен орталықтандырылған, бұл есептік көрсеткіштерді халық шаруашылығының салалары, экономикалық аймақтар мен тұтас алғандағы халық шаруашылығының масштабында жалпыламауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорындағы дұрыс ұйымдастырылған есептік жүйенің төмендегідей:



  • тұтас алғандағы кәсіпорын мен жекеленген әрбір өндірістік бөлімшелердің қызметін сараптамалауды қамтамасыз ететіндей қарапайым, толық әрі түсінікті болуы;

  • кәсіпорын жұмысының барлық жетектерін қамтуы, оның өндірістік – шаруашылық қызметінің барлық жақтарын толығымен айқындауы;

  • кәсіпорынның өндірістік жоспарының қалыптары мен көрсеткіштерімен өзара үйлестірілген есептік көрсеткіштер мен қалыптарға ие болуы қажет.

Шаруашылық есебінің бірегей жүйесіне есептің үш түрі кіреді: шұғыл – техникалық, статистикалық және бухгалтерлік есептер.

Шұғыл – техникалық есеп шұғыл жоспарлаумен үздіксіз байланысты және ереже бойынша, күнделікті болып табылады. Есептің бұл түрі жекеленген аумақшалардағы және тұтас алғандағы бүкіл кәсіпорындағы өндірістік процестер туралы ақпаратты өз уақытылы алуды қамтамасыз етеді. Шұғыл – техникалық есеп кезінде есепке алынатын процестерден тәуелді материалдық, еңбек және ақшалай өлшеуіштер пайдаланады.

Шұғыл – техникалық есеп кәсіпорын қызметін күнделікті басқарып отыру үшін маңызды мәнге ие болады.

Автомобиль көлігі және жол шаруашылығы кәсіпорындарында шұғыл – техникалық есеп жылжымалы тізбек пен жол құрылысы техникасының барлығы мен келіп – түсуін, жұмыс көрсеткіші мен техникалық күйін, клиенттермен өзара қарым – қатынастарды және т.с.с. қамтиды. Бұл үшін негізгі қорлардың қозғалысын есепке алудың арнайы карточкаларын толтырып, оларды жүйелі түрде бухгалтериядағы есептік материалдармен салыстырады.

Жылжымалы тізбектің техникалық баптауы мен жөндеуіне жұмсалған шығындар көп бағанды карточкаларда немесе арнайы ведомостволарда тіркеледі.

Статистикалық есептің мәліметтері өндіріс қорларын ашып көрсетуге мүмкіндік береді және келешектегі мен ағынды жоспарлау үшін бастапқы материал болып табылады. Статистикалық есеп барлық ұйымдарда, кәсіпорындар мен мекемелерде жүргізіледі.

Статистикалық есеп шұғыл – техникалық есептің мәліметтеріне негізделеді, олар егжей – тегжейлі тексеруден кейін топтастырылып, сәйкес жинақтама карточкаларына немесе салыстырма ведомстволарына енгізіледі. Салыстырма ведомостьтарының қорытынды нәтижелерін статистикалық есепті құрастыру үшін пайдаланады.

Әрбір кәсіпорынға есептілік табелі орнатылады, оған сәйкес орнатылған мерзімдерде және белгілі –бір көлемде статистикалық есептің материалдарын енгізіп отыру қажет.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметін, қаражаттың қозғалысын, олардың түзілу көздерін, жұмыс нәтижелерін қамтиды. Бухгалтерлік есептің нәтижесінде барлық шаруашылық процестерінің құжаттамалай негізделген есебінің негізінде бірегей ақшалай өлшеуіштерде берілген шаруашылық операцияларына бақылау орнату жүзеге асырылады.

Бухгалтерлік есептің міндеттері:


  • мемлекеттік жоспарлардың орындалуына және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге бақылау орнату;

  • тиімділік деңгейін, еңбек өнімділігің өсуін және еңбек жалақысының жұмсалуын бақылау;

  • кәсіпорындағы үнемдеу тәртібінің сақталуын бақылау болып табылады.

Бухгалтерлік есеп:

  • есептің барлық нысандарының – кәсіпорын қаражатының, олардың түзілуін көздерінің және шаруашылық операцияларының ақшалай бағамын;

  • шаруашылық операциясының құжаттарын;

  • бухгалтерлік есеп шоттары мен ондағы барлық шаруашылық операцияларының қос жазбаларын;

  • шаруашылық құралдары мен олардың түзілу көздерінің кезеңдік түрде инвентаризациялануын;

  • кәсіпорынның ағындық жұмысы туралы мәліметтерді кезеңдік түрде салыстыруды қолдануға негізделген.

Осылайша, бухгалтерлік есеп, ақшалай түрде жалпыламаланған шаруашылық процестерінің тұтас, деректі және өзара байланысқан офажеппесі болып табылады.

Бухгалтерлік құжаттар оларды рәсімдеудің қатаң ережелерін сақтауды талап етеді. Олардағы кез – келген түзетулердің, берілген құжатты рәсімдеу үшін жауапты тұлғалармен келісіміп, сол тұлғалардың екінші рет қол қоюларымен бекітілуі қажет. Кассалық және банктің төлем құжаттарында түзетулерге мүлдем рұқсат етілмейді.

Бухгалтерлік есептің негізгі құжаты бухгалтерлік баланс болып табылады. Бұл құжатта белгілі – бір күнге (әр айдың, кварталдың, жылдың 1-ші күніне) берілген, ақшалай түрде келтерілген шаруашылық қаражаты мен олардың түзілу көздерінің экономикалық топтамасы келтіріледі. Бухгалтерлік баланстың құрамына негізгі қаражаттың, материалдың қорлардың болу – болмауы, аяқталмаған өндірістің өлшемдері, табыстың немесе шығынның мөлшері туралы мәліметтері кіреді.

Баланс екі бөліктен сол жақ және оң жақ бөліктерден тұрады. Баланстың сол жақ бөлігі кәсіпорын иелігіндегі қаражатты көрсетеді және актив деп аталады. Баланстың оң жақ бөлігі қаражаттың түзілу көздерін, олардың міндеті мен тиістілігін көрсетіп, пассив деп аталады.

Бухгалтерлік баласқа қойылатын негізгі талап келесіде актив қорытындыларының пассив қорытындыларына тең болуы керек. Бухгалтерлік баланс салыстырмалы, жалпылама құжаттар категориясына жатады. Онда бухгалтерлік есептің бірінші реттік құжаттарынан алуға болатын жеке, сараптамалық сипаттағы мәліметтер келтірілмейді.

Бухгалтерлік есептің шоттарына жазбаларды қос жазба әдісін пайдалана отырып енгізеді, бұл әдістің мәні келесіде : қаражаттардың әрбір тобына, оларды түзетудің белгілі – бір көзі сәйкес келеді.



Өндірістік – шаруашылық қызметінің сараптамасы. Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметі сараптамасының нысаны әртүрлі экономикалық, пайдалану, техникалық және ұйымдастырушылық себепкерлерінің әсерінен кәсіпорындарда өтетін процестер болып табылады.

Сараптаманың мақсаты – кәсіпорын қызметі нәтижелерінің осы себепкерлерден тәуелділігін анықтау. Сараптама негізінде әрбір себепкерлердің жоспарды орындауға әсер ету дәрежесін анықтап, өндіріс қорларын айқындайды және жұмыстағы кемшіліктерді ашып көрсетеді.

Сараптаманың негізгі міндеттері:


  • тұтас алғандағы кәсіпорын мен оның жекеленген бөлімшелері жұмысының өндірістік, техникалық, пайдалану, қаржы және басқа да көрсеткіштері бойынша жоспарды орындау дәрежесін анықтау;

  • орнатылған жоспарлық тасымалдаулардың асыра орындалуын немесе толығымен орындалмауын анықтайтын себептер мен себепкерлерді айқындау;

  • өндіріс қорларын айқындау;

  • жасап шығарылған іс – шаралардың тиімділігін анықтау болып табылады.

Кәсіпорын жұмысын бағалай отырып, бірнеше жылдардағы есептік мәліметтерді пайдаланған жөн, бұл кездейсоқ себепкерлердің сараптама нәтижелеріне әсерін ең төменгі шамаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметін сараптамалау кезінде келесі қағиданы ұстанған жөн: технологиялық себепкерлердің кезекті экономикалық бағалануы емес, себепкерлерді біріге отырып техникалық – экономикалық тұрғыдан қарастыру.

Техникалық – экономикалық сараптама түрлерін, жіктеме негізіне алынған белгілерден тәуелді жіктейді:


  • сараптамаланатын нысандардың ауқымына қарай сараптама (бұл кезде кәсіпорын ішіндегі бөлімшелердің қызметі сараптамаланады), және шаруашылық аралық, немесе салыстырмалы сараптама (бұл кезде бірнеше кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметінің нәтижелері өзара салыстырылады) болып бөлінеді;

  • сараптамалық жұмыстың мазмұнына қарай сараптама кешендік және жергілікті болып бөлінеді. Кешендік сараптама кезінде шаруашылық қызметінің барлық жақтары зеттеледі. Ал жергілікті (тақырыптық, жеке) сараптама кезінде кәсіпорын немесе оның жекеленген бөлімшелері қызметінің жекеленген жақтары қарастырылады;

  • қайталанып келуіне қарай сараптаманың кезеңді немесе бір ретті болуы мүмкін. Кезеңді сараптама қандай да бір тұрақты бағдарламалар бойынша уақыттың белгілі – бір кезеңіне әрдайым жүргізіліп отырады.

Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметі сарапмасының нақты, жүйелі және нысандық болуы қажет. Сараптаманың нақтылығы келесіде: барлық көрсеткіштер бойынша сараптамаланатын кезеңдегі жоспардың орындалуын айқындайтын бірінші ретті құжаттама материалдарын, есептік мәліметтерді түбегейлі зерттеу керек. Сараптаманың жүйелігі – бұл оның тұтас алғандағы кәсіпорын бойынша, сондай-ақ жекеленген бөлімшелер бойынша кездейсоқ емес, әрдайым жүргізіліп отырылуы. Сараптаманың нысандылығы матералдың дұрыс таңдап алынуымен, оны жан –жақты және түбегейлі зерттелумен қамтамасыз етіледі.

Сараптаманың жоғарыда келтірілген барлық түрлері бір – бірін толықтыра отырып, кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің техникалық – экономикалық сараптамасының бірегей жүйесін түзеді. Сараптама нәтижесінде кәсіпорын қызметінің нақты қорытындыларын анықтап қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі нақты іс – шараларды да ұсынып отыру қажет.

Техникалық – экономикалық сараптама әдістері – бұл кәсіпорын қызметін зерттеу кезінде қолданылатын тәсілдер мен әдістер. Техникалық – экономикалық сараптаманың едәуір кеңінен таралған әдісі көрсеткіштерді салыстыру әдісі болып табылады. Бұл әдіс кәсіпорын жұмысының әртүрлі жақтарын бағалауға немесе бірнеше кәсіпорынның жұмыс нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Бұл әдіс соңғы көрсеткіштердің алынған деңгейін анықтап отырған себептерді анықтауға мүмкіндік береді. Бөлшектеп көрсетудің уақыт бойынша (аптаның күндері, тәуліктің сағаттары, айлар және т.с.с. бойынша), көрсеткіштерге қол жеткізу орны (өндірістік бөлімшелер) бойынша, жоспардың жекеленген құраушы бөліктері және т.б. бойынша жүргізілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет