Заңды құқығы бар мекеме, Заңды тұлға - Юридическое лицо - белгіленген заңға сәйкес нақты міндеттерге жауап беретін ұйым, кәсіпорын, фирма, корпорация, бірлестік, заңды тұлға.
Импорттың орнын алмастыру, басу – Импортозамещение – шетелден енгізілетін белгілі бір тауарды ел ішінде сондай не соған ұқсас тауарларды өндіру арқылы импорт көлемін азайту не болмаса тоқтату.
Инвестициялар, күрделі қаржы – пайда табу, дивиденд алу не басқа кіріс кіргізу мақсатымен кәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы не құнды қағаз жұмсау.
Инвестициялық ынтымақтастық - инвестиционное сотрудничество – халықаралық экономикалық қарым-қатынастың бір түрі. Мақсаты қорларды ұтымды бөлу, мемлекеттердің халықаралық еңбек бөлісіне қатысуы арқылы экономикада өте жоғары нәтижеге жету.
Инвестор, салымшы – салым иесі, өз қаражатын не басқа қатыстырылған қаражаттарды инвестициялық жобаларға салатын заңды және жеке тұлғалар.
Индикативтік жоспарлау – Индикативное планирование – нұсқаусыз, бұйрықсыз кеңес беретін, бағыт көрсететін мемлекет деңгейіндегі жоспарлау.
Инновация, жаңалық енгізу – ғылыми жетістіктерді, озат тәжірибені пайдалана отырып жаңа бұйымдарды, техника мен технологияларды өндіруге, дамытуға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған жаңалық енгізу процесі.
Инновациялық қор, жаңалық енгізу қоры – Инновационный фонд – ғылыми техникалық зерттеулерді, “тәуекелдік” жобаларды қаржыландыру мақсатында құрылған қаржы ресурстарының қоры.
Интенсивтендіру, күшейту, қарқындандыру – Интенсификация - өндіріс қорларын тиімді және толық пайдалану арқылы өндіріс өнімділігін арттыру.
Инфрақұрылым, ішкі құрылым – Инфраструктура – халық шаруашылығына қызмет көрсететін салалар мен кәсіпорындардың, мекемелердің жиынтығы, олар қоғамдық еңбек бөлісі барысында пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық және ұйымдық байланыстарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.