Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне



бет4/18
Дата26.02.2023
өлшемі1,46 Mb.
#69996
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Зерттеу мәселесі: кадрлық саясат, күрделі әлеуметтік құбылыс, оны өңдеуші және жүзеге асырушы субъектілердің ( мемлекттік билік органдары мен әртүрлі ұйымдар арасымен) келісілген әрекеттердің синтетикалық, полифункционалдық, интеграцияланған жүйесі, бұл жүйе кадрлық процестердің ұйымдастарушылық- құқықтық реттеу механизмдерін өңдеуге, нақты әлеуметтік- экономикалық, демографиялық және тарихи жағдайларда кәсіби – мамандық стандарттарын бекітуге бағытталған [1].
Зерттеудің мақсаты: «Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінде тіркеу жұмыстарын жасау үшін ақпараттық жүйесін жобалау және құру. Ақпараттық жүйені құрудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.


Зерттеу нысаны қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу бірқатар талаптарға сай болу керек, оның ішінде қолайлы және достық интерфейстің болуы, ақпараттық ресурстарды әр түрлі бақылау әдістері мен оларға қатынас жасауға шек қою арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жүйелерді құрудың модульді принципі, Интернет технологиясын қолдауы және т.б. бар.
Зерттеу пәні – ақпараттық жүйелер негізі және мәліметтер қоры.
Зерттеудің болжамы: «Қазпочта» АҚ үздік халықаралық стандарттар негізінде және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағытына сәйкес клиенттердің сұранысына сай келетін өзінің жоғары сапалы қызметтерін ұсынатын, ел экономикасының маңызды элементі болып табылатын, ел ішінде сонымен қатар дүниежүзілік пошта индустриясында да нарықтық ортада болып жатқан өзгерістер бойынша тез әрекет ететін инновациялық – бейімделген бизнес-құрылым болуы.
Зерттеудің міндеттері: Қызметкерлер құрамын басқарудың теориялық негіздері талдауы, «Қазпочта» АҚ кадрлар бөлімінің менеджері жұмыс орнындағы автоматтандырылған ақпарат жүйе жобалануы мен құрылуы. Ақпараттық жүйе құруда мәліметтер қорын жобалау, ақпараттық жүйе құруға байланысты алған теориялық және практикалық дағдымызды қолданамыз.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізін отандық және шетелдік авторлардың қарастырған еңбектері, ғылыми-практикалық конференция материалдары, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, сонымен қатар жаhандандырылған Интернет компьютерлік жүйесінен алынған мәліметтер құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет