1.3. Қызметкерлер құрамын басқару құрылымы және функциясы
Қызметкерлердi басқару ғылыми және оқу тәртiбi ретiнде ол пәннiң қисыны қатынасында құралады. Қызметкерлердi басқарудың жұмысы екi негiзгi аймақтан немесе саладан тұрады:
персоналға жетекшiлiк ету;
қызметкерлер құрамымен (персоналмен) жұмыс.
Персоналға жетекшiлiк етудiң жалпы мағынасы – бұл қызметкерлердiң мүлтiксiз күнделiктi басқару қызметi болып табылады. “Жетекшiлiк ету” түсiнiгi басқа да жақын категориялар мен тығыз байланысты және де ол “басқару” түсiнiгi менжиiрек синоним ретiнде қолданылады. Бiрақ “басқару” белгiлi бiр мақсатқа сәйкес жүргiзудi көрсетедi. Ол өзiнiң мазмұнына қарай адамдарды басқару ғана емес, сонымен қатар қаржылық, материалдық – техникалық және де басқа ресурс, машиналар мен техникаларды басқару жұмыстарын қосады.
“Басқару” категориясымен “менеджмент” түсiнiгі тығыз байланысты. Бiрақ бұл түсiнiктi толық бiр – бiрiне сай деп атауға болмайды.
“Менеджмент” – макроэкономика категориясы болып табылады. Ол нарық жағдайында кәсiпорынды басқаруды бiлдiредi. Менеджер – нарықтағы кәсiпорында жетекшiлiк етедi. Мемлекеттiк қызмет орындарында негiзiнен “менеджер” сөзiн қолданбайды. Оның орнына “жетекшi”, “администратор”, “шенеулiк” деген сөздерiн қолданылады.
Бiр жағынан “жетекшiлiк” “менеджменттен” қарағанда кеңiрек өйткенi ол нарықтың емес, мемлекеттiк басқару формаларын қамтиды, екiншi жағынан, “менеджмент” тек қана персоналдарды басқармайды, сондай – ақ басқа қорды, ақша материалды – техникалық, персоналдармен жұмыс және персоналды басқару бiр – бiрiмен тығыз байланысты.
Қазiргi заманда жоғарыда аталғандардың үрдiсiне жақындау байланып отыр.
Бiрақ бұл екi қажеттi саладағы адамдарды басқаруды маңызды ерекшелiктерiне ие. Кадрлар мен жұмысының басты функциясы керектi бiлiктiлiгi бар оңтайлы жұмысшылар санымен мативацияны ұйымдастыруды қамтамасыз етуден тұрады. Яғни өндiрiстiк процесiнде қызмет көрсету. Ол келесi ерекшелiктерге ие:
фрагментарлық, эпизодтық немесе әрбiр жеке қызметкерлер мен жұмыс тұрақсыздығы;
өзiндiк көмекшi қызмет сипаттамасы;
күшi бар бұйрықтық салыстырмалы шектеулiгi.
Кәсiпорындағы персоналдардың саны тұрақты деуге болмайды. Өйткенi, кейде белгiлi бiр себептермен жұмысшылар жұмыстан босатылады, кейде қолданылады, сондықтан персоналдар ағымын келесi кэффициентi қолдануға болады:
Қызметкерлер құрамының шығу коэффициентi:
Ржш
Квк = ──────── • 100 %
Р
Мұндағы: Ржш – жұмыстан босатылған жұмысшылар саны
Р – жұмысшылардың орташа тiзiмдiк саны.
Қызметкерлер құрамын қабылдау коэффициентi:
Рқс
Кпк = ──────── • 100 %
Р
Мұндағы: Рқс – жұмысқа қабылдағандардың саны
Қызметкерлер құрамының тұрақты коэффициентi:
Ржш
Ксх = ──────── • 100 %
Рп + Р
Қызметкерлер құрамының ағымдағы коэффициенті:
Ржш
Ктх = ──────── • 100 %
Р
Кадрлармен жұмыс және қызметкерлердi басқару өзiнiң ұйымдастырылған қызметтерi мен тағайындалуы мен мен ғана ерекшеленбейдi, сонымен қатар субьектiлер бойынша ерекшеленедi. Қызметкерлердi басқаруға қарағанда, барлық деңгейдегi жетекшiлер, субьектiлер болып табылады. Кадрлармен жұмыс жасауда қызметкерлер құрамы жөнiндегi менеджер және бүтiндей қызметкерлер құрамы қызметi шығады.
Сол жағындағы басқарушылар сондай – ақ фирма президентi сызықтық менеджерге жатады, ал оң жағындағы басқарушыларға функционалдық менеджер немесе қызметкерлер құрамы жөнiндегi менеджер кiредi. Қызмет персоналдардың қызметкерлерiн басқарады, және де персоналдар мен әрқилы жұмыстар атқарады.