Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет106/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   167
НИКЕЛЬ (Ni)
Никель (Ni) – ақ күмісті, қатты. Жер қабатында, өсімдіктерде, жануар ағзаларында кездеседі. Ағзаға ұннан жасалған тағамдар, жемістер арқылы түседі. Ауыз суда никельдің шекті концентраты 0.1 мг/л. Никель қосылыстарының біршама токсикалық әсеріне никель корбанаты Ni(CO)4 ие болады. Адамның ағзасына тыныс алу мүшесі және тері жамылғысы арқылы туседі. Бүйрек және асқазан-ішек жолдары арқылы сыртқы ортаға бөлінеді. Тыныс алу жолында, ісіну, теріде аллергиялық реакция өтеді. Бауырда, мұрынның шырышты қабаттарында, өкпелерде ісік аурулары пайда болады. Никель және оның байланыстарының көп уақыттағы әсерінен паренхиматозды мүшелерде дистрофикалық өзгерістері өтеді.
Сонымен жүйке, жүрек қан тамырларының жүйесінен, тыныс алу және ас қорыту жуйесінің қызметтері бұзылады. Әсіресе қалқанша безінің және жыныс бездерінің қызметтері терең зақымданады. Никельде негізгі канцерогенді қасиеттер болады. Олар келесі асқыну түрлеріне: өкпенің ісіктері, никельдің қышымасы, никельдің экземасы, бауырдың шемені апарады.
МАРГАНЕЦ (Мn)
Марганец (Mn) – сұр түсті қиыршықты химиялық белсенді металл. Жоғарғы концентрацияларда кышқылдарды қою бу түрінде түзеді (Mn02, Mn203, Мn0). Марганец ұннан жасалған тағамдарда, жемістерде, бауырда, бүйректерде кездеседі. Адам ағзасындағы бауырда, сүйек ұлпалары мен буындарында, гипофизде жинақталады.
Марганецтің жетіспеушілігінен келесі көріністер: марганец паркинсонизмі (бұл төменгі аяқтардың зақымдануы), гепатиттер, бауыр шемені (цирроз), невриттер байқалады. Марганец шаңында концентрациясының мөлшері 50-90 мг/м3 және одан да жоғары болса улану пайда болады. Уланудың нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің қызметтері өзгереді, ағзаның иммунитеті төмендейді әсіресе әйелдердің жүктілік кезінде ұрыққа әсер етуі мүмкін. Марганец пен уланудың клиникалық белгілері.
Ең алғашқы белгі бұл аяқ-қолдардың әлсіздігі пайда болады, қозғалуы қиындайды, басы ауырады, ұйқы басады, тіршілік ету қабілеті төмендейді, сөз мәнері өзгереді, тершеңдік және сілекей көп бөлінеді әсіресе ұйқтаған кезінде. Марганецтің паркинсонизмі – бұл созылмалы уланудың негізгі түрі. Аяқтардың зақымдануымен көрінеді. Жүрісі, тепе-теңдігі өзгереді, денесі алға қарай иіледі. Бұлшық еттердің пластикалық тонусы жоғарылайды сол себептен беті маска төрізді болып көрінеді, жазуы өзгереді. Ереже бойынша марганецтің паркинсонизммен ауырған адамдар марганецпен қатынасы үзген жағдайда да ауырған адамдар мүгедек болып қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет