ЛИТИЙ (Li) Литий (Li) – сілтілі металл, көптеген минералдардың құрамына кіреді. Таза күйінде кездеспейді. Адамның ағзасына ұннан жасалған және жеміс-жидектер арқылы түседі. Негізгі силикатты минерал – сподумен. Адам және жануарлардың биологиялық сұйықтарында және өсімдіктердің әр түрлі ұлпаларында литий табылған Литий биологиялық жүйеде натридің орнымен ауыстыруға болады. Жекеленген жүйке, бұлшық еттердің, эритроциттерінің препараттарында, жұлын-ми сұйықтығында литийдің құрамы 40% плазма деңгейіне қарағанда 95% ішке енген литий зәр арқылы сыртқы ортаға бөлінеді, 1%-і асқазан-ішек жолымен шығарылады, ал 4-5%-і тер бездері арқылы. Емізулі әйелдерде литий сүт арқылы бөлінеді. Сол себептен нәрестелерде улану болады.
Литийдің ұзақ уақытқа дейін әсерінен трахеиттерді, бронхиттерді, пневмосклероз, өкпенің эмфиземасын дамытады.
ХРОМ (Сг) Хром (Сг) – ауыр металл, көптеген минералдардың құрамына кіреді. Барлық тірі ағзалар үшін қажетті микроэлемент. Хромның негізгі салмағы адамның ағзасына ұннан жасалған тағам, су және сүт өнімдері, қара бұрыш, сыра ашытқылары бауыр арқылы түседі. Ауыз су арқылы тәуліктік қажеттілігінің мөлшері (0.005-0.1 мг 1 тәулікте). Тазартылмаған қант құрағы және қант қызылшасының сөлінде хромның биологиялық құндылығы болады. Адамның ағзасында хром 5-20 мг мөлшерінде кездеседі. Tic сүйектерінде, тіс эмалінде, асқазан-ішек шырышты қабатында жинақталады.
Хромның жетіспеушілігі қант диабетіне, артеросклерозға, өсудің бұзылуына апарады.
Хромның асқынған көрінісі:диареялар, асқазан-ішектен қан кету, бауыр мен бүйректердің күрделі зақымдануы, өкпелерде ісіктің, бауырда шеменнің пайда болуы айқын көрінеді. Кейбір кезде экземалар теріде аллергиялық реакциялар күрделі түрінде жүреді.
ВАНАДИЙ (V) Ванадий (V)өтe қатты металл, ең күшті қышқыл (орыстың патшалық арағы). Ванадий және оның улы қосылыстары әсері кең шекті. Ванадиялар қан түзуші жүйелерді, тыныс алу мүшелерін, жүйке жүйелерін зақымдайды. Олардың әсерінен тері-аллергиялық реакциялар пайда болады. Ванадидің ауадағы рұқсат етілген шекті мөлшері: бу үшін V205 – 0.1 мг/м, шаңда V205 – 0.5 мг/м3. Адамның ағзасына ұннан жасалған тағамдар арқылы түседі.
Ванадидің жетіспеушілігінен пайда болатын көріністер: жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуы, фарингиттер, бронхиальды астма және токсико-аллергиялық реакциялардың болуы.
Адам ағзасында микроэлементтердің көп жинақталуы уланудың болуына алып келеді.
Ағзада микроэлементтердің жинақталуының бұзылуы әр түрлі патологиялық ауруға алып келеді (микроэлементоздарға).