Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет109/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   167
МЫШЬЯК (As)
Мышьяк – таза күйінде улы емес. Улы тотығы ауада жеңіл тотығады. Мышьяк адам ағзасына шаң арқылы майда тамшы түрінде, жоғарғы тыныс жолдары көбінесе ас қорыту жолдары арқылы түседі. Ішек, бүйректер, терілер арқылы бөлініп шығарылады. Сонымен бірге өт, май және сүт бездері арқылы да бөлініп шығарылуы мүмкін.
Мышьяк – паренхиматозды мүшелерде, бауырда бүйректерде, сүйектерде, шашта, тырнақта, тері қабыршақтарында жинақталады. Мышьяк жүйке жүйесі тамырларының біршама бұзылуының диффузды өзгерістерімен сипатталады. Мышьякпен уланған бірнеше орындарда өткір гастроэнтерит дамиды: жүрек айну, құсу, іші сұйық өту, ауыздан сарымсақтың иісі сезіледі. Бас ауруы жалпы адамда әлсізлік байқалады.
Мышьяк шаңын ұзақ жұтқанда, улану, терінің шырышты қабығының өзгеруі жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолы асқынады.
Терінің және шырышты қабықтың өзгеруі (тұмау, қарлығу, жөтелу, стоматит және гингвит)дамиды.
Мышьяк шаңдарын ұзақ жұтудан пайда болатын аурулар:

  • алақан және аяқ гипергидрозы;

  • папулезді және везикулезді бөртпе, дерматиттер, эпиломдар, шаштың түсуі;

  • сүйектердің өсуі;

  • аяқтың невралгиялық ауруы;

  • бұлшық ет атрофиясы.

Мышьякпен уланғанда ауыр жағдайда жүйке жүйесінің ауруы, жүрек қызметінің жетіспеуі, артерия қысымының төмендеуі, сергу, есінен тану және өлім болады.
Мышьяк (Аs) – жартылай металл. Тамақ өнімдерінде: креветкада – 70 мг/кг, шошқа, қой, қозы, балықтарда – 43-188 мг/кг, минерал суында – 1-190 мг/кг, ауыз суында – 40 мг/кг болады.
Мышьяк қарапайым түрде онша улы емес, бірақ терратогенді әсерге ие болады. Тұқымқуалау материалына зиянды әсерлер тигізеді, әр түрлі мутациялардың түрлерін шақырады.
Мышьяктың қосылысы тері жамылғысы және өкпе, асқазан-ішек жолдары арқылы тез сіңіріледі. Адам ағзасында мөлшері 0.15-0.3 г. болғанда өлімге ұшырайды.


ҚОРҒАСЫН (РЬ)
Қорғасын (РЬ) – Ауыр металл. Қорғасынның ағзаға түсудегі негізгі жолы тыныс алу жолдары. Біршама мөлшерде қорғасын бауырда, ұйқы безінде және сүйекте жинақталады. Ішек және бүйректер арқылы сыртқа бөлінеді. Қорғасынның және оның улылығының сақталуына қарай бірнеше пішінге ажыратылады:

  • Тістердің бұлшықеттерінің соңында ақшыл қызыл түсті жолағы бар, алдыңғы қатардағы тістерде локализацияланады. Қорғасынның сілекеймен және ауыз қуысында түзілген күкірт суының (Н2S) әрекеттесуі нәтижесінде бөлінеді.

  • Қорғасын колориті тері жамылғысының жер тәрізді сұр түсті, қан тамырларының плазмасымен байланысқан. Қанда профирин мөлшерінің жоғарылауымен сипатталады.

  • Ретикулоцитоз (10% жоғары) қан регенерациясының жоғарылауы.

  • Қандағы базофиль дәнді эритроциттер-эритроциттердің 15-тен 10000-ға жоғарылауы.

  • Профиринурия – зәрде профириндердің түзілуінің жоғарылауы.

  • Зәрде қорғасынның жоғары тузілуі (0.04-0.08 мг/л) қорғасынмен уланғанда көптеген мүшелер мен жүйелер зақымданады, әсіресе қан, жүйке, жүрек-тамыр жүйелері, сонымен бірге асқазан-ішек жолдары және бауыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет