Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет105/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

МЫРЫШ (Zn)
Мырыш (Zn) – ауыр металл, адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге тіршілігі үшін өте қажетті. Мырыш адамның ағзасында 1.4-2.3 г. мөлшерде қажет. Адам ағзасындағы тәуліктік нормасы 10-15 мг. Мырыш ағзаға ұннан жасалған тағамдар ет, жемістер және бауырға, көз торына жинақталады. Ол қан айналымына қатысады, ішкі секреция безі әрекетінен мырыш ақуыз, көмірсу, май, нуклейн қышқылдарының алмасуына қатысатын 200 металл коферменттердің бөлімдерінен табылған.
Мырыш канцерогенді қасиеттерге ие болады және ісік ауруларының түзілуіне қатысады. Адамның ағзасында мырыштың әсерінен полиартриттер, миозиттер, пневмониялар және ісік аурулары пайда болады. Мырыш оксилтерінің буларын жұту кездінде адамның ағзасында дене қызуының көтерілуі, буынардың ауруы, бұлшық еттердің ауруы, қалтырау, жөтелу, қатты терлеу т.б. белгілер пайда болады. Оның жетіспеуі маскүнемдік кезінде, бауыр шеменінде, күйгенде, бүйрек ауырғанда және асқазан-ішек жолында, ұзақ парентеральды қоректенуде байқалады.
Клиникалық белгілері мырыштың жетіспеуінің түрлері – терінің қабынуы, психикалық және жүйкелік, балаларда бойдың өсуінің тежелуі. гипогонадизм, гепатоспленомегалия, летаргия, буллезді дерматит және пустулезді даму байқалады. Ересектерде терінің гиперкератозы, дерматит жарасы, регенератор жүйесінің тежелуінің дамуы байқалады. Мырыштың Т-жасушасының депрессиясы, вирусты індетті, паразитті аурулар (гельминтоздар) пайда болады.


КОБАЛЬТ (Со)
Кобальт (Со) – адамның ағзасына қажетті микроэлемент. Ол сүт және сүт өнімдерінде, жемістерде, етте, бауырда, бұршақтарда көп кездеседі. Адам ағзасында қанда, көкбауырда, сүйекте, аналық бездерде, гипофизде, бауырда жинақталады.
Кобальттың жетіспеушілігінен қаназдық (анемиялар), невралгиялар, невроздар, полиартриттер, гепатиттер, көбею қызметтерінің бұзылуы байқалады.


МОЛИБДЕН (Мо)
Молибден (Мо) -адам ағзасынның тіршілігіне қажетті биомикроэлемент. Молибден энзимдердің белсенділігіне қажетті элемент. Барлық жерлерде кездеседі. Мыстың алмасуына қажетті әсер етеді. Адамның ағзасына қажетті тәуліктік мөлшері 0.2 мкг/кг. Адамның ағзасына ұннан жасалған тағамдар, бұршақтар, бауырлар, бүйректер арқылы түседі. Бауырда, бүйректерде, көздің торлы қабатының пигментерінде жинақталады. Ағзадан несеп-жыныс жолдары арқылы сыртқа бөлінеді. Молибденнің жетіспеушілігінен гепатиттер, пиелонефриттер, гломерулонефриттер, соқырлық пайда болады.
Молибденнің тағамда артуы подагра, өсудің тоқталуына, сүйектердің өзгеруіне, полиартралгияларға, анемияларға, бронхопневмонияларға ұшыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет