Діріл (Вибрация) — скалярлық шамамен сипатталатын нүктенің немесе механикалық жүйенің қозғалысынан туындайтын тербеліс.
Дірілдің жиіліктік спектрі 16 Гц-тен кем емес – инфрадыбыстық жиілігін, 16-дан 20000 Гц-ке дейінгі дыбыстық, 20000 — нан астам ультрадыбыстық жиіліктерді қамтиды.
16 … 20 Гц жиіліктен жоғары дірілмен бірге шу да шығады. Адам дірілді құбылыс жылдамдығы 1*10–4 м/с жеткенде сезінеді, ал жылдамдық 1 м/с жеткенде ауырсынуды сезеді.
Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия) болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады.
Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша дірілді келесі түрлерге бөледі:
• жалпы діріл - отырған немесе тұрған адам денесінің тірек бөліктері арқылы берілетін діріл.
• жергілікті діріл, адамның қолы арқылы берілетін діріл.
Пайда болу көзі бойынша дірілді: жергілікті діріл, І санатты жалпы діріл, ІІ санатты жалпы діріл, ІІІ санатты жалпы діріл деп бөледі.
• жергілікті діріл - механикалық қол құрал-саймандары арқылы (шойбалғалар, шегелейтін, шабатын балғалар, пневматикалық және электрлік перфораторлар, тегістейтін, бұрғылайтын машиналары, электро- және бензоаралар), машиналар мен қондырғылардың қолмен басқаратын органдары арқылы немесе өңделетін бөлшектерден адамға берілетін діріл;
• І санатты жалпы діріл – көлік дірілі;
• ІІ санатты жалпы діріл – транспорттық-технологиялық (экскаваторлар, көтергіш крандар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары және т.б.);
• ІІІ санатты жалпы діріл – технологиялық діріл (станоктар, сорғыш агрегаттар, ұсталық-сыққыш жабдықтар және т.б).
Спектр сипатына бойынша дірілді жіңішке жолақты және кең жолақты деп бөледі, жіңішке жолақты діріл – бұл кезде, бір октава жолағындағы бақыланатын параметрлері көршілес жолақтағы мәнінен 15 дБ артық жоғары болады, кең жолақты діріл кезінде үзіліссіз спектрінің кеңдігі 1октавадан артық болады.
Жиілігіне байланысты дірілді бөледі:
• төмен жиілікті - жиіліктің 1—4 Гц (жалпы діріл үшін) және 6-16 Гц (жергілікті діріл үшін) октавалық жолақтарында максимальды деңгейлерінің басым болуымен сипатталады;
• орташа жиілікті (жалпы діріл үшін 8-16 Гц және– жергілікті діріл үшін 31,5-63 Гц);
• жоғары жиілікті ( жалпы діріл үшін-31,5-63 Гц және– жергілікті діріл үшін-125-1000 Гц).
Уақыт сипаттамалары бойынша дірілдерді тұрақты және тұрақсыз ажыратады. Тұрақсыз діріл, уақыт бойынша айнымалы, үзілісті, импульсті болып бөлінеді.