Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Жұмыс орындарындағы жұмыс шуды өлшеу



бет124/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

9.6. Жұмыс орындарындағы жұмыс шуды өлшеу


Тұрақты жұмыс орындарында шуды өлшеу, шу көзі болып табылатын – өндірістік қондырғылардың орналасуына байланысты жұмыс орындарында жүзеге асырылады. Егер жұмыс орындары тұрақты болмаса, онда өлшеушілер жұмыс аумағында үш нүктеден аз емес жерлерде жүргізу қажет.


Өндірістік жайларда шу деңгейін бағалау технологиялық жабдықтың орналасуына байланысты; бір типтегі жабдықтар кезінде шуды өлшеу тұрақты үш жұмыс орнында жүзеге асырылады, бір типтегі жабдықтың топтық орналасуы кезінде – әр топтың ортасында, әр типтегі жабдықтардың орналасуы кезінде – жұмыс аумағының төрттен бірден кем емес учаскесінде шу өлшенеді.

Шу өлщегіш,діріл өлшегіш,спектр анализаторы


SVAN949

9.7. Шудың алдын алу


Өндірістік шумен күрес қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып саналады. Еңбек гигиенасының алдына қойған мақсаты шудың қарқындылығын ең төменгі мөлшерге жеткізу. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сай оймен атқарылатын жұмыс бөлмесінде шудың мөлшері 50дБ, басқару бөлмелерінде -60дБ, шу шығаратын қондырғылар орналасқан бөлмеде 80-85 дБ-дан көп болмауы керек. Одан басқа шудың әсер ету ұзақтығына және түріне байланысты өзгертулер қарастырылған. Шумен күрес кезінде ең алдымен шудың шығу себебін анықтап, соны жою керек. Мысалы, технологиялық процесті өзгерту арқылы, ал кейбір жағдайларда шудың пайда болу себебі станоктардың босаған болттарынан, станоктың жұмысы реттелмеген жағдайда немесе бұзылған жерлері болғанда болуы мүмкін, ол кезде, ол станоктарды жөндеу керек.


Шуды азайту үшін шуды көп шығаратын цехтарды бөлек ғимаратта, басқа цехтардан ше жаққа орналастыру керек. Мұндай цехтардың қабырғалары шуды бәсеңдететін материалдардан тұрғызылу керек. Егер мүмкін болса, шу шығаратын станоктарды шуды бәсеңдететін арнайы кабиналарға орналастыру керек немесе оларды шуды бәсеңдететін материалдармен қаптайды, ол үшін ағаш немесе асбесс колданылады. Кейбір жағдайларда қабырғаларды шуды бәсеңдететін материалдармен сылайды.
Машинамен жазатын бюроларда шуды азайту үшін қабырғаларын шүберек материалдармен қаптайды – драптайды.
Жеке қорғаныс құралы ретінде шуға қарсы құралдар қолданылады. Олар ішкі және сыртқы шуға қарсы құралдар болып бөлінеді. Ішкі шуға қарсы құралдар – мақтадан жасалған шариктер, кейде олар балауыз сіңдіріп қолдануға да болады, одан басқа арнайы резеңкеден жасалған қаптама қолданылады, оны сыртқы есту жолына қояды. Мұндай шуға қарсы құралдар адамдарда жағымсыз сезім тудырады, есту жолдарының беткі қабаттарын тітіркендіреді. Олар шудың мөлшерін 8-10 дБ-ға азайтады.
Сыртқы шуға қарсы құралдар гигиеналық жағынан тиімді болып саналады, оларға арнайы шуды азайту материалдарынан дайындалған құлақшалар жатады. Бұлар шудың мөлшерін 20-25дБ-ға азайтады. Жұмыс кезінде шуға қарсы құралдар 2-3 сағат қолданғанның өзі шудың зиянды әсерінен қорғанудың тиімді шарасы болып саналады.
Қарқындылығы 115дБ және одан да көп шудан қорғану үшін шудан қорғайтын шлемдер кию керек.
Шудың зиянды әсерінің алдын алудың тағы да бір тиімді шарасы – ол жұмыс арасындағы үзіліс кезінде және түскі үзіліс кезінде тыныш жерде тынығып алу. Орта есту жолдарында патологиясы бар адамдар шулы цехқа жұмысқа тұрса, бұрынғы ауруы асқынады. Сондықтан орта есту жолдарында патологиясы бар адамдарға шулы цехтарда жұмыс істеуге тыйым салынады.
Егер қатты шулы цехтарда жұмыс істейтін адамдар арасында мерзімді медициналық тексеру кезінде есту қабілетінің нашарлауы байқалса, ол адамды шу шығармайтын цехтарға ауыстыру керек. Мынадай аурулармен ауыратын адамдарға шулы цехта жұмыс істеуге тыйым салынады: есту қабілетінің мүкістігі бар, гипертония, асқазан жарасы, невроз және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет