Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет140/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Азот тотығы (нитрогаздар) әр түрлі азот тотықтарының (азот тотығы — NO, азоттың қос тотығы – NO2, азот ангидриді – N2O3) қоспасы болып табылады. Бұл газдардың көздеріне азот қышқылы, құрамында азоты бар тыңайтқыштар, күкірт, қымыздық қышқылдарының, анилин бояуларының, жарылғыш заттардың өндірісі, өнеркәсіптің металлургия және мұнай өңдеу салалары, электрлік дәнекерлеу жұмыстары және т.б. жатады. Ағзаға азот тотықтары ингаляциялық жолмен түседі. Клиникалық көрінісі қоспада қандай газдың басым болуымен анықталады. Барлық нитрогаздар төменгі тыныс жолдарының шырышты қабығын және өкпе тінін тітіркендіретін әсері бар, бұл кезде жоғарғы тыныс жолдары аз зақымдалады және азот тоықтарымен дем алу ешқандай айқын сезінулер тудырмайды. Уланудың бірінші белгілері нитрогаздардың жоғары концентрацияларымен дем алғанан кейін бірнеше сағат өткеннен соң дамиды («алдамшы саулық» кезеңі). Қатты жөтел, тұншығу, ентігу пайда болады, ауыр жағдайларда – бронхопневмония және жиі өлімге алып келетін уланудан болатын өкпенің сулы ісінуі дамиды.
Азоттың қос тотығы ең қауіптісі болып табылады, себебі ол азотты және таза азот қышқылына айланып тыныс жолдарының шырышты қабығын күйдіретін әсер береді және дамитын өкпенің сулы ісінуінің себебі болып табылады. Азот тотығының метгемоглобин түзуші әсері бар, бұл аноксемия дамуына, артериалды қысымның төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылуына әкеп соғады. Нитрогаздардың жедел әсері жүректе ишемиялық құбылыстар, миокардта дегенеративті өзгерістерді тудырады. Аз концентрацияларында ұзақ уақыт әсер етуі созылмалы уланулар дамуына әкеп соғады, оның негізгі көріністеріне жоғарғы тыныс жолдарының қабыну аурулары, бронхиттер, уланудан дамыған пневмосклероз, тістердің бұзылуы жатады. Сирек жағдайларда жүректе (миокардиттер), бауырда (улы гепатит), асқазан-ішек жолында (гастриттер, колиттер) кейбір өзгерістер байқалады.


Кәсіптік уланулардан сақтайтын маскалар

9.16. Арнайы киімдер және оладың жіктелуі


Арнайы киім жұмысшыларды қоршаған ортаның әркелкі зиянды әсерлерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Арнайы киім “Арнайы киім, арнайы аяқ киім және сақтандырғыш құралдардың төлемсіз берілуінің типтік салалық нормаларына” сәйкес 740 түрлі өндірістер, 40 түрлі өнеркәсіптің салалары жұмысшыларына, оның ішінде машина жасау, металл өңдеу, электрэнергетикалық, гидролиздік, ағашты-химиялық,жеңіл,тамақ,таулы,металлургиялық,химиялық,газ және т.б. өнеркәсіптер жұмысшыларына беріледі.Арнайы киімнің қорғау қасиеттері “Арнайы киім. Қорғау қасиеттері бойынша таңбалаумен”анықталған,осының негізінде арнайы киім:
1) жалпы қолданыстағы арнайы киім;
2)судан қорғау (су өткізбейтін,су тебетін,су тіреуіш) киімі;
3)радиоактивті ластанулар әсерінен қорғайтын,жоғары концентрациялы қышқылдардан (80 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде), орташа концентрациялы қышқылдардан (50 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) және аралас қышқылдардан (18 пайызға дейін күкірт қышқылына есептегенде) қорғайтын қышқылдан қорғау;
4)минералды майлар және мұнай өнімдерінен қорғайтын мұнайлы-майдан қорғау киімі;
5)токсинді емес шаң-тозаңнан қорғау киімі;
6)органикалық еріткіштерден қорғау киімі;
7)балқыған металдың қабыршықтарынан, от ұшқындарынан және шашырандылардан, сәулелі жылудан,конвекциялық жылудан, төмен температуралардан қорғайтын термоқорғау киімі;
8)айрозольді токсинді заттардан,сұйық токсинді заттардан және шаң-тозаңды токсинді заттардан қорғайтын улы химиялық заттардан қорғау киімі;
9)сілті сұйықтардан,шоғырланған сілтілерден,балқымалы сілтілерден қорғайтын сілтіден қорғау киімі;
10)электростатикалық зарядтардан,магнитті өрістен,жоғары жиілікті тоқтан қорғайтын электр тоғынан қорғау киімі болып жіктеледі.
11)Салалы киім – сәйкес министірліктер бойынша формалық киім ретінде құрастырылады.Мысалы,теңіз және азаматтық авиация,теміржол көлігі жұмысшылары үшін,қоғамдық тәртіп қауіпсіздік және басқа сала жұмысшыларына арналған киімдер.
12) Технологиялық киім – жоғары дәлдікті өндіріс жұмысшылары үшін арналған.
Жұмыскерлерге арналған өндірістік киім өнеркәсібінің барлақ салаларында келесі түрлердің жобалақ жіне бекітілген құжаттамасы бойынша шығарылады: костюмдер, күртешелер, шалбарлар, нымша шалбарлар, жартылай нымша шалбарлар, жадағайллар, жартылай жадағайлар, ішкиім, көкірекшелер (нымша, жилет), халаттар, алжапқыштар, биялайлар, бас киімдер, жартылай пальтолар, жеңқаптар (жеңселер), иықбаулар, бахилалар.
Көптеген салалар және өндірстер өзіне тек берілген өндірісте ғана кездесетін ерекше мамандықтардан басқа, өнеркәсіптің әртүрлі салаларына арналған жалпы мамандықтарды қосады, мысалы аппараты, жүктасушы, бақылаушы, зертханашы, машинист, монтер, шебер, механик, балташы, престеуші, слесарь және басқа.Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында бұл мамандықтың жұмысшыларына арнайы киімдердің әркелкі түрі берілуі мүмкін, сондай-ақ жыл мезгіліне байланысты жылытылған және жылытылмаған жұмысшы киімі және арнайы киім беріледі.
Әртүрлі климаттықтбелдеулерде аттас өндірістердің жұмысшылары әркелкі киілу мерзіміне берілетін, әртүрлі арнайы киімдермен қамтамасыз етіледі.Жұмысшы киім мен жалпы қолданыстағы арнайы киім ластанулардан да, механикалық зақымдалулардан да қорғаныстың бір түрімен қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет