Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет83/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

7.22. Аралас және қолдан тағам беру


Аралас және қолдан тағам беруді дәрігер белгілейді (ана сүтіне қоса қолдан жасалған тағам береді). Баланы осылый тамақтандырғанда тағамның мөлшері мен тамақтандыру уақытының жиілігін ғана ескеріп қоймай, сонымен бірге тағамның баланың жасына сай келуін, витаминдердің болуын ескерген жөн.


Дені сау балаға қосымша тағам ретінде: қайнатылған нәрге қосылған сүт, 5% қант қосылған қаймақта сүт, кефир, “малышка” қоспасы т.б. пайдаланылады. Әдетте қолдан тамақтандырғанда сиыр сүтінен дайындалған сүт қоспаларын, қаймақты, сүтті, “малыш”, “малютка” қоспаларын пайдаланады.
Емдік қоспаларды тек дәрігер белгілейді. Баланы ана сүтімен немесе қолдан тамақтандырғанда тағамды жылытып (36-37С0) береді (ол үшін электр плитасын пайдаланған қолайлы), баланы тамақтандырған сайын резеңке емізікті қайнатып алу керек. Емізіктің тесігі кең болса бала қақалады да, тағамнан бас тартады.
Баланы тізеге отырғызып, басын тік ұстап тамақтандыру қажет, ал төсекте тамақтандырғанда, оны қырынан жатқызады. Тамақтандырып болғаннан кейін тамағы сіңгенше 2-3 минут ұстап отырады. 5-6 айлық баланы тамақты қасықпен жеуге, ал 7-8 айлығында кесенің ернеуінен ішуге үйрету керек. Қолдан беретін тағамның әр түрлі болуын ескерген жөн.
Бірақ әр түрлі тағамды көп беріп, баланы жаман үйретуге де болмайды. 1 апталық және 1 айлық балаға ана сүтімен бірге қолдан тағам бергенде, жетпеген емшек сүтінің орнын жағымды қоспалармен толықтырады, қоспаларды емшек емізгеннен кейін беріп отырады, бірақ емшек емізу мөлшерін азайтпайды. Мұның айрықша маңызы бар, өйткені біріншіден ему емшек сүтінің мол шығуына ықпал жасайды, екіншіден емшек сүті қолдан берген тағамдардың бойға жағымды заттарын жақсы қорытады. 3-4 айдан кейін бірде емшек емізіп, бірде қолдан тағам беріп отыруға болады.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әр түрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Соңғы жылдары ақпарат ағымының көбейгеніне, жиі қосымша жүктемелердің берілуімен мектеп бағдарламаларының қиындағанына байланысты айтарлықтай өскен ақыл-ой мен денеге күш салу қазіргі балаларға тамақтану тәртібін құруда жауапты қадағалау қажеттілігіне әкеледі. Дұрыс берілмеген жүктемелер мен үйлестірілмеген тағам денсаулықтың нашарлауы мен созылмалы аурулардың асқынуына әкеп соғады.
Баланы жеткілікті мөлшерде тағамдық ингредиенттермен, дәрумендермен, макро және микроэлементтермен қамтамасыз ету иммундық жүйе жағдайын жасартып, қоршаған ортаның кері ықпалына ағзаның төзімділігін жоғарылатады. Мектепте ыстық тамақ ішетін оқушылар аз шаршайды және мектеп жүктемесін оңай орындайды. Уақытылы тамақтану, тамақтану мерзімін сақтау – бұл, ас қорыту жүйесі ауруының алдын алу болып табылады.
Мектеп оқушыларына таңғы ас міндетті түрде болуы керек. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет. Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек.
Тиімді тамақтану балалар мен жасөспірімдердің жасына қарай организмнің негізгі нәрлі заттарды қажетсінуін және олардың ара қатынасын ескере отырып ұйымдастырылуы қажет. Балалардың (1 жастан 3 жасқа дейін) тамағында ақуызға бай сүт және сүт өнімдері, ет, жұмыртқа болуы тиіс. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың күн тәуліктік рационында кем дегенде 600-800 мл сүт, ал мектеп жасындағы балалардың рационында 400-500 мл сүт болуы тиіс.
1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың майды қажетсінуін өсімдіктерден алынатын (күнбағыс, жүгері майы) маймен қамтамасыз ету керек, өйткені оларды организм жақсы сіңіре алады. Өсімдік майын көкөніс езбесі (пюресі) мен салатқа қосып беру керек. Балалардың тамағына жидек, жемістердегі және олардың өңделген өнімдеріндегі организмге тез сіңетін көмірсулардың болуының мәні зор. Балалар мен жасөспірімдердің тамағындағы белоктар, майлар мен көмірсулардың анағұрлым қолайлы ара қатынасы балалар үшін 1:1:3, ересектерге 1:1:4 болуы тиіс. Мұндай ара қатынастан едәуір ауытқу тамаққа жетерліктей мөлшерде нәрлі заттар мен дәрумендердің енгізілуіне қарамастан денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін.
Мысалы, тамақта әсіресе мал майының көп болуы баланың организміндегі зат алмасудың, ас қорытуының бұзылуына әкеп соғып, салмағын ауырлатады. Көмірсулардың артық болуы да зат алмасуын бұзып, семіртеді, ал тәттіні мөлшерден артық пайдалану балалар мен жасөспірімдерде диабет ауруының өрістеуіне әкеліп соғады. Балалар мен жасөспірімдердің тамағы әр түрлі болуы тиіс, ал біркелкі тамақ балалардың тәбетін нашарлатады.
Майлы етті тек мектеп жасындағы ересек балаларға (14-17 жастағы) беруге рұқсат етіледі. Шала қуырылған немесе ысталған сүр етті бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалу не ішек құрты жұғуы мүмкін. Сондықтан оларды балаға бермеген дұрыс.
Сондай-ақ тұзы көп немесе бұрыш, қыша, сілті көп қосылған ет және балық тағамдары 8-10 жастағы балалардың тамақтану рационынан алынып тасталуы керек. Алкоголь ішімдіктердің барлық түрі (сыра, үй наливкасы, тұнбасы) балалар мен жасөспірімдердің организміне зиянды әсерін тигізеді.
Ащы кофе, какао, шай ішсе, сондай-ақ шоколадты көп жесе, әсіресе, 3 жасқа дейінгі балалардың нервісі қозады. Егер бала балалар бақшасына немесе басқадай балалар мекемесіне барып төрт мезгіл тамақ ішетін болса, онда үйде қосымша тамақ берудің қажеті жоқ.
Ал бала барып жүретін балалар мекемесі тамақты екі немесе үш рет беретін болса, үйден қосымша тамақтандыру керек. Соңғы тамақ ұйықтардан 1,5-2 сағат бұрын ішілуі тиіс.
Тамақтану режимі және құрамы төмендегі пайыздық қатынас негізінде жүруі қажет:

Тамақтану режимі:



  • 1 Таңертеңгілік ас сағат 7.30-8.30 (20%-ын құрайды)

  • 2 Сәскелік ас сағат 11.00-11.30 (10%-ын құрайды)

  • 3 Түскі ас сағат 13.00-13. 45 (35%-ын құрайды)

  • 4 Түстен кейінгі ас сағат 16.30-17.00 (10%-ын құрайды)

  • 4 Кешкі ас сағат 19.00-20.00 (25%-ын құрайды)

Мектепте тамақтануды ұйымдастыру кезінде дұрыс тамақтану қағидасына бейімделу қажет. Таңертең алдағы жұмсалатын энергияны қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз мөлшерде тамақ өнімдері мен калориясы бар ыстық тағам сүзбе пісірмесі, сүт ботқасы немесе етті тағам ұсынылуы қажет.
Түскі ас біріншіден ыстық тағамнан, гарнирмен етті немесе балық өнімдері, ең жақсысы көкөністен болуы керек. Тамақ калориялығы күш қуатты жұмсау көлеміне байланысты белгіленеді, сондықтан да Колледж оқушылары үшін олардың оқу-өндірістік жұмысының сипатын есептей отырып, осы норманы 10-15%-ке арттыру қарастырылған.
Адам денесінің ұлпалары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40-45 кг судан, 16-17 кг ақуыздан, 7-10 кг химиялық элементтерден, 2,5-3 кг минерал тұздарынан және 0,5-0,8 кг көміртегінен тұрады. Қарап отырсақ, тамақтанудың тәуліктік мөлшерінің 70% мектепте жүргенде, сабақ уақытына сәйкес келеді екен, сондықтан мектеп асханасынан тамақтану ережелері мен гигиенасын бақылау және тексеру маңызды болып табылады.
Асқазан ішілген тамақтан шамамен 4 сағат шамасында босайды, сол себепті тамақ ішудің арасы 3-3,5 сағаттан кем және 4-4,5 сағаттан аспасын. Тамақты жиірек ішкен сайын асқазан –ішек жолдары жұмысының ырғағы бұзылады. Егер тамақ ішу аралығында үзіліс өте ұзаққа созылып кетсе, онда күшті ашығу сезімі туындайды және оны қанағаттандыру үшін көп тамақ ішу қажет болады, бұл да асқазанның қорытуын киындатады.
Белгілі бір сағаттарда ғана тамақ ішу маңызды. Бұл жағдайда ағзада уақытқа шартты рефлекс қалыптасады, яғни тамақ ішу белгіленген уақытта асқазан сөлі көбірек бөлінеді, тәбет ашылады, тамақты жақсы қорытуға жағдай жасалады.
Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақ ішудің жекелеген уақыттарды мектептегі сабақтың басталуына, олардың ұзақтығына, мектеп пен үй арасындағы жолға кететін уақытқа байланысты біршама ауысуы мүмкін. Дегенменде бұл айырмашылық 30-40 минуттен аспауы керек. «Сұлулық үшін» ішіп-жеу мөлшерден артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүруге де болмайды.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:

    1. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);

    2. Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумен, микроэлемент);

    3. Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;

    4. Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;

    5. Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық нормаға сай болуы. Тамақтану режимінің маңызды элементтерінің бірі – тамақтың қайда ішілетіндігі, тазалығы, құнарлығы т.б).

ТМД елдерінің жетекші ғалымдары балалар мен жеткіншектердің тамақтық заттар мен қуаты (яғни күнделікті рационының калориялығы) қажеттілік нормаларын жасаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет