Дәрумен А-ның улылық әсері: ағзаға дәрумен А-ның көп мөлшерде түсуі салдарынан улану пайда болады. Ол бас ми қысымының көтерілуімен, бас аурудың пайда болуымен, сүйектің ауырсынуы, гепатомегалия бауыр қызметінің бұзылуымен және қан жасаушы мүшелердің өзгерістерімен байқалады. Жүктілік кезінде дәрумен А-ның синтетикалық аналогтарын ұзақ уақыт қабылдағанда ұрықта туа біткен ақаулардың дамуы мүмкін.
D ДӘРУМЕНІ D дәрумені (кальциферол) рахитке қарсы, өзінің химиялық құрылысы жөнінен бұл дәрумендер стероидтар тобына жатады. D дәрумен балық майында, сиыр майында, жұмыртқа сарыуызында, жануарлардың бауырында, сүт және сүт тағамдарында көп кездеседі. Балалардың оның ішінде жаңа туған нәрестелердің қаңқасының қалыпты дамуына және минерализациясына қажет. Ал ересек адамдардың сүйек регенерациясы үшін өтe қажет. Балаларда D дәруменінің жетіспеушілігі – рахиттің, ал ересектерде – остеомаляция дамуының себебі, сүйектер жұмсақ және жеңіл майысқақ болып келеді. D дәрумен кальций метаболизмінде үлкен маңызы бар. Сонымен бірге паратироидты гормон және фосфор, сүйек минерализациясында үлкен рөль ойнайды.
Климаты ыстық елдерде D дәруменнің эндогенді синтезі терінің толқын ұзындығы 280-320 нм ультракүлгін жарығымен сәулеленуі арқылы 7-дегидрохолестерин арқылы ағзаны D дәруменімен қамтамасыз етіп отырады. Ал суық аймақтарда бұл дәруменнің тағам арқылы түсуі өте маңызды.
Балаларда D дәруменінің құрамының аздығы Рахит ауруын тудырады. Бұл ауру фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен және сүйек жасаушы, жүйке жүйесінің өзгеруі және ішкі мүшелердің бұзылуларымен сипатталады. Рахит, әдетте 1 жаста немесе өмірінің екінші жылдарында дамиды. Кейбір жағдайда балалар 4 жастан да жоғары болғанда ауруы мүмкін. Жүктіліктің екінші жартысында токсикоздың ауыр түрімен ауырған әйелдерде туа біткен рахит аурулары дамитындығы көрсетілген.
Рахиттың таралуы және клиникалық белгілерінің көрінісі әлеуметтік-экономикалық жағдайға және климаттық ерекшеліктерне байланысты болады. Рахитты ағылшын ауруы деп те атайды, себебі Англияның климаттық жағдайына байланысты (ылғалды, күн көзі аз себепті) аурудың дамуына әкеледі. Дамушы елдерде материалдық және тұрмыстық жағдайдың төмендігінен, дұрыс тамақтанбау осы аурудың қауіпті факторы болып есептеледі. Бұл аурудың дамуының тағы бір себебі көкірек жастағы нәрестелердің күтімінің дұрыс болмауы және дұрыс тамақтандырмау (мыс: жасанды қоректендіру кальций сіңірілуін тежейді).
Рахиттің және остеомаляцияның дамуының себептері болуы мүмкін.
1) D дәруменінің эндогенді синтезінің төмендеуі (мыс инсоляцияның жетіспеушілігі кезінде);
2) Ащы ішекте майда еритін дәрумендердің сіңірілуінің төмендеуі (дәруменнің тағам арқылы аз түсуі, билиярлы жолдың дистрофиясы, ұйқы безі және ашы ішек дистрофиясы);
3) Әр түрлі дәрілік препараттардың әсерінен дәрумен D-ның дегидротациялануы (мысалы: фенобарбитал);
4) Бүйрек ауруларында D дәруменінің белсенді синтезделу формасы төмендейді. [1,25-(0Н2) – D]. Ол ішекте сіңірілуін тежейді және сүйек депосынан кальцийдің шығуына әсер етеді;
5) Генетикалық тұрғыдан дәрумен D-ның белсенді зат алмасу рецепторларының толыққанды болмауынан мүшелердің мықтылығына кедергі болады;
6) Ағзада фосфаттардың азаюы бүйрек канал аппараттарының зақымдану себебіне оның сінірілуінің бұзылуына байланысты.
Рахит пен остеомаляция дамуына бауыр және бүйректің диффузды зақымдануы нәтижесінде бауыр және бүйрек жетіспеушіліктерінің дамуымен байланысты.
D дәруменінің болмауы себебіне тәуелсіз гипо-кальциемия деңгейінің жоғарылауы l,25-(OH2)-D (D дәруменінің активті формасы) және паратгормонның бүйректе фосфордың реабсорбцияның (қайта сорылудың) төмендеуі дамиды. Осыған байланысты қандағы кальций деңгейі қалыпты жағдайдағы қалпына келеді, бірақ фосфаттардың экскретциясы (бөлінуі) жоғарылап гипофосфатемия және сүйек минерализациясының (минерал заттардың алмасуы) бұзылуына соқтырады. Сонымен қатар бір мезгілде сілтілі фосфатазалар белсенділігінің жоғарылауына байланысты сүйек ұлпасының минералдық органикалық матриксінің синтез құбылысы бұзылады. Рахит кезінде жоғарыда айтылғандармен қатар магний, калий, мыс, темір, мырыш, кобальт, яғни бірнеше микроэлементтердің алмасуы бұзылады.
Осыған байланысты, рахитке мыналар тән:
Шеміршекте кальций мен фосфордың жиналуының төмендеуі.
Шеміршек жасушаларының дамуының шеміршек ұлпасының жүйелі түрде сұйық мөлшерде түзілуіне байланысты бүзылуы.
Остеоидты (сұйық) ұлпаларының шамадан тыс түзілуі.
Дезорганизации (реттіліктің бұзылуы) аймаққа аномальды (ауытқулы) капиляр және фибробласттардың өсуі.
Остеоидтық (сүйек) жұмсақ және шеміршек ұлпасының компрессиясы (қысылуы, сығылуы) және микрофактурасы. Ол қаңқа деформациясында көрінеді. Шамадан тыс шеміршек ұлпасының бойлық сүйектеріне қатысты қиғаш және көлденең бағытта тіл тәрізді пішінде орналасады. Остеоидты ұлпаның сүйекті ұлпаға айналуының бұзылуына байланысты, оның шамадан тыс түзілуі байқалады. Сүйекті түзілісінің эндо және периостеальды аймағында остеоидты ұлпа шамадан тыс жиналып, нәтижесінде остеофиттер, рахиттік "білезіктер" және таспиық саңылау пайда болады. Остеоидты ұлпада остеобластар саны азаяды. Әк жиналуы біркелкі емес және жеткіліксіз болады. Негізгі зат массасында орналасқан остеоциттер дистрофияалық (зат алмасу бұзылуы) өзгеріске ұшырап, ішінара өледі. Остеокласттар саны өсуіне байланысты, рахит кезінде сүйек ұлпаларының резорбция (сорылу, сіңу) құбылыстары байқалады. Сүйектердің жеткіліксіз минерализациясы сүйек ұлпаларының жұмсаруына алып келеді, соған байланысты қаңқаның, әр түрлі бөлігі деформацияға (өзгеріске) ұшырайды (рахиттік бүкіршілік т.б.)