Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет90/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   167
В2 (рибофлавин)

Коньюнктивиттер, стоматиттер, глоссит, дерматиттер, гипохромды анемиялар, арибофламиноз

В3
(никотин қышқылы,
РР-дәрумен)

Дерматиттер, диареялар, деменция. Пеллагра

В6 (пиридоксин)

Полиневриттер, анорексия, дерматиттер, гипохромды анемиялар, жүйке жүйесінің зақымдануы

В12 (цианокобаламин)

Пернициозды анемия

С
(аскорбин қышқылы)

Анемиялар, тістің арасындағы бұлшықеттеріне қан құйылу, герматроздар

Р
(флавин, катехиндер)

Қан тамырларының капилярлы өзгерістері (майда-нүктелі қан ұйылу)

А (ретинол)

Тауық көз (түнгі су қараңғы), ксерофтальмия, гемералопия, дерматиттер, жұқпалы ауруларға сезімтал

D (эргокальциферол)

Рахит, тістердің кариесі, остеопороз

Е (токоферол)

Бұлшық еттердің дистрофиялары

К (филлохинондар)

Геморрагиялық белгілері (мұрынның және тістердің еттерінен қан кету), тері геморрагиялары, қан ұюының бұзылуы

VIII бөлім. Дәрумендер




8.1. Майда жақсы еритін дәрумендер




А ДӘРУМЕНІ
А-дәрумені-ксерофтальмияға қарсы. Бұл дәрумен күнделікті тағам арқылы адам ағзасына түсуі қажет. А-Дәрумені балық майында, бауырда, майларда, жұмыртқа сарыуызында түзіледі. Өсімдіктердің каротин пигментінен түзіледі. Жасыл шөптерде, капустада, сәбіздерде каротин көп болады.
Дәрумен А (ретинол) майда еритін дәрумендерге жатады және көбеюде, иммундық статусты көтеруге, көру қызметіне (фоторецепция), эпителий ұлпаларының салыстыруымен тығыз байланысты. Дәрумен А-ның көзі каротинге бай: өсімдік, сәбіз, итмұрын, шие, асқабақ екені белгілі. Құрамында каротиннің көп болуы сары майда, сүт кұрамында тауық жұмыртқасының сарысында, бауырда анықталады.
Дәрумен А-ның негізгі қоры бауырда сақталады. Олар сонда ретинол түрінде жаңарып отырады. Ретинол қосылысы түрінде қанда тасымалданатын – ақуыз. Дәрумен А-ның бауырда қоры әлдеқайда көп, сондықтан тағамның құрамынан алып тастағанның өзінше клиникалық белгілері 2-3 жылдан соң көрінеді.

Дәрумен А-ның біріншілік жетіспеушілігі дамушы елдердегі балаларда жиі байқалады және екіншілік авитаминозға қарағанда ауыр өтеді. Дәрумен А-ның екіншілік жетіспеушілігі патологиялық құблыстардың дамуымен байланысты мыс: билиярлы жолда, асқазан асты безінде, бауырда, ащы ішекте. Бұл жағдайда дәрумен А-ның сорылу құбылысы бұзылады.


А дәрумен жетіспеушілігінің алғашқы симптомдарына (белгілеріне) ағзада қараңғыда көру қабілетінің бұзылуы (түнгі су қараңғы) жатады. Бұл дәрумен А-ның альдегиді-ретиналь-көру пигментінің құрамына кіреді. Ол опсиннің суда ерімейтін ақуыз жарғақшасының қосындысына кіреді және онымен байланысты ретинол хромофор жиынтығын құрайды.
Көру пигментіне жарықтың әсерінен фотохимиялық айналым циклі өтеді-ретиналдың стереохимиялық конверсиясы (цис формадан транс формаға), нәтижесінде жарық сигналы жүйке жүйесіне тасымалданады. Пигменттің белсенді түріне ауысуы (цис формасы) изомераза ферментінің қатысуымен өзінен өзі қаранғыда жүреді. Бұл құбылыстардың жүзеге асуы үшін дәрумен А-ның көптеген мөлшері қажет. Сол себептен оның аздығы немесе жетіспеушілігі родопсиннің (көру пигментінің) түзілуінің бұзылуына әкеледі, бұл соқыр тауық ауруының негізгі себебі болып табылады.
А дәруменінің болмауы кезінде ксерофтальмия дамиды. Оның негізінде мүйізді эпителийдің метаплазиясы және мүйізденген эпителийдің жалпақ, көп қабатты коньюктивтер жатыр. Бір мезгілде көз жас бездерінің секреторлық белсенділігінің бұзылуынана трофияның құрғауы пайда болады. Олардың мөлдірлігі жоғалады. Ары қарай мүйізді қабық ұлпасының дистрофиясы және некротикалық құбылыстар-кератомаляция және панфтальмия дамиды.
Физиологиялық регенерация құбылысының бұзылуынан атрофияланған эпителий және метаплазия жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатында, бронхта, ауыз қуысында, зәр шығару жолдарында байқалады. Бронх эпителийінің метаплазиясы бронхтың қорғаныштық қызметін төмендетіп, бронхта және өкпеде қабыну құбылыстарының дамуына жағдай жасайды. Бронх эпителиінің метаплазиясының көп қабатты жабыны оның қорғаныш құрамын төмендетеді. Бронхта және өкпеде қабыну құбылыстарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Бүйректің, несепағардын және қуыктың эпителилді метаплазиясы салдарынан пиелит, цистит, күрделі жағдайда тас пайда болуы себеп болады. Теріде фолликулярлық гиперкератоз байқалады.
Осы жазылған шырышты қабықтың өзгеруінен қабыну құбылыстары және жара пайда болуы мүмкін. А дәруменінің болмауы кезінде жараның жазылуы кешеуілдейді.
А дәруменінің салыстырмалы жасушаға әсер ету механизмі толық белгілі емес. Бұл стероидты гормондардың әсер ету механизмдерімен байланысты деген болжам бар. Дәрумен А метаплазия эпителиінде және оның синтетикалық аналогтары рак ауруын емдеуге қолданылуы мүмкін. Плазмада ретинолдың деңгейінің төмендігі және өкпедегі рактың дамуы арасында корреляция бар екендігін дәлелдейді.
Қанның құрамында ретинол деңгейінің көбеюі тек қана өкпе рагын ғана тоқтатпайды. Сонымен бірге базальды-жасушалық қатерлі ісік регрессиясы, меланома, жарақат алған жердің ретинолдың аппликациясынан әр түрлі ісінген гиперплазиялары көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет