Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері



бет65/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

7.6. Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері


Еңбек деп адамдардың өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи заттардың түрін өзгертіп, өз қажеттіліктерін өтеу үшін ыңғайлап, көзделген мақсатқа сәйкес жасалған іс-әрекеттерін айтады. Еңбек тек қана әлеуметтік емес, сонымен қатар биологиялық категория болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық және мәдени дамуына жағдай жасайды. Ол организмдегі биологиялық процесстердің дұрыс жүруіне қажетті адам өмірінің құрам бөлігі және өсіп келе жатқан жасөспірімдердің әлеуметтік іс-әрекетке толық қабілеттілігі болып табылады.


Бірақ, төменде көрсетілген шаралар: еңбектің көлемі мен негізі организмнің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі; еңбектік іс-әрекеттердің қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайы; организмге түсетін жүктемелерді ақырындап, "баспалдақты" түрде жоғарылату ережесінің қатал сақталуы; еңбектік іс-әрекеттердің қарқыны мен әсер ету уақытының қатал регламенттелуі сияқты белгілі шаралар сақталғанда ғана адам еңбегі организмнің дамуының ең мықты факторы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған еңбек организмнің жаттығуын, дағдылану механизмін жеделдетіп, төзімділігін арттырады, қызмет қабілетін жоғарылатады, жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, жалпы денсаулықты нығайтады. Еңбек процессі дұрыс қойылса, жұмыс ритмінің жақсаруына әсер ететін жоғарғы жүйке орталығының динамикалық стереотипі қалыптасады.
Уақыт тығыздығы организмнің ритмділігіне сәйкес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, күнделікті уақыттың дұрыс пайдаланылуын және соған сәйкес ми қыртысындағы қозу және тежелу процесстерінің дұрыс алмасып тұруын қамта-масыз етеді. Мұндай жағдайда жұмысты өте жоғары қарқынмен орындағанның өзінде қажу басталмайды. Керісінше, жұмыс уақытының тығыздығының төмендегі, организмнің ритмділігінің жоқтығы, жұмыс қарқыны төмен болғанның өзінде қажу дамуын жеделдетіп, организмнің қызмет қабілетін азайтып, физиологиялық көрсеткіштерін төмендетіп жібереді.
Балалардың қызмет қабілеті жас мөлшеріне байланысты, организмдерінің функционалдық жүйелерінің жетілуіне, олардың дұрыс реттелуіне сәйкес қалыптасады. Жұмыс процесстерінің ауысып тұруы, оның әртүрлілігі, ұзақ уақыт бірыңғай жұмыс істегеннен пайда болатын тежелу әсерін жойып отырады. Еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау, жүйке жүйесіне аса көп жүктеме түсірместен, динамикалық стереотипті қалыптастырады. Бұл жағдайдың өсу мен даму процесстері әлі жетілмеген балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы өте зор.
Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта: еңбектің мазмұнына, еңбектің тәртібіне және еңбектің жағдайына жүргізіледі. Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қаупі туа бастайды.
Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін шеберханалардың жұмыс зонасының ауасында зиянды химиялық заттар жоғары концентрацияда болады, ал, токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл деңгейі жоғары болып келеді.



Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі де аз. Фармакологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін, дене салмағының әрбір килограмына есептелінгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдерге өндірістік химиялық заттардың әсері ересектерге қарағанда анағұрлым қауіптірек екендігі туралы қорытынды жасауға болады.


Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен болып келеді, ал, өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді.
Сонымен қатар, балалар организмінде улы заттарды детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екен. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады:
1. Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;
2. Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.
7.7. Еңбекке тәрбиелеу тәртібіне қойылатын гигиеналық талаптар

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке тәрбиелеудің негізгі түрі еңбек сабағы, оның саны әр сыныптарда оқу жоспары бойынша 2 сағаттан қарастырылған: 5-7 сыныпта аптасына бір рет екі еселенген сабақ жүргізіледі, 8-9 сыныпта еңбек сабағы үшін аптасына 3 сағат, 10-11 сыныптар үшін 4 сағат бөлінеді.


5-10-сынып оқушылары үшін жыл сайын еңбек іс-тәжірибесі өткізіледі:оның ұзақтығы 5-7 сыныптар үшін күніне 3 сағаттан, 8-9 сынып оқушылары үшін 4 сағаттан 10-11 сыныптарда 6 сағаттан аспауы керек. Еңбек бірлестіктерінде болу уақыты 3-4 аптадан аспауы керек.
Еңбек сабақтары түске дейінгі кезеңдерде 3-4 сабақтарда және түстен кейінгі кезеңде 1-2 сабақтарда жүргізілсе ең тиімдірек уақыттарға қойылған болып саналады. Апта ішіндегі күндерден еңбек сабағына сәрсенбі және бейсенбі күндерін алған дұрыс. Осындай тәртіп мектеп оқушыларының қызмет қабілетінің төмендемеуінің алдын алудың ең тиімді жолы болып табылады. Мектеп шеберханаларының мүмкіндіктері шектеулі болған жағдайда, мұндай тәртіп, оқу жағдайлары қиын сыныптар үшін ұсынылады (жаңа тәртіптерді бастайтын, соңғы емтихандар тапсыратын т.б.).
Балалар организмі қозу, зат алмасу процесстерінің жоғарлығымен және төзімділігінің аздығымен сипатталады. Сондықтан, үзіліссіз еңбектің ұзақтығы бірінші сыныптарда 5 минут, 2-ші сыныпта 5-7 минут, 4-ші сыныпта 10 минут, 5-7 сыныптарда 15 минут болуы керек. Егер жұмыс процесстері қиын болса, онда көрсетілген уақыттар одан да көбірек қысқарады. 1-2 сыныптарда практикалық жұмыстардың жалпы ұзақтығы 20-25 минуттан, ал, 3-4 сыныптарда 30-35 минуттан көп болмауы керек. Бүтіндей алғанда, жеңіл операцияларды қоса есептегенде еңбек сабағының тығыздығы жалпы уақыттың 80%-нан жоғары болмауы керек. Еңбек сабағының тәртібіне қойылатын негізгі гигиеналық талаптар:

  1. Мектеп оқушыларының еңбек сабағынан алатын тапсырмалары 3-5 операциядан кем болмауы керек;

  2. Операцияларды жасау арасында, құрал-саймандарды ауыстыру үшін 1-3 минуттық үзіліс жасалуы керек және мұндай үзілістер жақсы демалыспен қамтамсыз етілуі керек;

  3. Бастауыш мектептерде екі еңбек сабағын қатар жүргізуге болмайды;

  4. Жұмысқа қалыптасқан стереотипті бұзып алмау үшін, денешынықтыру үзілісі бірінші сабақтың соңында немесе екінші сабақтың басында жүргізілуі керек. Қосалқы емес жеке сабақтарда 15-20 минуттан кейін жүргізіледі. Қосалқы сабақтардың арасында міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалуы керек.

  5. Сабақтың тығыздығы, оның жалпы ұзақтығының 60-80% мөлшерінде болуы керек, өйткені тығыздығы одан төмен болса динамикалық стереотип қалыптаспайды.

  6. Денсаулығында кемшіліктері бар мектеп оқушылары ерекше бақылауға алынады.

8-11 сыныптағы мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиелеу үшін 6-7 сағаттан тұратын аптасына 1 күн бөлінеді, оның 3-4 сағаты сабақ түрінде өтуге, қалған 2-3 сағаты міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбекке арналады. Мұндай еңбекке тәрбиелеу тәртібінің күнделікті оқу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Әрбір 45 минуттан кейін 10 минуттық үзіліс жасалады, ал, түс кезінде тамақтануға 30минут уақыт берілді. Алғашқыда 1-2 теориялық сабақ, одан соң 3-5 тәжірибелік сабақ жүргізіледі.
Мектеп оқушыларының жыл сайынғы іс-тәжірибесі еңбек күнінің бірінші жартысында, ал, өндірістік жұмыс орнында өтетін болса 1-ші аусымда жүргізілуі керек. Мұндай жұмысты түнгі ауысымға қоюға тыйым салынады. Жұмыс істеген кезде, дене тұлғасы амалсыздан ыңғайсыз жағдайда тұрса және жұмыс едәуір жүктеме түсіретін болса, әрбір 45-60 минуттан кейін міндетті түрде 10 минуттық үзіліс жасалады. Барлық мектеп оқушыларына, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына әртүрлі жұмыс түрлерін кезекпен жүргізу керек, құрал-саймандар балалардың жасына сәйкес болуы керек.
Балалардың да, жасөспірімдердің де еңбекке төзімділіктері ересек адамдарға қарағанда төмен болады. Оларда жұмысқа үйреніп, дағдылану кезеңі ең жақсы жұмыс қабілеті кезеңінен жоғарырақ және жұмысқа қабілетін қайтадан қалыптастыру кезеңі ұзағырақ болады. Сондықтан, мектеп оқушыларының организмі қысқартылған жұмыс күнінің өзінде, әрбір 2,5-3 сағат жұмыстан соң үзіліс қажет етеді. Сол үзіліс өндірістегі жалпы түскі үзіліске сәйкес келуі үшін, мектеп оқушыларының жұмыс күнін жұмысшыларға қарағанда 1 сағат кейін бастау керек. Жұмыс уақытының ең қолайлы ұзақтығы, әрбір мамандықтың өз ерекшеліктеріне байланысты болады.
Мектеп оқушыларына міндетті түрде өткізілетін қоғамға пайдалы еңбектердің тәртібі, оның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сыныпта немесе асханада кезекші болу, оқу жүріп жатқан күндері өткізіледі, ал, бөлме жинау, табиғатты қорғау, екінші шикізат жинау өндірістік еңбекке оқыту уақытынан тыс жүргізіледі. Мұндағы ең бастапқы мақсат, мектеп оқушылырының организміне үлкен жүктеме түсірмеу және денсаулықтарының қауіпсіздігін сақтау. Сонымен қатар, олардың ынтасын жойып, қажытатын және тәрбиелеу сапасын кемітетін ұзақ уақыт біржақты тапсырмалар беруден сақтану керек. Кезекшіліктің кестесі ыңғайлы жасалған болуы керек.
Жазғы каникул кезіндегі пайдалы еңбек оқушылардың күн тәртібінде ескерілуі керек және тек қана таңертеңгі уақыттарға жоспарлануы керек. Оқушыларға кешкі және түнгі жүмыстарды істеуге мүлде болмайды. Түнгі ұйқының уақыты қысқармауы үшін оларды таңертең өте ерте оятуға болмайды. Мектеп оқушылары өндіріс орындарында жұмыс істеген кезде, өздері тапқан есеп ақы есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет