Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Ерте жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері



бет81/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

7.21. Ерте жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері




Емшектегі баланың тамағы. Емшектегі бала тамақты көп талап етеді, бірақ оның ас қорытатын органдары әлі жетілмегендіктен, ішкенін сіңіру мүмкіндігі өте шектеулі. Сондықтан баланы алғашқы күннен бастап-ақ емшек сүтімен қоректендіру керек: емшек сүті жеңіл қорытылады, онда балаға қажет қоректік заттың барлығы бар.
Сондықтан да ана сүтінің маңызы ерекше. Емшек сүтінің молдығы мен сапасы ананың белгілі режимді сақтауына және ішетін тамағына байланысты. Емшекте баласы бар әйелге арнайы диета ұстаудың қажеті жоқ. Әр түрлі және үйреншікті тағам – ананың денсаулығын дұрыс сақтаудың және сүтінің мол болуының басты кепілі болып табылады. Соның өзінде емшекте баласы бар әйел күніне кем дегенде 0,5 л сиыр сүтін ішуі керек, ананың ішімдік ішуіне, темекі тартуына мүлде болмайды, сондай-ақ ол пияз, сарымсақ т.б., ащы тағамдардан бас тартқаны жөн.
Баланы емізуден ешқандай зиян келмейді. Бірақ әйел қатты науқастанған жағдайда (мысалы, өкпе туберкулезіне шалдыққанда, жүрегі қабынғанда, қант диабеті асқынғанда, бүйрегі ауырғанда), бала емізу анасының денсаулығына немесе балаға кері әсер ететін болғанда дәрігер бұған тыйым салу жөнінде кеңес беруі мүмкін. Анасы созылмалы инфекциялық сырқатқа шалдықса, баланы оңашалайды да, оны сауып алып, стерильденген ана сүтімен қоректендіреді.
Анасының сүті көп болғанымен, емшегінің үрпі қаттылығынан бала дұрыстап еме алмаса, емізер алдында сүтінің біразын сауып алу керек. Ана жүктілік кезінде емшегінің ұшы дұрыс шықпаса, онда оны қолмен созғылап массаж жасайды, баланы емізгеннен кейін емшекті сүт сорғышпен сорғызып отырады.
Үрпі жарылған жағдайда немесе мастит пайда бола бастағанда баланы емізуді тоқтатудың керегі жоқ, бірақ міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Емшекте ірің пайда болғанда ғана емізуді уақытша тоқтатады. Етеккірдің келуі баланы емізуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс.
Бала емізетін кезеңде қобалжуға және ренжуге болмайды, өйткені мұндай жағдайда сүт азаяды немесе мүлдем шықпай қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет