Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет82/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   167
Баланы емізу тәртібі. Баланы емізер алдында қолды сабынмен мұқият жуып, ал емшек пен үрпіні қайнаған суға немесе бор қышқылының ерітіндісіне (1 стакан суға 1 ас қасық) малынған мақтамен сүртіп, тазалайды. Алдымен шамалы сүтті сауып тастайды. Нәресте туғаннан кейін алғашқы 4 күнде жатып емізеді де, одан кейін отырып емізеді. Баланы емізу үшін аяғының астына орындық қойып (қай емшегін емізсе сол жақ аяғына қояды), аласа орындыққа ыңғайланып отырады.
Анасы бір қолымен баланы ұстап, екінші қолымен емшекті оның аузына ыңғайлап салады: баланың мұрнын жауып тұншықтырмауы үшін 4 саусағымен емшекті көтереді де, бас бармағымен жоғарғы жағынан ұстайды.
Әр жолы баланы тек бір емшекті толық тауысқанша емізеді, егер бала сүтті таусып еме алмаса, онда қалған сүтті міндетті түрде сауып тастау керек. Баланы 15-20 минут емізеді (кейде бала 10-15 минутта еміп бітіреді). Дегенмен емізу уақыты 20-30 минуттан аспауы тиіс. Егер бала жөнді еме алмаса, онда 20 минуттан кейін емізуді тоқтатып, сауып алынған сүтті қасықпен беру қажет. Бала емшекті көңілсіз, солғын емсе, онда тәбетін ашу және жұту рефлексі үшін аузына бір-екі тамшы сүт сауып тамызып, емшекті одан кейін емізу керек.
Егер сәби еміп жатып қалғып кетсе, емшекті ақырындап аузынан шығарып оятады, сонда бала қайтадан еме бастайды. Емізіп болғаннан кейін баланы төсегіне жатқызады да, емшегін қайнаған сумен жуып, таза дәкемен сүртіп құрғатады, содан кейін үрпісіне вазелин жағады. Баланы алғашқы күннен бастап, белгілі бір уақытта емізіп үйрету керек, өйткені баланың тамақ қорытуға қажетті шартты рефлексі қалыптасады.
Режимсіз емізген баланың көп жағдайларда тамақ қорытуы мен ұйқысы бұзылады. Егер сәби еміп жатып 15-20 минут артық қалғып кетсе, онда оны ояту керек, егер ол емізу уақытынан 15-20 минут бұрын оянып, мазасыздана бастаса, уақытынан бұрын емізуге болады. Емізу уақытының жиілігі баланың жасына байланысты:
Сәбиді алғашқы 3 айлығында түнде 6 сағат үзіліс жасап, әр 3 сағат сайын, небәрі 7 рет емізеді (6,9,12,15,18,21,24 сағатта);
3 айлығынан 5 айлығына дейін 6,5 сағат үзіліс жасап, 3,5 сағат сайын, небәрі 6 рет;
Ал 5 айлығынан 1 жасқа дейін түнде 8 сағат үзіліс жасап, 4 сағат сайын, небәрі 5 рет емізеді.

Балаға керекті сүттің тәуліктік мөлшері оның жасына байланысты және ол төмендегідей бөлінеді:



  • бір апталық баланы 10ХпХ7 формуласы бойынша емізеді. п – баланың өмір сүрген күнінің саны болып табылады;

  • 2 айлық бала тәулігіне 800 мл сүт емеді, ал 2 ай толғанға дейін ол аптасына 50 мл сүт аз ему керек, сондай-ақ 2 айдан асқанда әр айда 50 мл сүт көп ембеуі тиіс;

  • 2 аптадан 6 аптаға дейінгі нәресте тәулігіне денесінің салмағына 1/5-1/6, 6 апталығынан 4 айлығына дейін – 1/6; 4 айлығынан 6 айлығына дейін – 1/7-1/8 салмағына тең мөлшерде тағам қабылдауы керек. Сонда тағамның тәуліктік мөлшері 1000 мл-ден аспауы тиіс;

Баланың тыныштығы, кіші дәретке жиі-жиі отыруы (күніне 15-16 рет), салмақты жақсы қосуы (бірінші жарты жылдығында күніне 20-25 г және екінші жарты жылдығында 15-20 г) – тағамның жұғымды екендігін көрсетеді. Балаға емшек сүтінен басқа міндетті түрде қайнатылған су беру керек (жылдың суық кезінде кемінде 50-100 мл және ыстықта 100-200 мл);
Бір жарым айлық балаға көкөністердің, жеміс-жидектің шырынын да беруге болады.
Баланы шырынға өте абайлап үйрету қажет, яғни алғашқы кезде 3-5 тамшыдан беріп, кейін біртіндеп көбейтеді. 5 айлық бала күніне 40-50 г, ал бір жасқа толғанда оның мөлшері 80/100 граммға жетуі тиіс. Әр жаңа шырын ішкен сайын оның мөлшерін біртіндеп көбейтіп отырады. Күн сайын бір шырынды қайталап бере бермей, оны жаңалап отырған жөн. Сәби үшін сәбіз шырыны өте пайдалы, бірақ оны да күнара берген дұрыс. Егер бала науқастанса, онда шырын бермеу керек.
Сондай-ақ бала құсса, лоқсыса, іші өтсе, шырын ішкізуді тоқтатып, міндетті түрде дәрігерге көрсетеді. 2 айдан кейін, балаға үгілген алма береді, алғашында ½ шай қасық, ал 3-4 күннен кейін оның мөлшерін біртіндеп 2 ас қасыққа дейін жеткізуге болады. Баланы қосымша тамақтандыруды 4,5-5 айдан кейін, яғни емшек сүті жарыта алмаған кезде бастайды.
Алғашқы кезде тағамды аздап беріп, кейін біртіндеп әр тағамға үйретеді. Сәби алдыңғы ішкен тағамына үйренгенде ғана жаңа тағам беруге болады. Баланы емшектен оңай шығару үшін емізуді біртіндеп сирете бастайды. Су, шырындар, балық майы қосымша тағамға жатпайды. Алғашқы қосымша тағам – көкөніс езбесі(пюресі) (4-5 шай қасықтан бастайды), оның мөлшерін 4-5 күн ішінде 120-180 грамға дейін арттырады;

  • 5 айлық балаға 4 рет емшек еміп, 1 рет көкөніс езбесі (пюресін) және бұдан басқа әр түрлі шырын мен балық майын береді;

  • 5-5,5 айлық бала тағамының рационына 5% ботқасы (100 г сұйыққа 1 ас қасық жарма қосады) мен кисель қосуға болады;

  • 5,5-6 айлық балаға 10% ботқа (манный каша), әр түрлі көкөніс езбесін (картоп, сәбіз, капуста, аралас пюрелер) береді, алғашқы кезде 2-3 қасықтай беріп, кейін 150 грамға дейін жеткізеді;

  • 6-7 айлығында ет сорпасын, пісірілген жұмыртқаның сару уызын;

  • 7-8 айлық балаға – қытырлақ нан, күлше (печенье);

  • 7,5-8 айлық балаға – ет езбесі (фаршын) береді;

  • 8 айлығында – 3 рет емізіп, 1 рет ботқа, 1 рет 150 г көкөніс пюресін, бұдан басқа 70 г сорпа (көкөністің немесе еттің), 50 г ақ ірімшік (күнара-ақ ірімшік пен жұмыртқаның сары уызын араластырып үгіп береді), пісіріп үккен етті жегізеді 25-30 г;

  • 10 айлық балаға ет пен балықты пюре жасап немесе фрикаделька түрінде береді;

  • 11-12 айлық баланы 1 рет қана емізеді, тағамының рационына ет котлетін және сорпа енгізеді;

  • 1 жаста баланы емшектен шығаруға болады.

Баланы емшектен шығарарда анасы сұйық тағамды аз ішуі тиіс, сонда 3-4 күнде сауылып кетеді. Балаға ана сүті мен қоса қант қосқан айран беруге болады. Сәбиді күн ыстықта немесе ауырғанда шығаруға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет