Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Эрадикацияны жасау жобалары



бет40/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69
Эрадикацияны жасау жобалары
7-10 күнді «үшқұрамдық» емі («триплеттік») жобаларының сызбалары.
1- сызба
1. Омепразол 20 мг 2 рет немесе ланзопразол 30 мг 2 рет;
2. Метронидазол 400 мг 2 рет;
3. Кларитромицин 250-500 мг 2 рет немесе амоксициллин 500 мг 4 рет,
немесе 1 г 2 рет, немесе екеуін жұптастырып: кларитромицин 500 мг
+ амоксициллин 1 г күніне 2 рет.
2-сызба
1. Фамотидин (квамател) 20 мг 2 рет;
2. Амоксициллин 500 мг 4 рет;
3. Метронидазол (клион) 500 мг 2 рет.
Соңғы кездерде үшқұрамдық емнің (ремиссияға жету) және емнің
нәтижесін бекітіп жалғастыру (ремиссияны бекіту) принциптері
қолдануда:
3- сызба
Үшқұрамдық ем (контролок, клацид, клион).
5.3 Геродиететиканың негізгі принциптері. Тамақтану тәртібі
Ағза қартайған сайын зат алмасудың және ағза қызметінің бұзылуы әртүрлі болады және тамақтануда қажетті түзетулерді керек етеді. Қарт жастағы адамдарда тамақтану сұрақтарымен геродиететика ғылымы айналысады.
Қарт жастағы адамдарда негізгі байланыс және физикалық белсенділік төмендейді, сол себепті тағамның энергетикалық құндылығы төмендейді.
Қарт жастағы адамдарда тәуліктік энергияның қажеттілігі

Жасқа байланысты топтар

Тағамның энергетикалық құндылығы, ккал



Ерлер: 60-74 жас
75 жас және жоғары



2300
2000



Әйелдер: 60-74 жас
75 жас және жоғары



2100
1900



Қарт жастағы адамдарда дәрумендердің және минералдардың


тәуліктік қажеттілігі
Дәрумендер
және
минералды
элементтер
Ерлер Әйелдер
60-74 жас 75 жас және
жоғары
60-74 жас 75 жас және
жоғары
Тиамин, мг 1,4 1,2 1,3 1,1
Рибофлавин,мг 1,6 1,4 1,5 1,3
В6 дәрумені,мг 1,6 1,4 1,5 1,3
В12 дәрумені,мг 3 3 3 3
Фолацин,мкг 200 200 200 200
Ниацин,мг 15 13 14 14
Аскабин
қышқылы,мг
58 50 52 48
Е дәрумені,мг 15 15 12 12
Д дәрумені,мг 100 100 100 100
Кальций,мг 800 800 800 800
Фосфор,мг 1200 1200 1200 1200
Магний,мг 400 400 400 400
Темір,мг 18 18 18 18
Қарт жастағы адамдар топтарында атеросклероз, семіздік, қант диабеті, артериалды гипертензия, онкологиялық аурулар, остеопороз және т.б. аурулары жиі кездесетіндіктен аурудың алдын алу үшін тағамның құрамы таңдау қажет.
Физиологиялық қажеттілігіне орай тағамның энергосыйымдылығын шектеу қажет, тағамдағы холестерин құрамы тәулігіне 200-300 мг., жалпы тағамның энергетикалық құндылығынан майды 25-30 % төмендету қажет.
Көмірсу мөлшері жалпы тағамның энергетикалық құндылығының 55-60% құрайды, соның ішінде жеңіл сіңірілетін көмірсу (қант) 30-35 г/тәулігіне төмендейді.
Дене салмағының массасына ақуыздың мөлшері 1,0+-0,8г-нан аспауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет