Жас келе ағзаға алмастырылмайтын макро- және микроэлементтердің түсуі теңестірілген болуы қажет.
Бір ингредиенттің жетіспеушілігі немесе көп болуы кәрі жастағы адамдарда зат алмасудың бұзылуына алып келуі мүмкін.
Ресей федерациясының тағамтану институты егде және кәрі жастағы адамдарда ақуыз, май және көмірсудың келесі қатынасын ұсынады: 1,0:0,8:3,5.
Тамақтану тәртібі Тәулік бойы тамақтану реті қатаң регламенттелген болуы қажет. Ең дұрыс рационалды тамақтану 4 реттік болып саналады. Осы жағдайдағы тамақтануда таңғы ас жалпы тәуліктік энергетикалық құндылықтың 25%, екінші таңғы ас 15%, түскі ас 35%, кешкі ас 25%-н құрайды.
Соңғы тағамды ұйқыға дейін 2 сағаттан кешікпей қабылдау қажет. Қарт жастағы адамдардың диетотерапиясы әр түрлі ауруларда геродиететиканың негізгі қағидаларына сәйкес құрастырылуы қажет. Ресей федерациясының тағамтану институты егде және кәрі жастағы адамдардың тамақтану мәзіріне келесі тәуліктік құрамды ұсынады. (4 кесте)