Қазақстан республикасының денсаулық сақтау



бет55/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

Поллакиуриялық синдром. Пиелонефриттің өршу кезіндетүтікшелік шамасыздықтан гипостенуриямен бірге полиурия пайда болады: әдетте науқастар күндіз де, түнде де ұйқысын бұзып, әжетқанаға жиі барады. Сау адамдарға қарағанда зәрдің мөлшері көбірек, сондықтан болмашы шөл байқалады, науқастар сұйықтықты көбірек ішеді.
Үрпінің немесе қуықтың ашып, сыздап ауыруы пиелонефритке тән емес, бұлар циститтің, уреттриттің, несеп тас ауруының белгісіне жатады.
Интоксикциялық синдром. Бұл синдромға қалтырау, қызудың биіктеуі, лейкоцитоз, бастың ауыруы жатады. Бірақ мұндай айқын белгілер сирек. Көбіне инфекциялық астенияның белгілері болады: шаршағыштық, бас ауыруы, оқта-текте қалтырау, әсіресе суықтағаннан кейін, тәбеттің төмендеуі.
Негізінде, бүйрегі ауыратын адамдарда дене қызуының сирек биіктейтіндігі байқалған. Бұлар басқа аурумен ауырғанда қызу оншалықты биіктемейді. Қалтырағанның өзінде дененің температурасы қалыпты болуы мүмкін.
Сонымен, пиелонефритке шалдыққан науқастарда зәрдің өзгерісі, оқта-текте қалтырау, бірақ дененің қызуы жоғарыламайды немесе субфебрилді деңгейге көтеріледі.
Пиелонефритпен сырқаттанған науқастардың бірқатарында артериялық гипертензия пайда болады.
Артериялық гипертония қабыну және тыртықтық процестің салдарынан бүйрекшілік гемодинамиканың бұзылысынан болады .
Көбіне гипертония лабильді, басында өршу кезінде биіктеп және ұзақ жүргізілген антибактериялдық емнен төмендейді. Бүйректер бүріскен кезде артериялық гипертония аса биіктеп, қатерлі гипертонияға айналуы ықтимал.
Пиелонефриттің диагностикалық критерийлері:
1. Дизурия немесе полиурия дене қызуының жоғарылауымен, белдің ауырсынуымен немесе бактериуриямен қосарланған.
2. Пальпацияланғанда іштің бір немесе екі жағының ауырсынуы.
3. Бүйректің зәрді қышқылдау қасиетінің төмендеуі.
4. Бүйректің концентрациялау қасиетінің төмендеуі.
5. Бактериурия.
6. Зәр шөгіндісінің өзгерісі.
7. Рентгенографиялық өзгерістер.
Дерттің көрінісінде қызба, интоксикация белгілері басым және рецидивтері жиілесе, онда бүйрек туберкулезінен айыру қажет. Ол үшін арнайы зерттеулерді жасайды – экскрециялық, ретроградтық урографияны, цистоскопияны, зәрдің құрамында – туберкулез таяқшалары микробиологиялық, бактериоскопиялық және полимерлік тізбектік реакция әдістерімен анықтайды.
Бүйрек туберкулезі болса, іштің шолу рентгенграммасында, урограммаларда іш қуысы лимфотүйіндерінің кальцинозы, бүйрек паренхимасында кальцинатты ошақтар анықталуы мүмкін. Көптеген стриктуралардан несепағардың тәспіге ұқсауы, несепағардың қысқарып жіп тәрізді керілуі байқалады. Ретроградтық урографияда бүртіктер ұшының кеміргендей кетіктері анықталуы мүмкін.
Цистоскопияда қуықтың бетінде туберкулездік түйіндер анықталады, аса ауыр жағдайда қуық бүрісіп, микроциститке айналады.
Пиелонефритті гипертониядан айырған кезде, біріншіден артериялық гипертонияның егде жаста пайда болуы, криздердің дамуы, несептегі өзгерістердің (протеинурия, микрогематурия) криз кезінде ғана болып, кейін жойылатындығы есте болуы тиіс. Біріншілік артериялық гипертонияға қарағанда пиелонефритте гипостенурия ерте пайда болады және бүйрек құрылымдарының деформациясы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет