Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған



Pdf көрінісі
бет112/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   243
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету. 
Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі Атырау 
қаласы мен Құлсары қаласы бойынша 100% құрайды. Облыс бойынша 2018 жылы барлығы 164 
ауылдық елді мекен болды (АЕМ) (328575 адам), оның ішінде 130 АЕМ немесе 79,2%-ы 
орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алады, 13 АЕМ немесе 7,9%-ы 
орталықтандырылмаған сумен жабдықтауды пайдаланады, 21 АЕМ немесе 12,9%-ы 
тасымалданатын суды пайдаланады.


198 
Облыс халқы Жайық, Қиғаш, Шарон өзендерінің, Қоянды, Мұздыбұлақ, Тайсойған
Кереген Сағыз кен орындарының жер асты суларынан және Қиғаш-Маңғышлақ топтық су 
құбырымен қамтамасыз етіледі.
Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 2018 жылы - 4137,5 км 
2019 жылы — 4212,2 км, оның ішінде тек 77,2 км 2018 жылы және 97,1 км 2019 жылы 
ауыстыруды қажет етеді (Статистика комитетінің деректері). 
2011-2018 жылдарға арналған бағдарлама аясында 108 сумен жабдықтау нысанының 
құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде осы кезеңде ауылдық елді мекендерді 
орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 52%-дан 79,2%-ға дейін артты. Қалаларда 
халықтың 100%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.
Құрманғазы ауданы Сүйіндік-Асан-Ұштаған селосындағы магистральды су құбырының 
құрылысына және Жылыой ауданы Қарағай селосындағы су құбыры желілерінің құрылысына 
жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 
Сонымен қатар, Құрманғазы ауданының Алға, Қаракөл, Голбин, Көкарна және Котяев-
Кудряшов селоларында сумен жабдықтау жүйесін салуға жобалық-сметалық құжаттама 
әзірленуде.
Облыс бойынша кәріз жүйелері Атырау, Құлсары қаласында және 12 елді мекенде бар, 
бұл елді мекендердің жалпы санының 8,4% құрайды. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 
өзгермейді және 415,7 км құрайды, оның 62,8 км 2018 жылы және 2019 жылы 73,7 км 
ауыстыруды қажет етеді (Статистика комитетінің деректері). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет