Су тарту. 2017 жылы қала халқының орталықтандырылған су тартуға қолжетімділігі
89,3% құрайды, оның ішінде Орал қаласында – 89,3%, Ақсай қаласында – 100%. Кәріз
230
желілерінің ұзындығы 414,2 км құрайды (2019 жылы — 423,0 км). 266 км кәріз желілерін
ауыстыру қажет (2019 ж. - 183,5). Кәріз желілері 30 жылдан астам пайдаланылуда және
тиісінше желілердің (67%), кәріздік сорғы станцияларының (75%) тозуының жоғары деңгейі
негізгі проблема болып табылады. Облыста 2 кәріздік тазарту ғимараты жұмыс істейді.
2018 жылы қала халқының 90,15%-ы орталықтандырылған су тартумен қамтамасыз
етілген. Ауылдық жерлерде орталықтандырылған су тартылмаған.
Қоршаған ортаның жай-күйі, ауа мен судың ластану көлемінің қысқаруы
Батыс Қазақстан облысының 2019-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының
нысаналы көрсеткіштері облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-2 шешімімен
бекітілген.
2017 - 2019 жылдары Орал қаласының стационарлық желісінің бақылау деректері
бойынша атмосфералық ауасының ластануы төмен деңгеймен сипатталады. ИЗА 2018 жылы
2 (төмен деңгей) құрайды – жоғарылау деңгей (ИЗА=5). СИ = 2 - 4 (жоғарылау деңгей), НП мәні
= 0-3% (төмен және жоғарылау деңгей).
Ақсай қаласының 2017 және 2019 жылдары атмосфералық ауасының ластануы төмен
деңгеймен (ИЗА = 1 - 2), 2018 жылы жоғарылау деңгеймен (ИЗА =5) сипатталады. 2017 және
2019 жылдары СИ = 2 - 4 (жоғарылау деңгей) және 2018 жылы СИ = 6 (жоғары), 2017-2018
жылдары НП = 0% және 2019 жылы НП=1%.
Березовка кентінің атмосфералық ауасы 2017 жылы төмен ластану деңгейімен
сипатталады. ИЗА 0 құрайды. СИ = 1 және НП 0%-ге тең.
Яварцево кентінің атмосфералық ауасы 2017 - 2019 жылдары төмен ластану деңгейімен
сипатталады. ИЗА 1 – 4 құрайды. СИ 1 – 1,1, НП = 0% тең.
Батыс Қазақстан облысының ауа бассейнінің негізгі ластаушылары-атмосфераға азот,
көміртегі, күкіртті ангидрид, күкіртті сутегі, ұшпа органикалық қосылыстар мен органикалық
емес шаңдарды шығаруды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары, қазандық
шаруашылықтары, автокөлік, элеваторлар, асфальтбетонды зауыттар. 2018 жылы атмосфералық
ауаға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтік көлемі 0,06 млн. тоннаны құрады,
жоспар бойынша 0,179 млн. тонна.
Облыс
бойынша
стационарлық
көздерден
атмосфераға
зиянды
заттар
шығарындыларының серпіні: 2015 жылы — 42,4 мың тонна, 2016 жылы – 42,5 мың тонна, 2017
жылы – 41,5 мың тонна, 2018 жылы – 48,2 мың тонна, 2019 жылы — 41,2 мың тонна
(Статистика комитетінің деректері).
Орал қаласы (БҚО) бойынша ауаның ластануын қысқарту үшін газ отынына
ауыстырылған автобустардың саны 2017 жылы қала ішіндегі және қала маңындағы
тасымалдарға тартылған 661 автобустың 155 бірлігін құрады, 2018 жылғы 31 желтоқсанда
табиғи газды отын ретінде пайдаланатын көлік құралдарының (жеңіл, жүк автомобильдері,
автобустар) жалпы саны 10201 бірлікті немесе жалпы санының 7,2%-ын құрады.
Батыс Қазақстан облысы аумағында жер үсті суларының ластануын бақылау 9 су
объектілерінде жүргізілді: Жайық, Шаған, Деркөл, Елек, Шыңғырлау, Сарыөзен, Қараөзен
өзендері, Көшім каналы, Шалқар көлі.
Облыста сарқынды суларды тазарту құрылыстары, кейіннен жер бедеріне ағызу,
жинақтауыштар мен сүзу алаңдары бар кәсіпорындар жұмыс істейді: КПО Б. В., "Батыс су
Арнасы" ЖШС, "Ақсайжылуқуат" МКК, "Жайықжылуқуат" АҚ, "Конденсат" АҚ, Орал мұнай
құбыры басқармасы.
Облыс бойынша өнеркәсіптік төгінділердің көлемі 2017 жылы 2015 жылмен
салыстырғанда 7,3%-ға артты. Өндіру ұңғымаларының жоғары сулылығымен байланысты
ілеспе-қабаттық сарқынды сулар көлемін ұлғайту есебінен "КПО Б.В." тазартылған сарқынды
суларды ағызу көлемінің 26%-ға өскені байқалады.
Сарқынды сулармен су объектілеріне төгілетін ластаушы заттардың нормативтік
төгінділері 2018 жылы 0,046 млн. тоннаны құрады. Жалпы облыс бойынша 7 ірі су
пайдаланушы ағынды суларды қоршаған ортаға ағызуды жүзеге асырады.
231
Жоғары сулылығы бар өндіру ұңғымаларының пайда болуына байланысты ілеспе-
қабаттық сарқынды сулар көлемінің ұлғаюы есебінен 2017 жылмен салыстырғанда
кәсіпорындарда өндірістік төгінділер көлемінің (КПО б.в., және "Жайқмұнай" ЖШС) 2,4%-ға
артуы байқалады.
Ағынды суларды ағызуды жүзеге асыратын ірі табиғат пайдаланушылар қатарына: КПО
Б. В., "Батыс су арнасы" ЖШС, "Ақсайжылукуат" МКК, "Жайықжылуқуат" АҚ, "Конденсат"
АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, Орал мұнай құбыры басқармасы Батыс филиалы, "Жайықмұнай"
ЖШС.
Төгіндісі бар барлық кәсіпорындар ШРК нормативтерінің жобаларын әзірледі, сарқынды
суларды ағызу белгіленген лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Сарқынды сулардың негізгі көлемі
Орал және Ақсай қалаларында пайда болады.
2.7.4-кесте. Төгінділердің нақты көлемі туралы ақпарат
Төгінділердің нақты көлемі туралы ақпарат
2017 жылы.
2018 жылы.
2019 жылы
Өнеркәсіптік төгінділер
Су тарту көлемі мың м
3
2965,73
3039,194
2959,620
Ластаушы заттардың көлемі
мың тонна
34,2
42,6
42,441
Шаруашылық-
тұрмыстық ағынды
сулар
Су тарту көлемі мың м
3
8585,94
7311,112
8213,78
Ластаушы заттардың көлемі
мың тонна
3,392
3,23
2,599
Авариялық және рұқсат
етілмеген төгінділер
Су тарту көлемі мың м
3
—
—
Ластаушы заттардың көлемі
мың тонна
—
—
Барлығы (жоғарыда
аталған барлық
төгінділер)
Су тарту көлемі мың м
3
11551,67
10350,306
11173,4
Ластаушы заттардың көлемі
мың тонна
37,592
45,8
45,04
Облыс әкімдігінің деректері
Орал өзенінде шартты таза судың екі көзі бар: "Батыс Су Арнасы" ЖШС ауыз су
дайындау станциясынан және Орал ЖЭО ПР-10/35 №2 турбинасының салқындату жүйесінен.
Сарқынды сулардың үш жинақтауышы бар, оның ішінде 2 - Орал қаласының сарқынды
суларын және 1 - Ақсай қаласының сарқынды суларын шоғырландыруға арналған.
Орал қаласының ағынды сулары (шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік)
канализациялық тазарту құрылыстарында механикалық тазартудан, жасанды тоғандарда табиғи
биотазадан өтеді және №2 жинағышқа жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |