Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет141/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   243
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
Қатты тұрмыстық қалдықтар. 2018 жылы 108 мың тонна ҚТҚ құрылды,оның 5,28%-ы 
қайта өңделді. 2017 жылы құрылған ҚТҚ көлемі 105 мың тоннаны құрады, оның 2,17%-ы қайта 
өңделді. 318 ҚТҚ орналастыру объектісінің 8-і ғана экологиялық және санитарлық талаптар мен 
нормаларға сәйкес келеді, бұл 2,52% құрайды. 
2019 жылы қалыптасқан қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінің 8,6% және 
өндірістік қалдықтардың 55% қайта өңделді. 
Батыс Қазақстан облысы бойынша 2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес 
субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қазіргі заманғы кәдеге 
жарату және қайта өңдеу жөніндегі шаралар кешені бекітілді. Сондай-ақ, 2020 жылға дейін 
тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды, сұрыптауды, кәдеге жаратуды және қайта 
өңдеуді енгізу бойынша 4 Жол картасы бекітілді (Бөрлі, Зеленов, Теректі аудандары және Орал 
қаласы). 
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу саласында 16 кәсіпорын жұмыс істейді. 
Жергілікті ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының арасында жылына 2 мың тонна автокөлік 
Резиналарын өңдеу бойынша "Кама Центр" ЖШС, сағатына 500 кг "Губер" ЖК және қағазды 


232 
өңдеу бойынша "Усенова" ЖК атап өтуге болады. Бұл кәсіпорындардың өнімдері жергілікті 
нарыққа қолжетімді бағамен шығарылады. 
Орал қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында "ICM Recycling" компаниясы 
жылына қуаты 100 мың тонна қоқысты сұрыптау желісін іске қосты. Жобаның құны-1,7 млрд. 
теңге (инвестордың қаражаты). Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2023 жылдар. 
Қалдықтарды алдын ала сұрыптау және бөлек жинау мәселесін шешу үшін облыс және 
аудан орталықтарында картонды, қағазды, пластикті, шиналарды қабылдау пункттері 
ұйымдастырылған. Облыс бойынша 1306 контейнер орнатылды, оның ішінде Орал қаласында-
767, аудандарда-539 бірлік. Құрамында сынап бар шамдарды, батареялар мен аспаптарды 
жинау үшін 54 арнайы контейнер орнатылды, оның ішінде 27 Орал қаласында және 27 ауданда. 
Облыста бұл құрамында сынап бар қалдықтар "Талап" АҚ және "Мега-Жазира" ЖШС кәдеге 
жаратумен айналысады. 
Сонымен қатар, 2018 жылдың 27 ақпанында "Кама Центр" ЖШС шина мен резеңке өңдеу 
зауытын ашты. Бұл жұмыс үшін Даму Қорының қолдауымен "Оператор РОП" ЖШС 
субсидияланды. Пайдаланылған автомобиль шиналарын терең өңдеу кәсіпорында, содан кейін 
спорт және ойын алаңдары үшін жабын өндірісінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет