Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет143/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   243
2.8. Қарағанды облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
үлесі. Экономиканы әртараптандыру
Қарағанды облысы еліміздің ең ірі индустриялық орталығы болып табылады және 
республиканың басқа өңірлерінің арасында көшбасшы төрттікке кіреді. Облыс аумағы - 428 
мың шаршы км. Алайда, Статистика комитетінің деректері бойынша халық саны тұрақты 
төмендеуде: 2018 жылдың басында 1380,5 мың адамды, 2019 жылдың басында – 1378,5 мың 
адамды, ал 2020 жылдың басында — 1376,9 мың адамды құрады. Облыстың ЖІӨ 2017 жылы 
4284,4 млрд. теңгені құрады, елдің ЖІӨ - дегі облыстың үлес салмағы - 7,9%. 2015 - 2017 
жылдары жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы 2248,9-дан 2017 жылы 3100,9 мың теңгеге 
дейін немесе 37,9%-ға ұлғайды. 2018 жылы облыстың ЖІӨ 4734,4 млрд. теңгені, ал жан басына 
шаққанда 3431,9 мың теңгені
2019 жылы тиісінше 5388,3 және 3911,0 құрады.
ЖӨӨ өзгерісіне 2019 жылы көлемі 2447,5 млрд. теңгені құрайтын өнеркәсіп ең көп әсер 
етеді. 
2017 жылы өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 1802,3 млрд. теңгені құрады, 2015 жылға 
қарағанда 70%-ға және 2018 жылы 1935,0 млрд. теңгеге, 2019 жылы 1991,4 млрд. теңгеге өсті. 
2018 жылы еңбек өнімділігінің индексі өткен жылға қарағанда 102,4% құрады.
Облыста 9 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, оның ішінде шетелдік капиталмен - 18 
жоба атқарылып, 1 трлн. астам сомаға 35 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Инвестициялаудың негізгі салалары-металлургия, баламалы энергетика, машина жасау, химия. 
Оның ішінде 2018 жылы 8 жоба іске қосылды:
140
- қуаты 100 мВт "Сарань СЭС" ЖШС күн электр станциясы;
- катодты мыс шығару зауыты "Sary-Arka Copper Processing" ЖШС;
- "Maker" ЖШС машина жасау өндірісін жаңғырту;
- "Ақ Алтын Алмас" АҚ алтын өндіру фабрикасының өнімділігін арттыру;
- "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС ЖМЗ №1 рудотермиялық пешін қайта жаңарту;
– "Альфарух" ЖШС көтерме-тарату орталығы құрылысының 1-ші кезеңін іске қосу;
- "Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» болат пен темірді балқыту зауыты;
- "Қарағанды Құс" ЖШС жұмыртқа өндірісі цехын қайта құру.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы 
өнімі 251 млрд. теңгені құрап, 2015 жылға 27,2%-ға өсті. 2018 жылы ауыл шаруашылығының 
жалпы өнімінің көлемі 272 млрд. теңгені құрады. 2018 жылы еңбек өнімділігінің индексі өткен 
жылға қарағанда 105,5%-ды құрады.
2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 
334,0 млрд.теңгені құрады, мал шаруашылығында көрсеткіш басым болды (60,6%).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет