Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету



Pdf көрінісі
бет144/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   243
Ауыл шаруашылығының өнімділігі жоғары әдістерге көшуі. Су шығынын төмендету 
және шығымдылығын арттыру. Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту 
Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің жаңа технологиялары белсенді 
енгізілуде. Ылғал ресурстарын сақтау технологиялары 668,9 мың га, тамшылатып суару – 
1069,5 га. Нәтижесінде астық өндіру көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 28,2%-ға 
артты. Картоп өндірісі 7,8%-ға өсті. 
2019 жылы тұқымның, минералдық тыңайтқыштардың селекциялық сорттарын қолдану 
және сандық технологияларды енгізу арқасында 880,4 мың тонна астық жиналды. 381,7 мың 
тонна картоп және 105,9 мың тонна көкөніс алынды. Суармалы жерлердің көлемі 1,5 мың 
140
Қарағанды облысының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы және 2018 
және 2019 жылдары оны іске асыру бойынша есептер 


234 
гектарға ұлғайтылып, 22 мың гектарға дейін жеткізілді.
Биылғы жылы дәнді және бұршақты 
дақылдар алқабы 32,5 мың гектарға кеңейтіліп, 895,5 мың га құрайды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өсуде. Ет өндірісі - 4,8%-ға, сүт - 3,7%-ға, 
жұмыртқа-3%-ға өсті.
Өткен жылға қарағанда ІҚМ басы 2,9%-ға, жылқы - 8,8%-ға және құс-2%-
ға өсті. Асыл тұқымды малдардың үлесі 6,2%-ға дейін өсті. 2020 жылы 8 сүт-тауар фермасын 
құру және екі бордақылау алаңының құрылысын бастау жоспарлануда. 
Қарағанды облысының аумағы 42798,2 мың га құрайды. Қарағанды облысындағы ауыл 
шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 2015 - 2017 жылдары 1247,2 мың гектарға ұлғайды. 
Ұлғаю босалқы жерлерден жер беру есебінен болды, олар 3 жылда 1284,5 мың га азайды. 
Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мақсатында облыста 2016 - 2020 
жылдарға арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу жөніндегі 
жоспар іске асырылуда. 2018 жылы жоспар бойынша 560 мың га ауыл шаруашылығы 
айналымына 671 мың га ауыл шаруашылығы жері тартылды. Бұл жетістіктерге климаттық 
жағдайлармен қатар, әрине, жоғары өнімді тұқым сорттарын және IT-технологияларды 
қолдануға мүмкіндік берді. Мысалы, облыстың екі пилоттық шаруашылығында (Осакаров 
ауданының "Найдоровское" ЖШС және Нұра ауданының "Шахтерское" ЖШС) егіншіліктің 
нақты элементтерінің арқасында тәжірибелік алқаптардағы астық өнімділігі гектарынан 50 
центнерді құрады, ал жалпы осы шаруашылықтар бойынша орташа көрсеткіштен 66% жоғары. 
Осы жылдан бастап нақты егіншілік элементтерін басқа да шаруашылықтар да енгізетін 
болады. 2018 жылы цифрландыруды енгізу шеңберінде 7 мыңнан астам егіс алқаптарын 
цифрландыру жүргізілді, олардың электрондық карталары жасалды. Жайылымдар мен 
шабындықтарды цифрлау жұмыстары жүргізілуде. 
2020 жылға арналған міндеттер-босалқы жерлерден 612,0 мың га алқаптарды ұлғайту 
және 216,3 мың га пайдаланылмайтын егістікті айналымға қайта тарту бойынша жұмыс 
жүргізу. 
Облыстың жер қорының құрамында 87,4% ауыл шаруашылығы алқаптары бар, олардың 
ішінде жайылымдар (94,6%) басым, егістік 3,2% құрайды. Қарағанды облысы бойынша ауыл 
шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жайылымдардың көлемі 11998,5 мың га, суланған 
7451,4 мың га немесе 62% құрайды. 2014 - 2016 жылдары шаруашылықтар 135 бірлік шахталық 
құдықтар мен ұңғымалар салды және қалпына келтірді. 2017 жылы 40 құдық (ұңғыма) салынды 
- жоспарда 100%.
Индустриялық даму техногендік бұзылған аумақтар алаңдарының өсуімен, олардың 
қалпына келтіру қабілетінің, антропогендік факторлардың әсеріне төзімділігінің төмендеуімен 
сүйемелденеді. Әсіресе табиғи ландшафтарға көмір және металлургия салалары басым болып 
табылатын тау-кен өнеркәсібі аймақтарында елеулі залал келтірілуде. Бүлінген жерлердің 
көлемі облыстың жалпы алаңының 0,1%-ға жуығын құрайды. 2015 жылы өнеркәсіптік 
жұмыстар аяқталған пайдаланылған жерлердің үлесі бұзылған жерлердің жалпы көлемінің 
17,3%-ын, 2016 – 2017 жылдары - 23,5%-ын құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет