243
Облыстың егіншілігін дамытуда астық
өндірісі басым болып табылады, ол
өсімдік
шаруашылығының жалпы өнімінің 73,2%-ын алады. Облыс бойынша дәнді дақылдардың егістік
алқабы 2017 жылы 4194,5
мың га құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 191 мың га ұлғайды.
Барлық егіс алқабы 109 мың гектарға ұлғайып, 5198,0 мың гектарды құрады.
2017 жылы бидай
алқабы 3704,9 мың га құрады, майлы дақылдар алаңы 351,3 мың га құрады.
Бидай
өнімділігі
2017 жылы – 1,13 т/га, ал 2018 жылы 1,25 т/га құрады.
Мал саны мен мал шаруашылығының негізгі өнімдерін өндіру бойынша облыс ел өңірлері
арасында жетекші орындардың бірін алады. Өңірдің мал шаруашылығы
өнімдерінің негізгі
өндірушілері халық шаруашылықтары – 68%, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары – 27,6%,
шаруа (фермер) қожалықтары – 4,4% болып табылады.
Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жайылымдардың ауданы -
4391 мың га, суландырылған 1355 мың га немесе 31%-ды құрайды. 2014-2016 жж.
шаруашылықтар 101 бірлік шахта құдығы мен ұңғыма салды және қалпына келтірді. 2017 жылы
30 құдық (ұңғыма) жоспарланып, 31 құдық салынды.
Достарыңызбен бөлісу: