Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет155/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   243
Жылумен жабдықтау. Қостанай облысы бойынша барлығы 3 ЖЭО, 100 Гкал/сағ жоғары 
қазандықтар - 6 бірлік, 100 Гкал/сағ дейін - 96 бірлік. Жылу көздері жабдықтарының тозуы орта 
есеппен 49% құрайды. Қостанай облысының қалаларында орталықтандырылған жылумен 
жабдықтау 
пайдаланылады. 
Облыстың 
орталықтандырылған 
жылумен 
жабдықтау 
қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 42% құрайды. Орталықтандырылған жылумен 
жабдықтауды пайдаланатын халық саны 2018 жылдың 1 қаңтарына 362553 мың адамды 
құрайды.
Жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 810,2 км. Желілердің тозуы 50% құрайды. 2016 - 
2018 жылдары облыс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына 42,35 км жылу желілері, 2018 жылы – 
15,35 км, 2017 жылы - 12,2 км, 2016 жылы - 14,8 км жаңғыртылды. 
2019 жылы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 820,4 км құрады, оның ішінде тозығы 
жеткендер — 95,5 км (11,6%), ауыстыруды қажет ететіндер — 135,5 км (16,5%), 
ауыстырылғандар — 15,7 км. 
Газбен жабдықтау. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың 70 елді мекені 
табиғи газбен қамтамасыз етілді. Облыс бойынша 2019 жылы табиғи газды тұтыну 860,2 млн.м

(2018 жылдың ұқсас кезеңінде – 870,4 млн. м
3
) құрады. Облыс бойынша газ құбырларының 
жалпы ұзындығы 3602,17 км құрайды, оның ішінде магистральдық газ құбырларының 819,69 
км облыстың Бірыңғай газ операторы "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның республикалық 
меншігінде. Желілердің тозуы 25% құрайды. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша табиғи 
газды пайдаланатын қала халқының саны 417000 адамды, ауыл халқының саны 70185 адамды 
құрады.
Энергия үнемдеу. Қостанай облысының электр энергиясын тұтыну құрылымында 51% 
өнеркәсіп секторына, оның ішінде энергетикаға, 26% - көлік секторына, 14% - халық, 6% - ауыл 
шаруашылығына, 3% - экономиканың басқа салаларына тиесілі. Облыстың он ірі өнеркәсіп 
кәсіпорындары өнеркәсіп секторы тұтынатын энергетикалық ресурстардың 42% тұтынады. 
Тұрғын үй секторы электр энергиясының шамамен 14%-ын және босатылатын жылу 
энергиясының 64%-ын тұтынады.
Энергия үнемдеу саясатын іске асыру, энергия тұтынуды, өндірістің энергия 
сыйымдылығын төмендету және құрылыста, өнеркәсіпте энергия тиімді технологияларды 
енгізу, сондай-ақ ТКШ жаңғырту мақсатында Қостанай облысы бойынша 2015 - 2020 жылдарға 
арналған энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспары бекітілді және іске асырылуда. 
Жоспар тармақтарының бірі бюджет секторында энергия үнемдеу іс-шараларын жүргізу 
болып табылады. 
2019 жылы 30 мекемеде терможаңғырту элементтерімен жөндеу жүргізілді. 2015 жылдан 
бастап 2019 жылға дейін 130 мекемеде терможаңғырту жүргізілді (2015 ж. -11 объект, 2016 
жылы - 26, 2017 жылы-23 объект, 2018 жылы-40). 
Бұдан басқа, «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы шеңберінде 2018 – 2019 
жылдар кезеңінде Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі ұсынған гранттық қаражат 
есебінен Қостанай облысында жалпы сомасы 184,1 млн. теңгеге 5 жоба іске асырылды: Тобыл 
ОМ, Әулиекөл ОАО, Лисаков қаласының көшелерін жарықтандыру, Денисов ауданының № 40 
бөбекжайы, Қостанай қаласындағы «Жанұя» балалар ауылы. 


245 
Мекемелерді терможаңғырту жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда ағаш терезелерді, 
сорғы станцияларын, құбырларды, жылыту радиаторларын ауыстыру, жылу шағылдыратын 
экрандар, термостаттар, автоматтандырылған жылу пункттері орнатылды. 
Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2011-2019 жылдары бюджет және қайтарымды 
қаражат есебінен жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге 128 көппәтерлі үй жөнделді. 
Халықтың жылу тұтынуына бақылауды жүзеге асыру үшін үйлерге ортақ жылу 
энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады. 
1.01.2020 ж. облыс бойынша 3 448 көппәтерлі тұрғын үйдің жалпыүйлік жылу энергиясын 
есептеу аспаптары үйлердің 58%-ында (1 988), облыс қалалары бойынша КПТҮ-нің 80%-ында 
(2 431 КПТҮ-нің 1 945-і) орнатылған.
2018 жылы Қостанай облысында мемлекеттік энергетикалық тізілімге 371 субъект 
енгізілді. Оның ішінде 209 мемлекеттік мекеме, 109 коммуналдық кәсіпорын, 46 жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік және 7 акционерлік қоғам.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жеке 
заңды тұлғалар (162 бірлік) энергия аудитін жүргізуге міндетті. Оның ішінде қазіргі уақытта 
108 ұйым энергия аудитін өткізді немесе субъектілердің жалпы санының 67%.
109 бюджеттік кәсіпорындардың 82-і немесе 75%-ы энергия аудитін өткізді. 46 
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 19-ы немесе 41%-ы энергоаудит өткізді. Барлық 7 
акционерлік қоғам энергия аудитін өткізді. 
2019 жылға МЭТ тізіліміне 1 268 субъект енгізілді, оның ішінде 291 субъект энергия 
аудитін жүргізуге міндетті, 2020 жылғы 1 қаңтарға 142 субъект энергия аудитін жүргізді (49 %). 
2020 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысындағы көше мен саябақты жарықтандырудың 
жалпы ұзындығы 1 847 км., 35 397 жарық нүктелерін құрайды, оның ішінде 27 737 энергия 
үнемдейтін шам.
Энергия тиімділігін арттыру және тұрғын үй ғимараттарының шығындарын азайту 
мақсатында "2012 - 2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты 
жаңғырту" бағдарламасына сәйкес үйлерді жаңғырту жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет