Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған



Pdf көрінісі
бет156/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   243
 
Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған 
сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету 
Сумен жабдықтау. 2018 жылы қалалық елді мекендер бойынша орталықтандырылған 
сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету 100%–ды, халықтың 97,6%–ын (2017 жылы-97,6%) 
немесе 452,6 мың адамды құрайды. Сумен жабдықтау көздері: Қостанай қаласы – Амангелді су 
қоймасы және Қостанай жерасты су кен орны, Арқалық қаласы – Ащы-тасты су қоймасы, 
Лисаков қаласы – Жоғарғы Тобыл су қоймасы, Жітіқара қаласы – Желқуар су қоймасы, Рудный 
қаласы – Қаратомар су қоймасы. Облыс қалаларындағы су құбыры желілерінің жалпы 
ұзындығы 1585,1 км құрайды.
2018 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша 1 жоба іске 
асырылды, Лисаков қаласының су құбыры желілерін (магистральды желілер) қайта жаңарту, 
онда 40,1 мың адам тұрады. 
2018 жылы облыстың 548 ауылдық елді мекенінен 172 АЕМ орталықтандырылған сумен 
қамтамасыз етілген немесе 31,4% (2017 жылы – 30,8%). Халықты қамту 59,4% құрайды. 2018 
жылы алғаш рет 2,9 мың адамнан астам халқы бар 3 ауылдың (Қамысты ауданының Арқа 
ауылы, Амангелді ауданының Ағаштыкөл ауылы, Науырзым ауданының Шолақсай ауылы) 
орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды. Ауылдық елді мекендерді орталық 
сумен қамтамасыз ету үшін "2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде 
10 жоба іске асырылды. 329,3 км сумен жабдықтау және 8,7 км су бұру желілері салынды және 
қайта жаңартылды. 
2019 жылы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 4082,3 км құрады, оның 1886 км 
ауыстыруды талап етеді.
Қала халқының жалпы санынан 480238 адам орталық сумен 
жабдықтаумен 472310 адам қамтамасыз етілді, көрсеткішке нақты қол жеткізу 98,3% құрады. 
2019 жылы ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға нақты 
қолжетімділігі 33,6% - ды құрады. Халық саны 50 адамға дейін 27 ауыл таратылды. 2019 жылы 


246 
"Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламасы шеңберінде ауылдық сумен жабдықтау 
бойынша барлығы 8 жоба іске асырылды. 5,3 мың адам тұратын 4 ауылдың 
орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылған (Жітіқара ауданының 
Забеловка ауылы, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылы, Б.Майлин ауданының Новоильиновка 
ауылы және Арқалық қаласының Восточное ауылы) және 21,4 мың адам тұратын 6 ауылда 
сумен жабдықтау қызметін ұсыну сапасы жақсарды. 
Су тарту. Сумен қамтамасыз етілген 183 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған су 
тартумен қамтамасыз етілді), оның ішінде: қалаларда – 100% (5 қала және 3 қала үлгісіндегі 
кент), ауылдық жерлерде – 4,0% (сумен қамтамасыз етілген 175 ауылдың 7 ауылы 
орталықтандырылған су тартумен қамтамасыз етілген). Орталықтандырылған су тартумен 
511,9 мың адам немесе облыс тұрғындарының 59,3%-ы, оның ішінде қала тұрғындары 465,8 
мың адам немесе 97%-ы қамтамасыз етілген. 
2018 жылы кәріз желілерінің ұзындығы 1184,2 км құрайды, оның ішінде қалалық 
жерлерде – 1033,2 км және ауылдық жерлерде – 151,6 км (Статистика комитетінің деректері). 
Су тарту желілерінің тозуы 69,7% құрайды.
2019 жылы желілердің ұзындығы — 1185,2 км, 
332,6 км ауыстыруды қажет етеді. 
2019 жылы тұрғындарды ағынды суларды тазартумен қамту 58,8%-ды құрады, индикатор 
102,4%-ға орындалды. Барлығы 8,7 км су тарту желілері салынды және қайта жаңартылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет