Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет46/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   243
1.6. Ауаның ластануын төмендету 
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу.
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы қоршаған 
ортаға күкірт пен азот оксидтерінің. 
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы аумағындағы атмосфералық ауаның жай-
күйін бақылау республиканың 45-49 елді мекенінде 140-146 бақылау бекетінде, оның ішінде 56 
стационарлық бекетте жүргізілді.
74
1970 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі посттар санының 
динамикасы өте айқын (1.6.1-сурет). 
Стационарлық бекеттерде және атмосфералық ауаның ластану жай-күйін бақылайтын 
жылжымалы зертханалардың көмегімен мынадай көрсеткіштер анықталады: қалқыма 
бөлшектер (шаң), РМ2,5 қалқыма бөлшектері, РМ10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, 
еритін сульфаттар, көміртегі диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон 
(жербеті), күкіртсутек, фенол, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, көмірсутектер, аммиак, 
күкірт қышқылы, формальдегид, метан, көмірсутектер қосындысы, н/о мышьяк, кадмий, 
қорғасын, хром, мыс, бензол, этилбензол, бенз(а)пирен, бериллий, марганец, кобальт, мырыш, 
никель, гамма-фон, сынап. 
1.6.1-сурет 1970 жылдан 2020 жылға дейінгі атмосфералық ауа сапасының посттар 
санының динамикасы. 
Қазгидромет вебсайтында қоршаған ортаның жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан 
сайынғы, жартыжылдық және жылдық ақпараттық бюллетеньдер ұсынылған, оның ішінде 
облыстар мен қалалар бойынша бөлінген мынадай ақпарат бар:
75
- қалалардағы ауаның ластану деңгейін жалпы бағалау; 
- атмосфералық ауаның жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары туралы 
мәліметтер; 
- атмосфераның беткі қабатының радиациялық жағдайы; 
- атмосфераның беткі қабатындағы радиоактивті заттардың тығыздығы.
74
2017-2019 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай - күйі туралы ақпараттық 
бюллетендер. Казгидромет 
75
kazhydromet.kz


87 
Қазгидромет қоршаған ортаның жай-күйі туралы қосымша ақпараттық бюллетеньдерді 
тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде жариялайды. Олар келесі тақырыптарға 
арналған: 
- «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағындағы қоршаған ортаның 
жай-күйі; 
- Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің қоршаған ортасының жай-күйі; 
- Нұра өзені бассейнінің қоршаған ортасының жай-күйі; 
- Арал өңіріндегі қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйі; 
- Щучье-Бурабай курорттық аймағының қоршаған ортасының жай-күйі. 
«Қазгидромет» РМК 2018 жылдан бастап 45 елді мекенде 8 ластаушы зат бойынша және 
Қазақстанның 140 экологиялық бекеті бойынша атмосфералық ауаның сапасын бақылауға 
мүмкіндік беретін AirKZ мобильді қосымшасы іске қосты. Мобильді қосымшадағы деректер 
Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Орал, Ақтау, Қостанай, Талдықорған қалаларының LED-
экрандарында орналастырылады. Таңдап алынған постқа байланысты қосымша негізгі ауа 
ластағыштарының, атап айтқанда азот диоксиді (NO2), азот оксиді немесе азот тотығы (NO), 
PM10, PM2,5, шаң, SO2, H2S және CO концентрацияларын көрсетеді. Әр параметр бойынша 
пайдаланушылар мг/м
3
концентрация деңгейін және түс шкаласы бойынша ұсынылған ШРК 
қатысты деңгейін көре алады. 
«AirKz» қосымшасы ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді және 
қолданушыларға қажетті посттарды қолмен немесе геолокация деректеріне сәйкес таңдауға 
мүмкіндік береді. 
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) деректері бойынша 
ластаушы заттардың берілген лимиттерінің (нормативтік шығарындыларының) көлемі 2016 
жылғы 4,5 млн.тоннадан 2017 жылы 4,2 млн. тоннаға дейін және 2019 жылы 4,1 млн. тоннаға 
дейін төмендеді. Нақты шығарындылар бойынша да осындай төмендеу байқалды (1.6.1-кесте., 
1.6.2-сурет). 
1.6.1-кесте. Зиянды заттар шығарындыларының лимиттері және нақты шығарындылар,
мың тонна
Облыстардың атауы 
2017 жыл 
2018 жыл 
2019 жыл 
Ақмола 
лимит 
дерек 
лимит 
дерек 
лимит 
дерек 
Ақтөбе 
142 
90 
164 
103 
162,5 
115,4 
Алматы 
352 
194 
318 
185 
319,6 
182,3 
Атырау
129 
39 
129 
41 
128 
43,2 
ШҚО 
582 
164 
471 
180 
377,1 
123,6 
Жамбыл
186 
79 
194 
130 
189,4 
130,5 
БҚО 
116 
70 
115 
81 
119,9 
81,4 
Қарағанды 
125 
63 
177 
63 
141,7 
55,4 
Қызылорда 
831 
590 
822 
587 
939 
560 
Қостанай 
69 
28 
70 
26 
74,9 
26,9 
Маңғыстау 
218 
116 
201 
115 
210,3 
117,5 
Павлодар
146 
100 
158 
53 
218 
56 
СҚО 
969 
618 
980 
716 
986,4 
717,5 
ОҚО 
116 
44 
117 
78 
117 
78 
Түркістан 
136 
73 
Нұр-Сұлтан 
61 
32 
76,1 
28,9 
Алматы қ. 
69 
49 
98 
49 
85,7 
61,7 
Шымкент қ. 
71 
34 
71 
36 
71,4 
37,9 
Барлығы 
82 
42 
62,2 
30,1 
Ақмола 
4254 
2352 
4227 
2516 
4279,3 
2446,5 


88 
2016 г.
2017 г.
2018 г.
2019 г.
3,8
4
4,2
4,4
4,6
4,5
4,2
4,2
4,1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет