Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет48/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   243
91,0
129,0
168,0
1.6.3-сурет. Кәсіпорындардың табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру динамикасы, 
млрд теңге. 
Дерекөз: ЭГТРМ 


90 
Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы кәсіпорындар мен ұйымдардың 
қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған жалпы шығындар 2017-2019 жылдары 420,4 млрд.теңгеге 
дейін ұлғайды, оның ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлесіне 47,3%, 
ағымдағы шығындарға - 52,7% келеді. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған негізгі капиталға 
инвестициялар көлемі жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар есебінен көп дәрежеде 
(82%) қамтамасыз етілген. Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын жалпы шығындар көлемі 
бойынша 2019 жылы Атырау (55,4 млрд. теңге), Ақтөбе (54,1 млрд. теңге) және Жамбыл (52,8 
млрд. теңге) облыстары көш бастап тұр.
Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындардың көлемі 2019 жылы 221,7 
млрд. теңгені құрады. Атмосфералық ауаны қорғауға және климаттың өзгеру проблемаларына 
жұмсалған ағымдағы шығындардың жалпы көлемінен 34%, қалдықтармен жұмыс істеуге - 30%, 
сарқынды суларды тазартуға - 25% келеді. Шығындар түрлері бойынша қоршаған ортаны 
қорғауға арналған ағымдағы шығындар мынадай түрде бөлінді: материалдық шығындар - 68,3 
млрд теңге немесе 31%, еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар 
шығындары - 34,3 млрд теңге (15%), өзге кәсіпорындарға (ұйымдарға) табиғат қорғау 
қызметтерін көрсеткені үшін - 97,8 млрд теңге (44%) төленді. 
Заңнамаға сәйкес мұнай өндіретін кәсіпорындардың ілеспе-өндірілетін газды жағуды 
тоқтату жөніндегі бағдарламаларды іске асыруы аяқталады. Осының нәтижесінде жағылатын 
ілеспе газдың көлемі 4 млрд. м
3
-ден 900 млн. м
3
-ге дейін төмендеді (1.6.4-сурет).
 
2006 г. 2007 г. 2008 г. 2009 г. 2010 г. 2011 г. 2012 г. 2013 г. 2014 г. 2015 г. 2016 г. 2017 г. 2018 г.
0
20
40
60
80
100
120
Добыча 
нефти
Объем 
добычи 
газа
Объем 
сжигае-
мого газа 
при неф-
тедобыче
1.6.4-сурет. Мұнай өндіру кезіндегі алауларда газды жағу динамикасы.
 
Көліктегі ауаның ластануын төмендету. 
2018 жылдан бастап Қазақстанда Еуро-4 стандартынан төмен автокөліктерді әкелуге 
тыйым салынды. Автомобиль көлігінен шығарылатын шығарындыларды болдырмау 
мақсатында бес жастан асқан және қозғалтқыш көлемі 3 л. асатын көлік құралдарын әкелуге 
тыйым салынады. Сондай-ақ, мотор отынын өндірушілер үшін Еуро-5 стандарты енгізілді, 
соның нәтижесінде көлік шығарындылары 50%-дан астамға қысқаруға тиіс (1.6.3-кесте).
1.6.3-кесте. Ластаушы заттардың шығарындыларын әртүрлі стандарттар бойынша 
салыстыру 
Ингредиент 
Экологиялық стандарт 
Еуро-3 
Еуро-5 
Төиендету, % 
Азот тотығы (NOx) 
0,50 г/км 
0,18 г/км 
64% 
Көміртегі тотығы (CO) 
0,64 г/км 
0,5 г/км 
22% 


91 
Көмірсутектер (CxHy) 
0,56 г/км 
0,17 г/км 
69% 
2017 жылдың сәуірінде Инвестициялар және даму министрінің орынбасары 
«Электромобиль өндірісін дамыту және қажетті инфрақұрылым құру мәселелері жөніндегі 
жол картасын» бекітті. Жол картасында үш бағыт белгіленген: жергілікті өндіріс (жергілікті 
шикізат пен жұмыс күшін пайдалана отырып), инфрақұрылымды (зарядтау станцияларын) 
дамыту және электромобильдерді сатып алуды ынталандыру мақсатында хабардарлықты 
арттыру. Бұл жол картасы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында зарядтау станцияларын 
құруға ықпал етті.
Қазақстан бензин мен дизель отынына арналған акциздерге елеулі реформа жүргізді. 2017 
жылдан бастап өндірушілердің жазғы кезеңде (маусым-қазан) бензин сатуға акциз ставкасы екі 
еседен артық (4500 теңгеден 10500 теңгеге дейін), ал дизель отынын сатуға – 17 есе (540 
теңгеден 9300 теңгеге дейін) ұлғайды (1.6.5-кесте).
Осыған ұқсас жолмен өндірушілердің бөлшек сауда сатуына және импортқа акциз 
ставкалары көтерілді. Бұл жоғарылату Қазақстанда қолданылып жүрген мөлшерлемелер мен 
ЭЫДҰ-ға мүше елдерде кеңінен қолданылатын мөлшерлемелер арасында оң бағаға лайық
болғанына қарамастан, бұрынғысынша елеулі алшақтық байқалады.
Салық кодексіне сәйкес көлік құралдарына салынатын салық ставкалары қозғалтқыштың 
көлеміне (см
3
) қарай сараланады. Мысалы, қозғалтқышының көлемі 3000 см
3
-ден 4000 см
3
-ге 
дейінгі көлік құралына салық ставкасы қозғалтқышының көлемі 1100 см
3
-ден кем көлік 
құралына қарағанда 15 есе жоғары, ал қозғалтқышының көлемі 4000 см
3
-ден асатын 
автомобиль үшін ставка 117 есе жоғары. Экологиялық тұрғыдан бұл көлемі жағынан шағын 
автомобильдерді сатып алу үшін теориялық стимул бола алады, олар өзге де тең жағдайларда 
қоршаған ортаға аз зиян келтіреді. Алайда, бұл экономикалық және экологиялық жағынан 
неғұрлым таза автомобильдерге сұранысты ынталандыру мақсатында CO
2
шығарындылары 
немесе отын үнемділігі негізінде көлік құралдарынан біржолғы немесе тұрақты салықтарды 
пайдаланудың ұзақ тарихы бар бірқатар ЭЫДҰ-ға мүше елдерде қабылданған практикаға 
қайшы келеді.
77
Қабылданған барлық шараларға қарамастан, 2019 жылы Қазақстанда тіркелген уақыты10 
жылдан асқан автомобильдер саны 2,1%-ға, 2,6 млн.- ға дейін өсті. Ескі жеңіл автомобильдердің 
ең жоғары шоғырлануы Алматы облысында байқалады - өңірдегі барлық жеңіл 
автомобильдердің 79,4%, одан кейін Жамбыл (78,9%) және Павлодар (78,2%) облыстарына 
келеді. 2020 жылдың басында 3,9 миллион жеңіл автомобильдің жалпы санынан қолданылу 
мерзімі 10 жылдан асқан автомобильдер саны 65% құрады (https:/ranking.kz). 
Еліміздің ірі қалаларында қоғамдық көлікті газ отынына көшірудің жүргізілген 
мониторингі осы іс-шараның Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, 
Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл Ақтөбе облыстары ойдағыдай өткенін көрсетті. 
Сонымен қатар, қоғамдық көлікті газ отынына жаппай көшіруге кедергі келтіретін 
бірқатар проблемалар бар: өңірлерде қоғамдық көліктің көп саны 10 жылдан астам 
пайдаланылуда, жеке меншік иелеріне тиесілі қоғамдық автокөлік 80%-дан астамын құрайды; 
отынның сапасының қанағаттанғысыз болуы; дамыған газ көлігі инфрақұрылымының 
болмауы газ отынын, әсіресе қоғамдық көлікте пайдалануды шектейді, сондай-ақ қысқы 
уақытта ауа температурасының төмен болуына байланысты отын түрінде газды пайдалану 
қиындайды. 
1.6.4-кестеде 2017 жыл үшін аймақтар бөлінісінде АГЖС бойынша деректер берілген:
БАРЛЫҒЫ 
1 142 
77
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


92 
Ақмола облысы 
58 
Ақтөбе облысы 
77 
Алматы облысы 
44 
Атырау облысы 
26 
Батыс Қазақстан облысы 
28 
Жамбыл облысы 
25 
Қарағанды облысы 
115 
Қостанай облысы 
37 
Қызылорда облысы 
67 
Маңғыстау облысы 
199 
Оңтүстік Қазақстан облысы 
208 
Павлодар облысы 
46 
Солтүстік Қазақстан облысы 
60 
Шығыс Қазақстан облысы 
22 
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 Қаулысымен бекітілген табиғи газды 
мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарында моторлы отын ретінде сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи 
газды пайдалануға арналған автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту, сондай-ақ 
автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және (немесе) криогендік автомобиль құю 
станцияларын салу бойынша нысаналы көрсеткіштер тек Қазақстанның газдандырылған 
өңірлері үшін көзделген. 
Қазақстанда электромобильдер өндірісі 2016 жылдан бастап шағын партиялармен жүзеге 
асырылады. 2016 жылы – 10 бірлік, 2017 жылы – 15 бірлік, 2018 жылы-14 бірлік Қазақстанда 
барлығы 39 бірлік шығарылды. 
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1 
наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында электр қозғалтқыштары бар 696 
автомобиль тіркелген.
JAC iEV7s электромобилінің бірінші сериялық өндірісін іске қосуға дайындалуда (қазіргі 
уақытта JAC iEV7s электромобильдерінің үлгілері РФ НАМИ автополигонында 
сертификаттық сынақтардан өтуде). Көлік құралының түрін мақұлдағаннан кейін өндірістің 
бірінші жылында JAC iEV7s электробильдерін 200 бірлікке дейін өндіру жоспарлануда. 
«АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорны KIA Soul EV, LADA VESTA EV электромобильдерін 
өндіруді игерді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра отырып, «АЗИЯ АВТО» АҚ тәжірибелік 
үлгілерге сынақ жүргізді және оларды сертификаттады. Қазіргі уақытта электромобильдер 
автосалондарда орналастырылған, сұраныс болған жағдайда Lada VESTA EV электромобиль 
өндірісі іске қосылады. 
Бұдан басқа, қазіргі уақытта отандық автоөндірушілер баламалы отынмен жүретін 
автобустар өндірісін игерді. Айталық, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 2016 жылдан бастап 2018 
жылға дейін 20 гибридті автобус, 79 автобус шығарылды. Urbanway гибридті автобустар соңғы 
буынды литий-ионды аккумуляторы бар, Euro VI Іштен жану қозғалтқышы бар электр 
тартқыш жүйесін біріктіреді. Электр қоректендіруді басқарудың интеллектуалды жүйесі 
қозғалыс кезінде отын тұтынуды және шығарындыны оңтайландырады, ал артық тежеу 
энергиясы сақтау жүйесінде қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет