228
2017 жылы
жылу энергиясын өндіру 3,2 млн. Гкал, 2018 жылы - 3,1 млн. Гкал, 2019
жылы - 2,8 млн. Гкал құрады.
Жылумен жабдықтау көздерінің саны 138 бірлікті құрады. Жылу электр станцияларының
жылу энергиясын өндіру бойынша белгіленген қуаты 656,0 Гкал/сағ құрайды, бір жыл ішінде
орташа жұмыс қуаты - 127,0 Гкал/сағ. Қазандықтардың белгіленген қуаты 626,9 Гкал/сағ,
орташа жылдық жұмыс қуаты – 486,0 Гкал/сағ.
Орал қ. және Ақсай қ. орталықтандырылған жылумен жабдықтау пайдаланылады. Орал
қаласын жылумен жабдықтау қуаты 561 Гкал/сағ қалалық ЖЭО-дан және 19 қазандықтан,
Ақсай қаласынан-8 қазандықтан қамтамасыз етіледі.
Орталықтандырылған жылумен
жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 99,8% құрайды, оның ішінде Орал қаласы
бойынша – 99,8%, Ақсай қаласы бойынша - 100%.
Желілердің жалпы ұзындығы 2019 жылы 345,8 км құрады. Желілердің тозуы 2017 жылы
52,7%-ды және 2019 жылы шамамен 20%-ды құрады, жүргізілген іс-шаралардың арқасында
төмендеу үрдісі бар. 2017 - 2019 жылдары жылумен жабдықтаудың магистральдық желілерінде
авариялар мен ажыратулар болған жоқ (2016 ж. - 5 жағдай).
Облыстың ауылдық елді мекендерін
газдандыру жалғасуда.
Халықтың табиғи газбен
қамтамасыз етілуі 2015 жылғы 92,0%-дан 2017 жылы 94%-ға дейін, ауыл тұрғындары 83,9%-
дан 87,7%-ға дейін ұлғайды (2.7.2-кесте.).
2.7.2-кесте. Табиғи газбен қамтамасыз ету
Көрсеткіштер
2017 ж.
2018 ж.
2019 ж.
Облыс халқын газбен қамтамасыз ету, %
94,0
95,4
96,1
Ауыл халқын газбен қамтамасыз ету, %
87,7
90,8
92
Облыстың елді мекендерін газдандыруға 2015 - 2017 жылдары мемлекеттік бюджеттен 7,4
млрд.теңге бағытталды. Бюджет қаражаты және "ҚазТрансГазАймақ"
АҚ БҚФ өз қаражаты
есебінен 2015 жылы 3226,5 км газ құбыры, 2016 жылы – 3337,5 км, 2017 жылы – 342,2 км
салынды. Табиғи газға 602,9 мың тұрғыны бар 290 АЕМ қосылды.
2018 жылы тұрғындар саны 9700 адамды құрайтын 24 елді мекен газдандырылды. 2018
жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облысты газдандыру
деңгейі 94%-дан 95,4%-ға дейін артты. Халық саны 312 935 адам болатын 434 ауылдық елді
мекеннің (бұдан әрі - АЕМ) 314 елді мекен (71,2%) немесе 284 144 тұрғын (90,8%)
табиғи
газбен қамтамасыз етілді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша 5 елді мекенді газдандыру жоспарлануда,
жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде облысты газдандыру деңгейі 95,4%-дан 96%-ға дейін
артады.
Достарыңызбен бөлісу: