232
өңдеу бойынша "Усенова" ЖК атап өтуге болады. Бұл кәсіпорындардың
өнімдері жергілікті
нарыққа қолжетімді бағамен шығарылады.
Орал қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында "ICM Recycling" компаниясы
жылына қуаты 100 мың тонна қоқысты сұрыптау желісін іске қосты. Жобаның құны-1,7 млрд.
теңге (инвестордың қаражаты). Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2023 жылдар.
Қалдықтарды алдын ала сұрыптау және бөлек жинау мәселесін шешу үшін
облыс және
аудан орталықтарында картонды, қағазды,
пластикті, шиналарды қабылдау пункттері
ұйымдастырылған. Облыс бойынша 1306 контейнер орнатылды, оның ішінде Орал қаласында-
767, аудандарда-539 бірлік.
Құрамында сынап бар шамдарды, батареялар мен аспаптарды
жинау үшін 54 арнайы контейнер орнатылды, оның ішінде 27 Орал қаласында және 27 ауданда.
Облыста бұл құрамында сынап бар қалдықтар "Талап" АҚ және "Мега-Жазира"
ЖШС кәдеге
жаратумен айналысады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 27 ақпанында "Кама Центр" ЖШС шина мен резеңке өңдеу
зауытын ашты. Бұл жұмыс үшін Даму Қорының қолдауымен "Оператор РОП" ЖШС
субсидияланды. Пайдаланылған автомобиль шиналарын терең өңдеу кәсіпорында, содан кейін
спорт және ойын алаңдары үшін жабын өндірісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: