Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет29/83
Дата28.08.2023
өлшемі2,58 Mb.
#105621
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83
Байланысты:
№399 бұйрыққа өзгеріс

2-тарау. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру ,
1 - параграф. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің мазмұны
6. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:
1) 1-сынып аптасына 1 сағаттан, ІІ жартыжылдықтан бастап 19 сағатты;
2) 2-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) 3-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты;
4) 4-сынып аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.
7. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік 
жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнін тиімді өткізуге 
арналған қажетті жабдықтардың тізімі:
гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар 
құлаққаптар);
интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар 
арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін 
жоғары сапалы ашық қатынас желісі;
перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, 
интерактивті проектор/интерактивті тақта;
робототехникаға арналған жиынтықтар.
8. Пәннің негізгі мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпараттық этикет
2) менің алғашқы суретім
3) біздің өміріміздегі алгоритм
4) бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
9. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
10. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
11. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
12. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
13. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
14. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық 
мазмұны:
1) «Ақпараттық этикет»: Өз денсаулығымызды сақтаймыз; Біздің 
айналамыздағы ақпарат; Ақпарат және компьютер; Интернет желісінде жұмыс 
істеу кезіндегі қауіпсіздік.
2) «Менің алғашқы суретім»: Фигуралар; Фигуралармен орындалатын іс-
әрекет.
3) «Біздің өміріміздегі алгоритмдер»: Біздің өміріміздегі алгоритм.
4) «Бағдарламалау»: Scratch бағдарламасымен танысу; Менің алғашқы 
бағдарламам.
15. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық 
мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, 
пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс 
шығарғыш/ құлаққап);


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Бағдарламалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар туралы түсінік, 
файлдар мен бумаларды жасау, көшіру, жылжыту және жою, контекстік мәзір 
командаларын пайдалану;
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысындағы 
қауіпсіздік ережелері;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»:
Мәтіндер: мәтіндік редактордағы және ойын ортасындағы сөйлемдер 
жиынтығы;
Графика: суретті өңдеу; қию, бұру және суреттің өлшемін өзгерту, суреттің 
үзіндісін көшіру және бейнелеу;
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату, дыбыстық файлдарды өңдеу;
3) «Интернет желісінде жұмыс істеу»: браузер арқылы берілген тақырып 
бойынша ақпаратты іздеу, қосымшалар арасында мәліметтер алмасу;
4) «Есептік ойлау»: алгоритмдер, тармақталу алгоритмі, алгоритмнің сөз 
түрінде ұсынылуы.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасының кіріктірілген графикалық 
редакторында өзінің кейіпкерін жасау, пернетақтадан спрайтты басқаруды 
ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру; ойын 
ортасында дыбыстық файлдарды өңдеу;
5) «Робототехника»: оқу роботының негізгі моделін құрастыру, роботқа 
арналған бағдарламаны жүктеу және іске қосу, роботты берілген жылдамдықта, 
берілген дөңгелек айнымалының саны бойынша алға, артқа жылжыту, роботты 
берілген бұрышқа (90,180 градус) айналдыру, роботтың вербалды түрде 
көрсетілген алгаритм бойынша қозғалысын ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды 
пайдалану, роботқа арналған аудио файлды жүктеу, роботқа арналған бағдарлама 
жасау кезінде дыбысты пайдалану, жасалған роботты аудиторияға ұсыну.
16. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық 
мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютердің құрылғылары: енгізу және шығару 
құрылғылары; программалық қамтамасыз ету: компьютерлік программалардың 
қызметі (сілтеуіш, суреттерді көруге арналған программалар), программа менюі, 


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
меню командаларын қолдану, файлдар мен бумалар, компьютерде файлдарды ашу 
және сақтау; қауіпсіздік техникасы: қауіпсіздік техникасының ережелері;
2) «Ақпаратты өңдеу және көрсету»: мәтіндер: мәтіндік редактордың 
қызметі, программа менюі, мәтінді теру және өңдеу, символдар мен абзацтарды 
пішімдеу, мәтінмен болатын операциялар, символдарды қосу; графика: 
графикалық редактордың қызметі, суреттерді ашу және сақтау, редактор 
құралдарын қолдана отырып, сурет салу, түстер палитрасы, суреттерді өңдеу, 
суретті кесу, айналдыру және өлшемін өзгерту, сурет бөліктерінің көшірмесін 
жасау; презентация: презентация құру программаларының қызметі, программа 
менюі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдта мәтін мен суреттерді 
орналастыру, слайд арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қосу; 
мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыс 
редакторының қызметі, дыбысты жазу, дыбыстарды өңдеу және ойнату, 
дыбыстық эффектілерді қолдану;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпаратты іздеу: құжаттағы мәтіннің 
фрагментін іздеу; ақпарат алмасу: желіде ақпарат алмасу тәсілдері, жобамен 
бірлесіп жұмыс істеу үшін мессенджерлерді пайдалану;
4) «Есептей білу»:
Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді жүзеге асырудағы Орындаушының 
командалық жүйесі.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасында ойын құру кезінде циклдік 
алгоритмді енгізу, дайын сценарий бойынша ойын жасау, ойын бағдарламалау 
ортасында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен жұмыс істеу;
5) «Робототехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналу санын 
баптау, роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін циклды пайдалану.
17. «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық 
мазмұны:
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары, ғылыми-техникалық прогрестің 
компьютерлік және мобильді техниканың ескіруіне әсері.
Қауіпсіздік: сенімді құпиясөз критерийі;
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»:


Редакциялау күні
05.07.2023
Сақтау күні
21.07.2023
Дата редакции
05.07.2023
Дата скачивания
21.07.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Мәтіндер: мәтіндегі кестелер.
Презентациялар: слайдтың орналасуы, нысандардың анимациясы; бейне 
және дыбысты енгізу.
Мультимедиа: бейнеролик жасау;
3) «Интернет желісіндегі жұмыс»:
Ақпаратты іздеу: компьютердегі файлдар мен қалталарды іздеу.
Ақпарат алмасу: браузер параметрлері (бетбелгілер, тарих және жүктеулер).
Электрондық пошта: хабарламаларды, тіркелген файлдармен 
хабарламаларды қабылдау және жіберу;
4) «Есептей білу»: Алгоритмдер: кірістірілген циклдар, логикалық 
операторлар, салыстыру операторлары.
Бағдарламалау: ойын бағдарламалау ортасындағы айнымалылар, ойынды өз 
сценарийі бойынша дамыту;
5) «Робототехника»: түс сенсоры; ультрадыбыстық сенсор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет