Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
Білім алушылардың міндеттері Мектеп Жарғысымен және Түзеу
мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.
112. Мектепте оқу процесі қолданыстағы Үлгілік
оқу жоспарларына және
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
113. Мектепке басшылық жасауды білім беру саласындағы заңнамада
белгіленген тәртіппен тағайындалған директор жүзеге асырады.
114. Мектеп директоры түзеу мекемесі басшысының келісімі бойынша
Мектептің басшы қызметкерлерін, педагогтерді тағайындайды және лауазымнан
босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Қазақстан Республикасының
еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
115. Мектеп директорының, басшы қызметкерлердің, педагогтердің
құқықтары мен міндеттері Мектеп Жарғысымен және түзеу
мекемесінің ішкі
тәртіп ережелерімен белгіленеді.
116. Мектеп директоры мен педагогтер Жасақ тәрбиешілері кеңесінің
құрамына кіреді, мекеме әкімшілігімен бірлесіп, сотталғандармен жүргізілетін
тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарға қатысады.
117. Түзеу мекемесінің әкімшілігі:
1) міндетті жалпы білім беру және кәсіптік оқытуға жататын
сотталғандардың есебін жүргізеді;
2) Мектеп әкімшілігінің, педагогтердің және техникалық персоналдың
сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мекеме бөлімдері мен
қызметтерінің қызметкерлерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) Мектептің педагогикалық ұжымына мекеменің сотталғандарды оқыту,
түзеу мәселелері жөніндегі қызметін реттейтін
құқықтық және әдістемелік
құжаттарды зерделеуде көмек көрсетеді;
4) Мектеп қызметкерлерінің мекемеде белгіленген режимдік талаптарды
сақтауына бақылау жасайды;
5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің аумағында болған
уақытында олардың қауіпсіздігі мен еңбегін қорғауды қамтамасыз етеді;
6) Мектепте сотталғандардың сабаққа қатысуларына күнделікті бақылауды
жүзеге асырады.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
118. Мектептің педагогикалық ұжымы:
1) мекеме әкімшілігімен бірлесіп міндетті білім алуға жататын жасы отызға
толмаған және жалпы орта білімі жоқ сотталғандарды толық қамтуды қамтамасыз
ету жұмысын жүргізеді;
2) сотталғандарды ұстау режимінің талаптарын ескере отырып, оқу
жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін ұйымдастырады;
3) білім алушыларға сабақтарға дайындалуына,
өз бетінше білім алу
әдістерін меңгеруіне, мекеме әкімшілігіне сотталғандардың рухани-адамгершілік
тәрбиесіне, оларды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту жұмысына көмек көрсетеді;
4) мекеме әкімшілігінің алдында оқудағы және тәртіп сақтаудағы
жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу туралы ұсыным жасайды;
5) Мектеп қызметкерлерінің түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінде
белгіленген сотталғандармен өзара қарым-қатынасты сақтауын қамтамасыз етеді;
6) оқу-әдістемелік құралдардың, жабдықтар мен басқа да мүліктің
сақталуын қамтамасыз етеді.
119.Мектеп педагогтеріне түзету мекемелері
қағидаларының талаптарын
бұзған жағдайда мекеме аумағына қіруге тыйым салынады.
120. Жабдықтарды сатып алу, сондай-ақ мектеп орынжайларын ұстауға
байланысты шығыстар (коммуналдық қызмет көрсетулер, ағымдағы жөндеу және
өзге шығындар), қызмет көрсету персоналының еңбекақысын төлеу түзеу
мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшы қызметкерлер мен
педагогтердің, оқу-тәрбие қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, оқулықтарды
сатып алу және жеткізу білім беруге көзделген жергілікті бюджет қаражаты
есебінен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: