Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметінің үлгілік



Pdf көрінісі
бет11/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57
5-параграф. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы қызметінің үлгілік 
қағидалары


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
204. Осы Қағидаларда ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім 
беру ұйымдары – «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңның 14-
бабының 2-тармағында көрсетілген ерекше тәрбиелеу, оқыту және арнайы 
педагогикалық тәсілді талап ететін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, 
оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ететін ерекше режимде ұстайтын 
білім беру ұйымдары болып табылады.
205. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары он бір жастан он сегіз 
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін еркек және әйел жынысты адамдарды 
бөлек орналастыру шартымен құрылады.
206. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы заңды тұлға болып 
табылады, оқшауланған мүлкі, өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген 
үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте шоты болады және тәрбиеленушілердің 
психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулық сақтау, кәмелетке 
толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес тәрбиелеу 
бағдарламасын дербес әзірлейді.
207. Ерекше режимде ұстайтын білім беруді шектеу Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық 
бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз 
қалуының алдын алу туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 
«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Мемлекеттік 
мүлік туралы» заңдарының, осы Қағидалардың негізінде өз Жарғысын әзірлейді.
208. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының міндеттері:
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, 
қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алу 
болып табылады;
3) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды 
қамтамасыз ету болып табылады;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру;
5) оқыту мен тәрбиелеу процесінің үздіксіздігі мен бірлігін қамтамасыз ету 
болып табылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
209. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында 
тәрбиеленушілердің тұру жағдайларына қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
210. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие 
процесін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстар кешені: 
тәрбиеленушілерге арналған оқу және тұрғын үй-жайлар, ас блогы, изоляторы бар 
медициналық пунктке арналған үй-жай, клуб, спорт алаңы, оқу-өндірістік 
шеберханалар, ауыл немесе бау-бақша шаруашылығы болуға тиіс.
211. Изоляторы бар медициналық пункттің қызметі арнайы білім беру 
ұйымының басшылығымен және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың 
жергілікті органымен реттеледі. Қажет болған жағдайда арнайы білім беру ұйымы 
денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бейінді 
медициналық мекемелерінің көмегін пайдаланады.
212. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын құру, қайта 
ұйымдастыру және тарату туралы шешімді жергілікті атқарушы органдар 
қабылдайды.
213. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке 
толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету өмірлік қиын 
жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы 
қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
214. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына тәрбиенің, 
оқытудың ерекше жағдайларын қажет ететін және арнайы педагогикалық тәсілді 
талап ететін он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар 
орналастырылады:
1) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуына 
байланысты өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған аса ауыр 
қылмыстар немесе екі және одан да көп қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған;
2) егер олар ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін 
сотталған және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 83-бабында 
көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатқан 
жағдайларда, тоқтатыла тұрады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған кәмелетке 
толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберудің 
орындылығы туралы шешімді сот ішкі істер органының ұсынуы бойынша 
қабылдайды.
215. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар 
сот шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.
216. Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарына орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер 
органдары қамтамасыз етеді.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін әрбір кәмелетке 
толмаған балаға:
1) кәмелетке толмаған адамды ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымына жіберу туралы сот шешімі; ;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) оқушының жеке ісі;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес № 065/е нысаны бойынша 
профилактикалық екпелер картасы және Толтыру және жүргізу жөніндегі 
нұсқаулықтарымен бекітілген 026/у-3 есептік нысаны;
5) отбасының құрамы, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы 
мәліметтерді, ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне толық деректерді, 
олардың нақты тұратын жерін, жұмыс орнын, кәмелетке толмаған баланы күтіп-
бағу және тәрбиелеу үшін жағдайлардың бар-жоғын көрсете отырып, отбасының 
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау актісі;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан 
кәмелетке толмағандарға ата-ана қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) оқу орнынан мінездеме;
8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі.
217. № ҚР ДСМ-17 бұйрығымен бекітілген арнаулы білім беру 
ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында кәмелетке 
толмағандарды ұстауға және оқытуға кедергі келтіретін аурулар тізбесіне сәйкес 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар ерекше режимде 
ұстайтын білім беру ұйымына жіберілмейді.
Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, 
сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды ерекше режимде 
ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға 
психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық, 
мінез-құлық бұзылуынан (ауруынан) емделуден өтуді тағайындаудың 
орындылығы міндетті түрде зерделенеді.
Жеке істің құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер 
республикалық дерекқорға кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын 
білім беру ұйымына қабылдаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен 
кешіктірілмей енгізіледі.
Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына 
орналастыру үшін қажетті құжаттарды жинауды және жеткізуді ішкі істер 
органдары қамтамасыз етеді.
Өмір сүру және тәрбиелеу жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты 
жерінде қалдыруға болмайтын кәмелетке толмаған күдікті қылмыстық процесті 
жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншы және қамқоршы органдардың 
қатысуымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше 
режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.
218. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының әкімшілігі:
1) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзетуді, 
тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігін және олардың теріс әсерден барынша 
қорғалуын, бөгде адамдарды ұстаудың және одан тәрбиеленушілердің өз бетінше 
кетуінің ерекше режимі бар білім беру ұйымының аумағына еркін кіруін 
шектеуді, кәмелетке толмағандарды, оның ішінде ұйықтауға бөлінген уақытта 
тәулік бойы байқауды және бақылауды, кәмелетке толмағандарды, олардың 
заттарын және жатын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді;
2) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымының орналасқан жері бойынша және тұрғылықты жері бойынша ішкі істер 
органдарын олардың өз бетінше кету фактілері туралы хабардар етеді және 
оларды іздестіру мен қайтару бойынша тікелей қатысады;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі комиссияға кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша оны 
болу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын ерекше режимде ұстайтын 
білім беру ұйымынан шығару туралы хабарлама, сондай-ақ кәмелетке толмағанға 
мінездеме және онымен одан әрі жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және 
оған жұмысқа және тұрмыстық жағдайда орналасуға жәрдем көрсету қажеттігі 
туралы ұсынымдар жібереді.
4) кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша ішкі істер 
органдарының оның келу фактісі туралы жазбаша растауын сұратады.
219. Кәмелетке толмаған адамның ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымында болуы адамның кәмелетке толуына байланысты, сондай-ақ егер ерекше 
режимде ұстайтын білім беру ұйымы әкімшілігінің ұсынуы негізінде сот 
кәмелетке толмаған адам өзін түзеу үшін енді осы шараны қолдануды қажет 
етпейді деген қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
220. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығатын 
тәрбиеленушілер тұратын жерлеріне ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы 
қызметкерлерінің ілесіп жүруімен жеткізіледі.
Кәмелетке толуына байланысты ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарынан кететін кәмелетке толмағандар тұрақты тұратын жеріне өз бетінше 
бара алады.
Шығып қалудың барлық жағдайларында ерекше режимде ұстайтын білім 
беру ұйымының әкімшілігі түлектерге осы мекемеде болған кезеңде олардың 
пайдалануында болған маусымдық киім мен аяқ киім жиынтығын береді.
221. Кәмелетке толмағандар ерекше режимде ұстайтын білім беру 
ұйымдарынан мынадай жағдайларда шығарылады:
1) сот айқындаған мерзім аяқталған кезде;
2) кәмелеттік жасқа толуына байланысты мерзімінен бұрын;
3) егер сот мекеме әкімшілігінің не кәмелетке толмағандардың ісі және 
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссияның ұсынуы негізінде 
кәмелетке толмаған адам өзін түзеу үшін осы шараны одан әрі қолдануды қажет 
етпейді деген қорытындыға келсе, мерзімінен бұрын жасалуы мүмкін;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың 
профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын 
алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелетке толмаған адам 
осы мекемеде бола алмайтын мән-жайлар туындаған кезде тоқтатылады.
222. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие 
жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде 
әзірленген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары 
бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен тәрбиеленушілерге негізгі орта білім 
туралы не жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 
оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, 
сараланып жүзеге асырылады.
223. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында кәмелетке 
толмағандарды оқыту мен тәрбиелеу олардың жас және жеке ерекшеліктері 
ескеріле отырып, сараланып жүргізіледі.
224. Арнайы білім беру ұйымында еңбекке баулу кәмелетке 
толмағандардың жасы мен дене бітімінің дамуын ескере отырып, оқу-өндірістік 
шеберханаларда, оқу-тәжірибе учаскесінде және қосалқы шаруашылықта күніне 
екі сағаттан төрт сағатқа дейін жүзеге асырылады.
225. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді 
кәсіптік даярлау Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы 
қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
226. Біліктілік емтиханын тапсырған тәрбиеленушілерге нақты мамандық 
бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік 
(сертификат) беріледі.
227. Өзін-өзі даярлау бойынша сабақтар күн тәртібінде арнайы бөлінген 
сағаттарда педагогтердің басшылығымен өткізіледі.
228. Тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға 
байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.
229. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында көтермелеу және 
жазалау шаралары қолданылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
230. Көтермелеу және жазалау шараларын қолдану құқығын директор мен 
оның орынбасарлары пайдаланады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер жазалау және 
көтермелеу шараларын ауызша алғыс, ескерту немесе ауызша сөгіс түрінде 
қолдана алады.
231. Тәрбиеленушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен хат алмасуға, сәлемдемелер, сәлемдемелер, бандерольдер 
(рұқсат етілген заттар мен өнімдер тізбесін сақтай отырып), ақша аударымдарын 
алуға рұқсат етіледі.
Білім алушылардың ақшалай қаражатты жұмсауына арнайы білім беру 
ұйымы тәрбиешісінің рұқсатымен және бақылауымен жол беріледі.
232. Сақтауға тыйым салынған заттардың бар екендігі туралы деректер 
болған кезде арнайы білім беру ұйымының әкімшілігі оқушының заттарын, келіп 
түскен сәлемдемелерді, бандерольдер мен сәлемдемелерді тексеруді жүргізеді.
233. Арнайы білім беру ұйымдарының аумағында сенбіліктер, толық 
тазалау, өзіне-өзі қызмет көрсету жұмыстары кезінде тәрбиеленушілерді 
денсаулығына қауіпті орындарды, сондай-ақ жалпы пайдалану орындарын жинау 
үшін тарту қарастырылмайды.
234. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы өз қызметінде Қазақстан 
Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, 
осы Ережені және Орталықтың жарғысын басшылыққа алады.
235. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына тікелей басшылықты 
Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес 
тағайындалатын директор жүзеге асырады.
236. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында алқалы басқару 
органдары құрылады.
237. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын қаржыландыру 
жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
238. Қосымша, демеушілік қаражатты есепке алу және жұмсау Қазақстан 
Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет