Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы



Pdf көрінісі
бет31/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57
1-параграф. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы 
бөбекжайлар мен балабақшалар қызметінің тәртібі
24. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен 
балабақшаларға төмендегі балалар қабылданады:
1) көзі көрмейтін (толық көрмейтін, жарық сезуі немесе қалдық көруі жақсы 
көретін көзінде түзетумен 0,04-ке дейін);
2) нашар көретін (көру өткірлігі жақсы көретін көзінде 0,05-тен 0,04-ке 
дейін және көзілдірікпен түзетуі бар);
3) плеоптикалық емдеуді қажет ететін оптикалық түзету жағдайларында 
жақсы көретін көздегі көру өткірлігі 0,7-ге дейін амблиопиясы (дисбинокулярлық, 
рефракциялық, обскурациялық) бар;
4) ортопто-плеопто-хирургиялық-ортоптикалық немесе тек ортоптикалық 
емдеуді қажет ететін қылилығы бар.
25. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы 
шарттары:
1) көру қабілетінің зақымдалу дәрежесі және сипатын ескере отырып, 
тифлотехникалық құралдар мен арнайы жабдықтарды қолдану. Көзі көрмейтін 
балаларға арналған жабдықтар жарық сезгіш және көру мен сезу арқылы 
қабылдау құралдарын пайдалануға негізделеді. Түзету жұмыстарында көру 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
қабілеті зақымдалған балалар үшін оқу ақпаратының қолжетімділігін кеңейтуге 
арналған арнайы дидактикалық материалдар және арнайы көрнекі құралдар 
қолданылады;
2) тифлопедагогтің тарапынан балаларға көру қабілетін дамыту (көзі 
көрмейтін балалармен – сезіну және нәзік моториканы дамыту бойынша), 
әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістіктікті бағдарлау бойынша шағын топтық және 
жеке сабақтар түрінде арнайы педагогикалық көмек көрсетуі;
3) емдеу аппаратурасы және құралдары бар арнайы жабдықталған кабинетте 
офтальмолог дәрігер мен ортоптист мейірбикенің емдеу-қалпына келтіру 
жұмыстарын жүзеге асыруы.
26. Көзі көрмейтін және нашар көретін, зердесі зақымдалған (жеңіл және 
орташа деңгейде ақыл-ой бұзылыстар), тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар 
немесе есту қабілеті зақымдалған балаларға жеке дамыту бағдарламаларына 
сәйкес арнайы педагогикалық көмек көрсетіледі.
27. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжай мен 
балабақшада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 
77 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және 
педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін 
бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі – Үлгі штаттар) сәйкес дефектолог 
(тифлопедагог) лауазымы мынадай ретте қарастырылады:
1) көзі көрмейтін балаларға арналған бір топқа 1 штаттық бірлік;
2) нашар көретін балаларға арналған бір топқа 1 штаттық бірлік;
3) жақсы көрінетін көзінде көзілдіріктің көмегімен түзету 0,4-тен аспайтын 
қалдық көру қабілеті бар, амблиопия және қылилығы бар 15 балаға 1 штаттық 
бірлік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет