Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi



Pdf көрінісі
бет3/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
2-тарау. Мектепке дейiнгі ұйымдар қызметінің тәртібi
19. Мектепке дейінгі ұйымдар «Білім туралы» Заңның 41-бабы мен осы 
Қағидалар негізінде өз жарғысын әзірлейді.
20. Мектепке дейінгі ұйымдар:
1) өз жарғысында белгіленген функциялардың орындалуын;
2) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 
тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының (бұдан әрі - 
Стандарт), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 
20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
оқытудың үлгілік оқу жоспарларының (бұдан әрі – Үлгілік жоспарлар) 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып 
тіркелген) және Бағдарламаның толық көлемде іске асырылуын;
3) тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда қолданылатын 
нысандардың, әдістердің, тәсілдердің, құралдардың тәрбиеленушілердің жас, 
психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiне, қабілеттеріне, қызығушылықтары 
мен қажеттілiктеріне сәйкестігін;
4) мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер 
тәрбиеленушілерді ағымдағы медициналық бақылауды, иммундау және 
профилактикалық тексерулерді алғашқы медициналық-санитариялық көмек 
көрсетудің аумақтық медициналық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастыруды;
5) мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекітетін және әр жас тобында 
ілінетін он күндік ас мәзірін құрастыруды;
6) тәрбиеленушілерді теңгерімді тамақтандыру балалардың жас 
ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, мектепке дейінгі ұйымның жұмыс тәртібі, 
маусымдық азық-түліктердің болуы, оның жиілігі ескеріліп, Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-
59 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 
болып тіркелген) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және 
мектепке дейінгі ұйымның жарғысына сәйкес айқындауды;
7) тәрбиеленушілерде, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтану мен табиғи 
және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы тамақтану мәдениетін 
қалыптастыруды;
8) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен 
автоматты түрде ақпараттармен алмасуды және мәліметтерді өзектендіруді;
9) білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен 
ақпараттық өзара әрекеттесудің регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
21. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы штат саны «Мемлекеттік 
білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» Қазақстан 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына 
сәйкес белгіленеді.
Штаттық кесте және педагогтердің тарификациясы мектепке дейінгі 
ұйымдардың ресми сайттарында орналастырылады.
22. Педагог қызметімен айналысуға педагогикалық немесе тиісті бейіні 
бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және 
оқыту, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша 
педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлға жіберіледі.
23. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптардың педагогтері 
кәсіптік қызметті жүзеге асыруда Стандарттың талаптарын сақтай отырып, 
тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың нысандары мен тәсілдерін өздері 
таңдайды.
24. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарының педагогтері 
өз қызметінде тиісті кәсіптік құзыреттерге ие болуы, өзінің кәсіби шеберлігін, 
зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруі, оның 
ішінде кемінде бес жылда бір рет біліктілік санаты деңгейін арттыруы (растауы) 
тиіс.
25. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптардың педагогтері 
«Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы 
топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және 
функционалдық зертттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, 
зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан 
кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және 
мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен 
жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер 
өткізу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 
15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын 
медициналық зерттеп-қараудан өтеді.
26. Мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс күндері және демалыс күндері осы 
мектепке дейінгі ұйыммен қамтылған және қамтылмаған тәрбиеленушілер үшін 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
білім беру, сауықтыру сипатындағы қосымша ақылы қызметтер көрсетеді.Ақылы 
қызметтер көрсетуден түскен қаражат мамандарға жалақы төлеуге, құралдар 
сатып алуға, «Білім туралы» Заңның 63-бабына сәйкес тиісті дамытушы орта 
құруға бағытталады.
27. Отбасы мен тәрбиеленушіні әлеуметтiк-педагогикалық қолдау 
мақсатында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың 
ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында ата-аналардың қажеттіліктері 
ескеріліп, консультациялық пункттер құрылады.
28. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, мүгедектігі бар балаларды 
тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 1-2 жастағы балаларды тәрбиелеу және 
оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан қысқа мерзімді топтар 
құрылады.
29. Мектепке дейiнгi ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық 
басқару қағидаларына сәйкес құрылады. Алқалық басқару нысандары 
педагогикалық, әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
30. Мектепке дейінгi ұйымды тiкелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
31. Мектепке дейінгі ұйым мен заңды өкілдер арасындағы өзара қарым-
қатынас баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдаған кезде жасалатын шартпен 
реттеледі.
32. Білім беру процесіне қатысушылар тәрбиеленушілер, 
тәрбиеленушілердің заңды өкілдері, педагогтер болып табылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
2-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет