Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

4-тарау. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидалары
93. Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша ұйымдарының негізгі түрлері 
мыналар болып табылады:
1) шағын жинақты мектеп ( бұдан әрі - ШЖМ), тірек мектеп;
2) түзету мекеме жанындағы жалпы білім беретін мектеп;
3) кешкі мектеп;
4) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы;
5) ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған білім беру ұйымы;
6) аурухана жанындағы мектеп.
Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырады.
1-параграф. Шағын жинақты мектептер, тірек мектептері қызметінің үлгілік 
қағидалары
94. ШЖМ негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімге қол жеткізуді 
қамтамасыз ету және кеңейту;
2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында тірек мектептерінде 
(ресурстық орталықта) ШЖМ-ның білім беру ресурстарын біріктіру;
4) ШЖМ білім алушылары үшін бейінеалды даярлау және бейіндік оқыту 
бойынша жағдай жасау;
5) тірек мектебінде (ресурстық орталықта) нұсқаушы, аралық және 
қорытынды сессиялық сабақтар және магниттік мектеп оқушылары үшін 
сесияаралық кезеңді ұйымдастыру;
6) біріктірілген сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру.
95. Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде бастауыш ШЖМ білім 
алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін; негізгі ШЖМ білім алушылардың саны 
41-ден 80 адамға дейін; орта ШЖМ білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға 
дейін болған жағдайда жұмыс істейді.
96. ШЖМ-да сыныпты екі топқа бөлуге білім алушылар саны 16 және одан 
артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шетел тілі;
3) көркем еңбек;
4) информатике жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
ШЖМ-да сыныпты екі топқа бөлуге білім алушылар саны 16 және одан 
артық болғандаоқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – орыс тілі мен 
әдебиеті сабақтарын жүргізу кезінде болады.
97. ШЖМ-да оқу-тәрбие процесі біріктірілген немесе жеке сыныптарда 
білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуға сәйкес 
қамтамасыз етіледі.
ШЖМ-дағы 2-11 сыныптардың толымдығына 3 және одан артық адамға 
дейін рұқсат беріледі.
Әртүрлі жастағы оқыту әдістемелерін қолдану кезінде 1, 2 жас айырмасын 
ескере отырып, екі немесе үш сыныпты біріктіруге жол беріледі.
Сыныптарды біріктіру кезінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзгермелі 
кестесі қолданылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Бірінші сынып, бітіруші сыныптың білім алушыларын басқа сыныптарымен 
біріктіріп оқыту қарастырылмайды.
98. Тірек мектебі мен магниттік ШЖМ-ның оқу қызметі тірек мектебі 
(ресурстық орталық) мен магниттік мектептердің бірлескен педагогикалық 
кеңесінде бекітілген бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады.
99. Магниттік мектептердің 5-11 сынып білім алушылары үшін 
инвариантты компоненттің оқу пәндерін оқыту арқылы оқу сессияларын 
өткізіледі: бастапқы – қазанның бірінші онкүндігі (10 күн), аралық – ақпанның 
бірінші онкүндігі (10 күн), қорытынды – сәуірдің үшінші онкүндігі (10 күн).
8-1-сыныптардың білім алушылары үшін тірек мектептер базасында оқу 
сессияларын өткізу міндетті, 5-7-сыныптар ұшін – білім беру ұйымының қалауы 
бойынша.
100.Сессия кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) қосымша білім беру 
орталығы және толық күндік мектеп ретінде жұмыс істейді
101. Магниттік мектептердің білім алушылары үшін тірек мектепте оқу 
сессияларын өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдар білім беруді басқару 
органының тиісті бұйрығымен ресімделетін тасымалдауға, тамақтануға және 
тұруға қаражат қарастырады.
102. Сессияаралық кезеңде білім алушылардың оқу-танымдық қызметі 
ШЖМ-да тірек мектеп (ресурстық орталық) пән мұгалімдерінің қашықтан 
қолдауымен өтеді.
103. ШЖМ білім алушыларының оқу сессиялары әлеуметтік, табиғи және 
техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға, аурудың алдын алу және емдеу, 
санитарлық- эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу іс-шараларға 
байланысты, қолайсыз ауа райы кезеңінде қашықтан оқытуға ауыстырылады.
104. Облыстық әдістемелік кабинеттер (орталықтар) оқу жұмыс 
жоспарларын әзірлеу, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, жеке оқыту 
бағдарламаларын жасау, қашықтықтан оқыту нысанының мазмұны, бейінді 
бағытты ескере отырып, оқыту әдістері мен арнайы курстар бойынша жұмысты 
үйлестіруді жүзеге асырады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет