2-тарау. Білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
19. Білім алушылар, педагогтар, білім алушылардың заңды өкілдері білім
беру процесінің субъектілері болып табылады.
20. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы
мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білім беретін үлгілік
оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар
білім беру ұйымдары береді.
21. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейіні бойынша
педагогикалық немесе басқа да кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және
(немесе) тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, білім беру қызметін
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік
қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес педагогикалық
қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
22. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының ұзақтығы
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.
23. Білім беру ұйымдарының педагогтары «Міндетті медициналық қарап-
тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу
тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің
көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті
өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті
алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық
қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын
ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131
/2020 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 21443 болып тіркелген) жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
24. Білім беру ұйымдары оқу процесін «Қазақстан Республикасындағы
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы
8 қарашадағы № 500 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген), «Жалпы білім беру ұйымдарына
арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және
факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115
бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10
сәуірде № 8424 тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары, үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі
жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын
дербес таңдап алады.
25. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланың жеке
басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
машықтарын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру
үшін оқудың, жазудың, есептеудің, коммуникативтік дағдылардың,
шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік
дағдыларын дамытуға бағытталған.
26. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары білім
алушылардың ғылымдар жүйесінің базалық негіздерін меңгеруіне, олардың
бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін
қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына
бағытталған.
Үлгілік оқу бағдарламасы білім алушылардың бейіналды даярлығын
қамтиды.
27. Жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды
енгізе отырып, дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын
кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленген.
28. Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие процесі үлгілік оқу
бағдарламаларына және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Базистiк оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және
нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс
жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге
асыруға құқылы.
Орта білім беру ұйымдары оқу жұмыс жоспарының үлгілік оқу
жоспаларына және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына
сәйкес қамтамасыз етеді.
29. Білім беру ұйымдарында қосымша білім берудің үлгілік оқу
бағдарламалары іске асырылады.
30. Білім беру ұйымдарында оқыту процесі үлгілік оқу жоспарының
негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу жұмыс кестесімен және сабақтар
кестесімен регламенттеледі.
31. Білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ
тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін
оқып-үйренуін қамтамасыз етеді.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
32. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, санитариялық қағидалардың,
үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру саласындағы денсаулық сақтау және білім
беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары
бекітетін ережелермен айқындалады.
33. Білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдерді медициналық
қамтамасыз ету «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылады (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) (бұдан әрі – №
ҚР ДСМ-76 бұйрық).
34. Білім беру ұйымындағы сабақтар кестесін оның басшысы не оны
алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті
көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті
үзілістерді көздейді.
35. Жалпы білім беру ұйымдарының барлық түрінде білім алушылар үшін
сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы кемінде бес минут, үлкен үзіліс (екінші
немесе үшінші сабақтан кейін) отыз минутты құрайды.
Бір үлкен үзілістің орнына екінші және төртінші сабақтан кейін әрқайсысы
он бес минуттан екі үзіліс жасау қарастырылады.
36. Жалпы білім беру ұйымдарында сабақтың ұзақтығы қырық бес
минуттан аспайды. Бірінші сыныптарда оқу жүктемесін бірте-бірте арттыра
отырып, оқу сабақтарының сатылы режимін қолданылады. Қыркүйекте үш сабақ
отыз бес минуттан, қазаннан бастап қырық бес минуттан жоспарланады.
Сабақтарда дене шынықтыру минуттарын және көзге арналған жаттығулар
өткізіледі.
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Бірінші сынып білім алушылары үшін жыл бойы қосымша бір апталық
каникул көзделеді. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізу
қарастырылмайды
37. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
бағдарламаларын білім алушылардың игеруін бақылау мақсатында білім беру
ұйымдары «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 125
бұйрығы) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды және қорытынды
аттестаттауды жүзеге асырады.
38. Білім беру ұйымдары бір күндегі ең жоғары оқу жүктемесін белгілеуде,
өздерінің жарғыларында айқындалатын оқыту нысандарын, құралдарын және
әдістерін таңдауда дербес болады.
39. Білім беру ұйымдары, білім алушылардың бойында патриоттық
тәрбиені, айналасындағыларға толерантты қарым-қатынасты, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениетті, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану
мәдениетін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды
тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде тамақтандыру объектілерінің
жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолымен теңгерімді дұрыс тамақтануды және
табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
40. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін № ҚР ДСМ-76
бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларына сәйкес оқу жайларымен бірге
алаңы бар материалдық активтердің меншік не шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару немесе сенімгерлік басқару, немесе жалға алу құқығына тиесілі
материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, жарақтандыру нормаларына сәйкес
жабдықтар мен жиһаздардың, бастауыш білім беру деңгейі үшін жеке
пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың; компьютерлік сыныптармен,
Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
интернет желісіне қосылған компьютерлермен қамтылудың, оқу зертханалардың,
спорт залдардың, медициналық пункттердің, асхана немесе буфеттің),
ғимараттардың (оқу корпустарының) болуы, сондай-ақ орта білім беру ұйымының
жайларында және (немесе) оған іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы
қажет.
41. Орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның
ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және деректерді
өзектендіруді және ұлттық білім беру деректер қорындағы деректерді
өзектендіруді қамтамасыз етеді.
42. Білім беру ұйымының басшысы «Білім туралы» Заңның 44-бабының 3
тармағына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
43. Білім беру ұйымдарында алқалық басқару органдары құрылады.
Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер және педагогтік әдеп
жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарының алқалық басқару нысандары болып
табылады.
44. Оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын білім беру ұйымдарына әр сыныпқа 4
сағат есебінен факультативтерді және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша
курстарды ұйымдастыруға қаржы бөлінеді..
45. Мемлекеттік мектептерде ақылы білім беру қызметі бюджеттен
қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі шеңберінде және оның орнына
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |