Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар



Pdf көрінісі
бет34/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57
5-параграф. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар 
мен балабақшалар қызметінің тәртібі
36. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы бөбекжайлар мен 
балабақшаларға ақыл-ой кемістігі бар және шығу тегі әртүрлі зерде бұзылыстары 
бар балалар, сондай-ақ зерде зақымдалуымен қатар аутизмі бар балалар 
қабылданады.
37. Зерде зақымдалуының ауырлығы мен сипатына байланысты психикалық 
дамуы тежелген, жеңіл және орташа деңгейде ақыл-ой кемістігі бар балаларға 
арналған арнайы топтар құрылады.
38. Зердесі зақымдалған балаларды тәрбиелеу мен оқытудың арнайы 
шарттары:
1) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар) балаларды МЖББС-на 
бағдарланбаған арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқыту мен тәрбиелеу;
2) дефектолог (олигофренопедагог), логопед, психологтың топтық, шағын 
топтық және жеке сабақтар түрінде көмек көрсетуі;
3) емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша 
сабақтар өткізу.
6-параграф. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы 
бөбекжайлар мен балабақшалар қызметінің тәртібі
39. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы 
балабақшаларға шығу тегі әртүрлі, оның ішінде кохлеарлық импланты бар
балалар аутизмі бар психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады.
40. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы оқыту 
шарттарына дефектологтің (олигофренопедагогтің), логопедтің, психологтің 
топтық, шағын топтық және жеке сабақтар түріндегі арнайы психологиялық-
педагогикалық көмегі жатады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет