Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
4-тарау. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің 
үлгілік ережелері
134. ППТК жеке, топтық және шағын топтық сабақтар нысанында жеке 
дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып 
табылады.
135. ППТК басқа арнайы білім беру ұйымдарына баратын балаларды 
қоспағанда, туғаннан 18 жасқа дейінгі психофизикалық дамуында бұзылысы бар 
балалар мен жасөспірімдерге кешенді психологиялық-педагогикалық көмек 
көрсетеді.
136. Елді мекенде арнайы ұйымдар болмаған жағдайда, ППТК мүмкіндігі 
шектеулі балалардың барлық санаттарына арнайы психологиялық-педагогикалық 
көмекті қамтамасыз етеді.
137. ППТК мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеу 
мәселелерінде білім беру ұйымдарының педагогтеріне консультациялық және 
әдістемелік көмек көрсетеді.
138. ППТК-ны басқару дара басшылық және алқалық басқару 
айқындамаларымен құрылады. Алқалық басқару нысандары педагогикалық, 
әдістемелік кеңестер болып табылады.
139. ППТК-ны тікелей басқаруды басшы (меңгеруші) жүзеге асырады.
140. ППТК қызметін үйлестіруді және әдістемелік қамтамасыз етуді 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті 
білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
141. ППТК-да мүмкіндіктері шектеулі балалар ПМПК қорытындысы мен 
ұсынымдары негізінде және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен 
қабылданады.
142. Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қызмет 
көрсету сабақтың бір циклына жасалатын кабинет пен баланың ата-анасы (заңды 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
өкілдері) арасындағы шарт негізінде реттеледі. ППТК-да балаларға көмек көрсету 
ұзақтығы «Психологиялық-педагогикалық қолдау саласындағы жергілікті 
атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету 
тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 
2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына (Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 мамырда № 20744 болып тіркелді) (бұдан 
әрі - № 223 бұйрық) сәйкес айқындалады және 90 күннен 365 күнге дейін болуы 
мүмкін.
143. Бала ППТК-ға түскен кезде оның ерекшеліктерін, сондай-ақ пәнаралық 
командалық бағалау жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында баланы 
психологиялық-педагогикалық зерделеу жүргізіледі. Баланың дамуын пәнаралық 
командалық бағалау осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес көрсеткіштер бойынша 
тағайындалады.
Баланың психофизикалық дамуын пәнаралық командалық және жеке 
бағалау ерекше білім беру қажеттіліктерін, түзету-дамытушылық оқытудың 
негізгі бағыттарын анықтау және психологиялық-педагогикалық көмектің тиімді 
әдістерін таңдау мақсатында жүргізіледі.
144. Мүмкіндігі шектеулі баланың психофизикалық дамуын бағалауды 
арнайы педагог (дефектолог) жүзеге асырады: олигофренопедагог, сурдопедагог
тифлопедагог; мұғалім-логопед, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы, әлеуметтік 
педагог.
145. Командалық және жеке бағалау нәтижелерінің негізінде балаға көмек 
пен қызмет көрсету көлемі, сабақтың ұзақтығы белгіленеді, баланың жеке-дамыту 
бағдарламасы (бұдан әрі – ЖДБ) әзірленеді.
146. Кабинетте түзету-дамыту көмегін ұйымдастыру Құжаттардың 
тізбесімен бекітіліген 3-қосымшаға сәйкес түзету сабақтарының жоспарымен, 
жеке-дамыту бағдарламалары мен сабақ кестесімен реттеледі. Сабақ кестесінде 
түзету-дамыту сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
ППТК-да психологиялық-педагогикалық дамыту көмегін: арнайы педагог 
(дефектолог): олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед 
(логопед), педагог-психолог (психолог), ЕДШ нұсқаушысы жүзеге асырады.
Арнайы педагогтар, логопед-мұғалім және психолог баланың дамуына 
психологиялық-педагогикалық бағалау жүргізеді, ЖДБ жасайды, психологиялық-


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
педагогикалық дамытушылық көмек көрсетеді және дамыту, оқыту және 
тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасына кеңес береді.
Әлеуметтік мұғалім мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше білім беру 
қажеттіліктерін бағалауға және баланың жеке даму бағдарламасын, сондай-ақ 
отбасына көмек бағдарламаларын жасауға қатысады. Ата-аналарға әлеуметтік-
құқықтық мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік қызметтер, мүгедек 
балаларды оңалтудың техникалық және өзге де көмекші құралдарын алу бойынша 
кеңес береді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де 
бейімделу дағдыларын дамыту бойынша шағын топтық және немесе топтық 
сабақтар өткізеді.
Әдіскер арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын, 
нысандарын, әдістерін анықтауда әдістемелік көмек көрсетеді, командалық және 
жеке бағалауды ұйымдастыру, ЖДБ және отбасына көмек бағдарламаларын 
әзірлеу бойынша мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Музыкалық жетекші балалармен топтық және / немесе жеке музыкалық 
дамыту сабақтарын өткізеді. Жеке сабақтарды өткізу кезінде музыкалық жетекші 
ЖДБ жасайды және музыкалық терапия әдістерін қолдана отырып, балаларға 
дамып келе жатқан көмек көрсетеді. Музыкалық терапия бойынша жеке сабақтар 
пәнаралық командалық бағалау ұсынысы бойынша өткізіледі.
Тіркеуші мүмкіндігі шектеулі баланың құжаттарын тіркейді және оларды 
психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін келген кабинет басшысына береді. 
Мамандарды жұмысқа қажетті материалдармен қамтамасыз етеді (жеке-дамыту 
бағдарламалары, сабаққа қатысу табельдері, ведомостьтар және т.б.).
147. Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ППТК мамандары мен 
педагогтер мүмкіндіктері шектеулі баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін 
сақтай отырып, психологиялық-педагогикалық әдістерді, тәрбие-білім беру және 
түзету-дамыту процесін ұйымдастыру тәсілдері мен нысандарын таңдауда еркін 
болады.
148. ППТК штаттық құрамы жүгінген балалардың саны және олардың 
әртүрлі мамандардың қызметтеріне қажеттіліктері негізінде қалыптастырылады.
149. Түзеу-дамыту көмегі мынадай нысаны ұсынылады:
1) жеке;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) кіші топ/топ;
3) қысқа мерзімді болу топтары;
4) мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына психологиялық-педагогикалық 
кеңес беру;
5) әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
6) отбасылық кеңес беру.
Психологиялық-педагогикалық көмек көрсету нысаны (жеке, шағын 
топтық, топтық түзету-дамыту сабақтары) баланың психофизикалық жағдайы мен 
мінез-құлқының ерекшеліктерімен, пәнаралық командалық бағалау 
мамандарының ұсыныстарымен анықталады.
150. Оқытудың мазмұны Құжаттардың тізбесімен бекітіліген 2-қосымшаға 
сәйкес нысан бойынша кабинет басшысы бекітетін жеке-дамыту 
бағдарламасымен айқындалады.
ЖДБ пәнаралық командалық бағалау ұсыныстарының негізінде әзірленеді 
және баланың психофизикалық дамуының барлық аспектілерін қамтиды.
151. 0-ден 1 жасқа дейінгі балаларға бекітілген кестеге сәйкес ата-аналар 
үшін айына 1-2 рет консультациялық сабақтар ұйымдастырылады. Ерте жастағы 
балалар үшін (1-3 жас) ата-аналардың қатысуымен жеке және топтық сабақтар 
өткізіледі.
152. ППТК-ға апта сайын келу мүмкіндігі жоқ ата-аналардың сұрауы 
бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қашықтан оқыту форматында түзете-
дамыта оқыту курсын жүргізуге жол беріледі.
153. ППТК-да үй-жайлар болған кезде балалардың қысқа мерзімді болу 
топтары, ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттер 
құрылады.
154. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қысқа мерзімді топтар жағдайында 
оқыту және тәрбиелеу МЖМБС, үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу 
бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
155. Топтар балалардың психофизикалық даму деңгейін және мінез-құлық 
ерекшеліктерін ескере отырып, бір жастағы немесе әртүрлі жастағы қағидат 
бойынша жинақталады


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
156. Топтардың толықтырылуы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге 
асырылады.
157. Арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау, оқыту мен тәрбиелеу 
Жабдықтармен және жиһазбен жабдықтау және олардың нормаларына сәйкес 
арнайы әдістер мен қазіргі заманғы оқыту технологияларын, сондай-ақ арнайы 
жабдықтарды қолдана отырып, балалардың психофизикалық ерекшеліктері 
ескеріле отырып жүзеге асырылады.
158. Педагогтер (арнайы педагог (дефектолог) үшін нормативтік оқу 
жүктемесі: олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог; мұғалім-логопед, 
педагог-психолог, дене шынықтыру мұғалімі, музыка қызметкері), ЕДШ 
нұсқаушысы үшін аптасына 18 сағатты, қысқа мерзімді болу топтарының 
тәрбиешілері үшін – 25 сағатты; басшы, әдіскер, әлеуметтік педагог, тіркеуші 
үшін-30 сағатты құрайды.
159. ППТК-ға баруға жалпы медициналық қарсы көрсетілімдер болып 
табылады:
1) декомпенсация сатысындағы соматикалық аурулар;
2) асқынған инфекциялық аурулар;
3) созылмалы ерекше емес аурулар (туберкулез және т. б.);)
160. Жеке сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:
1) емге төзімді жиілікке қарамастан құрысудың үлкен ұстамалары;
2) әртүрлі генездегі айқын көрінген энцефалопатиялық және психопат 
тәрізді мінез-құлық бұзылыстары (емдеу кезеңіне)
161. Топтық сабақтарға медициналық қарсы көрсетілімдер:
1) айына 1 және одан да көп рет жиілігі бар эпилепсияның үлкен 
ұстамалары және аптасына 2-3 және одан да көп рет жиілігі бар шағын немесе 
тырыспайтын ұстамалар;
2) әртүрлі генездегі энцефалопатиялық және психопат тәрізді мінез-
құлықтың бұзылуы (емдеу кезеңінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет