Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептер



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
5-параграф. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептер 
қызметінің тәртібі
74. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке/сыныптарға 
төмендегі балалар қабылданады:
1) жеңіл түрде зердесі зақымдалған (жеңіл ақыл-ой кемістігі бар);
2) орташа түрде зердесі зақымдалған (орташа ақыл-ой кемістігі бар).
75. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған арнайы оқыту шарттары:
1) зердесі зақымдалған білім алушыларды оқыту жалпы білім беретін 
мектептердің Үлгілік оқу бағдарламаларының мазмұнына бағдарланбаған арнайы 
оқу бағдарламалары және арнайы оқулықтар бойынша;
2) зердесі зақымдалған білім алушыларды сынып педагогінің және 
психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының балалардың мүмкіндіктерін 
психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жасалған және жарты жылдан 
аспайтын мерзімге арналған жеке оқу бағдарламаларына сәйкес оқыту;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) өлшемді сипаттамалық бағалау және бес баллдық шкаланы пайдалана 
отырып, оқу жетістіктерін бағалау. Орташа түрде зердесі зақымдалған білім 
алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде балдық бағалау пайдаланылмайды;
4) сөйлеу тілі мен мінез-құлығының айқын түрдегі бұзылыстары болған 
жағдайда логопедиялық және психологиялық көмек көрсету;
5) емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша 
сабақтар.
76. Орташа түрде зердесі зақымдалған оқыту жеке сыныптарда немесе 
педагогикалық кеңестің шешімі бойынша жеңіл түрдегі зердесі зақымдалған білім 
алушылармен бірлесіп ұйымдастырылады.
77. Жалпы еңбекке дайындық, кәсіби-еңбекке оқыту, әлеуметтік-тұрмыстық 
бағдарлау бойынша сабақтар үшін сыныптың білім алушылары екі топқа бөлінеді.
78. Топтарды еңбек түрлері бойынша жинақтау білім алушылардың дене 
және психикалық жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің 
ұсынымдары негізінде жүзеге асырады.
78. Арнайы мектепте 10-шы өндірістік сынып терең кәсіптік оқытуды 
жүзеге асырады.
80. Арнайы мектепте еңбекке оқыту жұмысшы кадрларға қажеттілікке 
бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, 
тәрбиеленушілердің дене және психикалық дамуы, денсаулығы, мүмкіндіктері, 
сондай-ақ олардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, білім алушыны 
жеке еңбек қызметі үшін даярлауды қамтитын еңбек саласын таңдау негізінде 
жүзеге асырылады.
81. Ақыл-ой бұзылыстары жеңіл түрде балаларды мектепте оқыту еңбекке 
баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен 
соңғы емтихандардан босатылуы мүмкін. Ақыл-ой бұзылыстары орташа түрдегі 
білім алушылар еңбекке даярлау пәндері бойынша бітіру емтиханын 
тапсырмайды.
82. Зердесі зақымдалған балаларға арналған арнайы мектептің білім 
алушылары екінші жылға (қайта оқуға) қалдырылмайды.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет